fbpx
Курс таңдау

Мектепте алған білімді өмірде қолдану!

08 Қыркүйек 2022
0 865

Мектепте алған білімді өмірде қолдану!

08 Қыркүйек 2022

Оқушы бойында функционалдық сауаттылықты, эмоциялық интеллектті, жиырма бірінші ғасырдың 4K машығын дамыту – орта білім берудегі осы ең озық бағыттарды EDU Stream эксперттері отандық ұстаздарға ұсынады.

2022 жылғы 23 тамызда ҚР Ұлттық кітапханасында Халықаралық EDU Stream білім беру компаниясы Express Publishing баспасымен бірлесіп отандық ұстаздарға арналған жылдық тамыздық конференция өткізді.

Биыл жарияланған тақырып – «Функционалдық сауаттылық сапалы білімнің тұрақты дамуының факторы». 400 жуық педагог, атап айтқанда – әдіскерлік бөлім басшылары, ағылшын тілі, француз тілі ұстаздары және бастауыш сыныптағы музыка пәні мұғалімдері шетелдік һәм отандық эксперттер тәжірибесімен танысты.

– Тамыздық конференция жаңа білім алу, біліктілікті арттыру тұрғысынан алғанда, педагогтарға пайдалы бола алады және солай болуы керек. Біздің конференция сағаттап бітпейтін жиналыс емес, біз инновация, білім, халықаралық тәжірибе әкелеміз. Және жыл сайынғы дәстүрімізден жаңылмай, отандық ұстаздар білім саласындағы әлемдік үздік тәжірибені алсын деп қазақстандық және халықаралық эксперттерді шақырдық, – дейді жоспарымен бөліскен EDU Stream бас директоры Наталья Мұхамеджанова.

Конференция үш секция бойынша: ағылшын тілі ұстаздары, француз тілі ұстаздары және бастауыш сынып ұстаздары болып жеке өтті. Қазақстандық мектеп педагогтары бала өмірде қолдана алатын қандай функционалдық сауаттылық құзырет керек және оны қалай дамыту керегін анықтады.

– Жарияланған тақырып, оқушы өмірінде еркін қолдану үшін, бойында эмоциялық интеллект, функционалдық сауаттылық және жиырма бірінші ғасырдың машығы 4K – коммуникация, коллаборация, сыни ойлау, креатив сияқты басты қабілеттерді қалыптастыруды көздейді. Аталған барлық озық машықты әдетте жекеменшік мектептер оқытады, ал біз оларды Қазақстан мектептеріне әзірлеген ағылшын, француз тілдері оқу-әдістемелік кешеніне және басқа оқулыққа енгізіп қойғанбыз, – деп толықтырды Наталья Мұхамеджанова.

Әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті бала оқыту жөнінен тәжірибесімен бөлісуге шақырылған эксперттер тақырыбы:

«Ағылшын тілі сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту». Эксперт: Боб Оби, Smiles 1 for Kazakhstan оқулығының авторы, Кембридж бен Express Publishing баспаларының ағылшын тілінен көптеген оқулығы мен ОӘҚ авторы, IELTS емтихан алушы.

«EDU Stream компаниялар тобының әдеби оқулығы арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту». Эксперт: Сайлаубекова Диляфруз, «EDU Stream» ЖШС даму және сараптама жөнінде академиялық директоры

«21-ғасыр машығы: қалай, не үшін және кімге арналған?» Эксперт: Жантемірова Дана, «Сапалы Білім Баспасы» ЖШС директоры

«Функционалдық сауаттылық: Қазақстан мен шетелдік тәжірибенің салыстырмалы анализі». Эксперт: Алыбаева А., «Сапалы Білім Баспасы» ЖШС әдістемелік жұмыс және инновациялық даму жөнінде жетекшісі

«Гуманитарлық кезең сабағында эмоциялық интеллектті дамыту». Эксперт: Сағымбаева Г., Адамның гармониялық дамуы ұлттық институтының Даму және әдістемелік қамту департаментінің директоры

«Бастауыш сыныпта 4К құзыретін қалыптастыру». Эксперт: Кайдакова В., «Өрлеу» АҚ Алматы қ. бойынша филиалы

– «Француз тілі сабағында оқушыда коммуникативтік қабілет қалыптастыру». Эксперт:  Фаизова Камиля, филология ғылымдарының кандидаты, Француз тілі ұстаздары қауымдастығының құрметті президенті.

 

0 865

Пікірлер

Біздегі соңғы айдағы оқиғалар, қараңыз

“Edustream” әдіскерлерінің шеберлік сабағы

Бүгінгі мектеп ұстазы балаға біліммен қатар 21 ғасырдың машығы – коммуникацияшыл, креатившіл, …

Оқу
Академический директор «Express Publishing» Джордж Коколас выступил на семинарах в Казахстане

С целью совершенствования педагогического мастерства учителей английского языка по использованию различных методик, …

Оқу
Edustream компаниясы Қарағанды қаласы мен облысындағы мектептерге оқулықтарды сыйлады

Қарағанды қаласы мен облысындағы мұғалімдерді оқу материалдармен әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында 2-ші …

Оқу
Express Publishing баспасының дәріс беруші Дэниел Мориспен тегін онлайн вебинар-тренингі

2022 жылдың 30 қыркүйегінде ҚР жоғары оқу орындарының ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған …

Оқу
Жыл сайынғы Республикалық театрландырылған бейне қойылымдардың «WonderFest» фестивалі басталды!

«Оқуға құштар мектеп», «Балалар мен театрлар» жобалары аясында өскелең ұрпақты кітап оқуға …

Оқу
«Ағылшын тілін оқытудағы жаңа ресурстар» атты әдістемелік конференция

Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы 2022 жылдың 15 қыркүйегінде …

Оқу
Казахские дети на выставке в Австрии

Впервые в Вене в рамках недели культурных мероприятий «One world. New generation» …

Оқу

Мүмкін Сізге біздің мақалалар қызықты болар

АУЫЛ ҰСТАЗЫ – ЭКСПЕРТ 

Дене шынықтырудан сабақ беремін деп филологтан бірақ шықты. Танысып қойыңыздар, «Edu Stream» …

Оқу
0
0
Английский и настольные игры.

Выучить, вызубрить – старая школа. Мы в Edustream за современный подход. Дети …

Оқу
0
109
Английский против альцгеймера

Как отсрочить слабоумие с помощью английского языка? Эффективен ли способ борьбы с …

Оқу
0
145
Академический директор «Express Publishing» Джордж Коколас выступил на семинарах в Казахстане

С целью совершенствования педагогического мастерства учителей английского языка по использованию различных методик, …

Оқу
0
288
Edustream компаниясы Қарағанды қаласы мен облысындағы мектептерге оқулықтарды сыйлады

Қарағанды қаласы мен облысындағы мұғалімдерді оқу материалдармен әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында 2-ші …

Оқу
1
367
«Ағылшын тілін оқытудағы жаңа ресурстар» атты әдістемелік конференция

Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы 2022 жылдың 15 қыркүйегінде …

Оқу
0
642
Мектепте алған білімді өмірде қолдану!

Оқушы бойында функционалдық сауаттылықты, эмоциялық интеллектті, жиырма бірінші ғасырдың 4K машығын дамыту …

Оқу
0
866

Введите корректный номер!

Введите корректный email!

;