EduStream – шет тілі мен
шетелде білім алудағы
Сіздің жолсерігіңіз
2014 жылдан бері ересектер мен балаларға шет тілін меңгеруге көмектесіп, оқушыларды шетелдік ЖОО орналастырамыз, ағылшын тілінен кітап шығарамыз.
-
-
-
-
біздің кітаппен оқиды
2 минутта біліңіз
Даму тарихы
EduStream - бұл ірі қайырымдылық жобалар
- OPEN MIND
- AWARD CEREMONY
- Wonder Fest
Орталық 2019 жылы Елорданың әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасы балаларына теңдесі жоқ «Open Mind» жобасын жүзеге асырды.
Бір жарым мың бала ағылшынды ең озық әдіспен 4 ай бойы тегін оқыды. Бұл үшін жүзге жуық ұстаз әзірленді.
Курс аяқталғанда барлығы тест пен емтихан тапсырды.Нәтижесінде алты жеңімпаз — Аянат Сәби, Әділ Әлімтай, Әзиза Хабиболлақызы, Антон Кирпиченко, Айғаным Жасұзақ, Аяулым Әбілезова Англияға екі апталық каникулға барды, ал олардың ұстаздары британдық «Express Publishing» баспасының шығыс-еуропалық кеңсесінде біліктілігін арттырды.
EduStream оқу орталығы тілді «Express Publishing» баспасының базалық білім беру кешені бойынша оқытатын ағылшын мен пән мұғалімдеріне және оқушыларға бірнеше жылдан бері республикалық конкурс өткізіп келеді.
2019 жылы оған Қазақстанның барлық түкпірінен 1000 ұстаз бен 300 оқушы ат салысты. Қатысқандар ынталандыратын эссе жазып, сабақты, өзін таныстыруды, тест өткендерін бейнероликке түсірді. Бұл Шекспир тілін Қазақстанның ең шалғай жерінде оқытатын және оқитын еліміздің аты шықпаған батырлары.
2019 жылы конкурсқа жаңашылдар – химия, биология, физика, информатика мен математиканы ағылшынша оқытатын ұстаздар мен олардың оқушылары алғаш рет қатысты. Ішіндегі үздігі Елордада өткен AWARD финалисттерді марапаттау салтанатына шақырылды.
Жыл соңында кезекті конкурс басталып, жеңімпаздар 2020 жылы наурызда марапатталды.
«Wonder Fest» – Қазақстанда мектеп театрларының фестивалі.
EduStream оқу орталығы оқушылар арасында ағылшынша театр өнерінің «Wonder Fest» халықаралық фестивалін Қазақстанда төрт жылдан бері өткізіп келеді. Жас актерлар барлық сценарий өзегін халықаралық «Express Publishing» баспасының қосымша оқуға арналған ағылшын тілі кітабынан алады.
Балалар танымал «The Magic of Oz», «Rapunzel», «Beauty and the Beast», «Aladdin and the magic lamp», «Cinderella», «Sleeping Beauty» және басқа ертегіден кәсіби қойылым ұсынады. Олардың сахнадағы өнерін кәсіпқой қазылар алқасы – әкімшілік, білім басқармасының өкілдері, актерлар мен «EduStream» халықаралық білім беру орталығының ұстаздары бағалайды.
Шағын спектакль алты категориямен бағаланады, оның ішінде Шекспир тілін білу де бар. Шоу үнемі жарқыраған костюм, сценография, музыкалық сүйемелдеумен өтіп, біраз көрермен жинайды.
Және жұлдыз қонақтар
Компания басшылығы
EduStream тіл мектебінің
тәжірибесі мол және біліктілігі жоғары ұстазы
-
John Derrick
Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі
-
Анастасия Васильева
Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі
-
Сәуле Әлімғазы
Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі
-
Precious Ubaka Spik
Нұр-Сұлтандағы ағылшын тілі мұғалімі
-
Салтанат Әлімқұлова
Нұр-Сұлтандағы ағылшын тілі мұғалімі
-
Жазира Сабекова
Нұр-Сұлтандағы ағылшын тілі мұғалімі
-
Екатерина Фролова
Астанадағы ағылшын тілі мұғалімі
-
Қамарсұлу Тасан
Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі
-
Айша Бейсенова
Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі
-
Арыстанбек Айым Кайраткызы
Ағылшын тілі мұғалімі
-
Акшолпан Шораева
Ағылшын тілі мұғалімі
-
Алина
Ағылшын тілі мұғалімі
John Derrick
Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі
– Нi! How are you? – күлімкөз Джон Деррик қашанда осылай бірінші амандасады. Және оның «How are you?» деген сұрағына жауап бермеу мүмкін емес, себебі ол шынымен де сенің қал-жағдайыңды білгісі келіп тұрады. Джон халықаралық “Edu Stream” оқу орталығының мақтанышы. Ол кез келген жастағы студенттерді оқытады. Әріптестер арасында беделді.
Бұл ұстаздың ерекшелігі — халықаралық IELTS емтиханына дайындайды. Шәкірттерінің орташа баллы – 6.0-6.5. Мистер Дерек халықаралық TESOL (USA, South East Missouri state university)сертификатының иегері.
Джон Деррик Тионгсон Филиппиннің тумасы. Алматыға отбасымен көшіп келген. Оған дейін Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияның түрлі елінде әртүрлі салада жұмыс істеді. Бизнес саласында тренер ретінде тәжірибе жинаған ол, ағылшын тілінен сабақ беріп көруді шешкен.
2000 жылдың басында Азияда ағылшын тілінің ұстазына сұраныс жоғары еді, сондықтан ол бұған мүмкіндік, сондай-ақ болашақта кемелденуге апарар жол деп қарады. Қазақстанға келе сала біздің Edu Stream оқу орталығының директоры Наталья Мұхамеджанованың командасына тап болды да, бізбен қалды – бұған әріптестері мен оқушылары өте қуанды. Джонның сабағына келіңіз!
Анастасия Васильева
Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі
Біздің бірегей ұстазымыз Анастасия Васильевамен танысып қойыңыз! Британияға сіңгені соншалықты, келбеті Мэри Поппинске ұқсайтын қыз.
– Кемелденген Мисс емес, жинақы ледидің кейіпін киген сияқтымын, – дейді Анастасия. – Маған ағылшын мәдениетіне қатысты болған ұнайды, сүйікті кейіпкерлерім көбіне детектив Шерлок Холмс пен Агата Кристи және олардың бастан кешкені. Сол бір қамалдар, винтаж, тәкәппар британдықтар, көлемді перделер мен қараңғы бөлмелер атмосферасын ұнатамын. Ағылшын арқылы Ұлыбританияға жақындай түсемін, себебі тіл арқылы халықтың ғасырлар бойы жиған ақпаратын аламыз, оларға жақындай түсеміз, бір табан жоғарылаймыз.
Ағылшынды Анастасия өте ерте оқи бастады. Оның анасы – ағылшын мұғалімі, сол себепті жолын қуды. Дәріс беруді студент кезінен бастаған ол, енді өмірін мектепсіз елестете алмайды. Шет тілінен сабақ бергеніне 20 жылдай болды. Тіл оқыту аясы: General English, Business English, Translating practice.
– Мен үшін ұжым бір мақсатты көздеген, жұмысы жолға қойылған біртұтас ағза іспеттес. Ұстаздық етугеді мықты жағым – мақсатқа және оқушыларымның сұранысына сай бейімделу, сабақта жайлы атмосфера қалыптастыру арқылы олар қайтып келгісі, оқығысы келетін сезім ұялату. Өзімді үнемі дамыту арқылы оқушыларыма өзекті білім беруге тырысамын. Саяхатты – жаңа белеске жеткенді жаным сүйеді; Ұлыбританияда кемінде жарты жыл болсам деген арманым бар.
Жақында келгеніне қарамастан, Анастасия орталығымыздың өн бойы озығы. Балалар бұл ледиді пір тұтады. Сіз де тыңдап көріңіз!
Сәуле Әлімғазы
Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі
Бірнеше тіл білетін адам жүйке күйзелісіне, деменция мен Альцгеймер ауруына ұшырамайтынын біліп пе едіңіз. Ондай адам өнертапқыш, алғыр әрі тапқыр келеді, олардың жады мықты, ортаға тез бейімделеді де, сәйкесінше өзгеге қарағанда табыстырақ.
Мектебіміздің ұстаздары кемінде үш тіл біледі. Мысалы, Сәуле Әлімғазының ана тілі қазақ тілі болса, орысша сөйлесіп, ағылшынша ойлайды. Қазақ тілі мен әдебиетінен 35 жыл сабақ берген анасының арқасында мұғалімдікке келді. Сәуле де баламен жұмыс істегенді ұнатады. Еңбек жолын Англиядағы жазғы тіл лагерінен бастаған.
– Менің басты қасиетім – талапшылмын, бұған оқушыларым да риза. Әрі мен әуесқоймын, және табыс кәсібіңді ұнатқанда келеді деп есептеймін. Музыка сияқты ағылшын тіліне де құштармын. Сол себепті кейде сабағымда классика, рэп, рокты шырқап жіберемін. Стингтің әндерін өте жақсы көремін, оның сөздері мен әні тіл үйренгенге мінсіз, неге десеңіз таза британдық сарында.
Өз кәсібіне осынша ғашық ұстазбен тіл үйренгіңіз келсе, бізге жазылыңыз!
Precious Ubaka Spik
Нұр-Сұлтандағы ағылшын тілі мұғалімі
Бұл ұстазымыздың басты ерекшелігі – ағылшын тілін өте үйренгің келетіндей еліктірер атмосфера тудыратыны. Ол тамаша мотиватор.
Оның туған жері Нигерия мен Ямайка. Соңғысы мінезінен байқалады – Прэшэс ашық, жылы шырайлы және тартымды адам. Қазақстанға 3 жыл бұрын ол туған тілін жерлестерімізбен бөлісу мақсатында келген. БАӘ беделді мектептерінде жұмыс істеген тәжірибесі бар.
Оқушы ағылшын тілінің ең қиын деген тақырыбын оңай меңгеру үшін, Прэшэс сабағында өзінің арнайы оқу әдіс-тәсілін қолданады.
Командалық жұмысты тамаша ұйымдастыратыны сонша, сыныптағы оқушылардың барлығы сабаққа кірісіп кетеді. Нәтижесінде коммуникациялық дағды дамып, грамматика меңгеріледі, және әрине сөйлесудегі кедергі жойылады.
Салтанат Әлімқұлова
Нұр-Сұлтандағы ағылшын тілі мұғалімі
2008 жылы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін «Шетел филологиясы: екі шетел тілі» мамандығы бойынша бітіріп, “филолог, ағылшын және француз тілдерінің оқытушысы” біліктілігін алды. 2012 жылы гуманитарлық ғылымдар магистрі ғылыми дәрежесі берілді. Орыс, қазақ, ағылшын және француз тілдерін меңгерген. Педагогикалық өтілі – 12 жыл.
Сабақтарды әртүрлі оқыту түрлерін тиімді қолдана отырып, тиісті әдістемелік деңгейде өткізеді. Жұмыс істеген жылдар ішінде зерттеудің жекелеген нәтижелері ғылыми-практикалық конференцияларда, студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстарының халықаралық конкурстарында апробацияланды, және «European Researcher» импактфакторы бар халықаралық мультидисциплинарлық екі тілді ғылыми журналда жарияланды.
Үш тілде екі сөздік, электронды оқулық, әдістемелік ұсыныстар шығарылды. Білім берудің негізгі іргетасы – оқушыға өз мүмкіндіктеріне сеніп, өзін табуға, қабілеттерін ашуға көмектесу.
Жазира Сабекова
Нұр-Сұлтандағы ағылшын тілі мұғалімі
Сабекова Жазира Ундирбековна ағылшын тілі пәні мұғалімі лауазымында EduStream компаниясында жұмыс істейді. Оқушы кезінде ағылшын тіліне қатты қызығып, кейінгі уақытта осы тілді еркін меңгеруге бел буды. Бакалавр дәрежесін Шымкент қаласында, ал магистр дәрежесін Астана қаласында меңгерді.
2013 жылы “Болашақ” халықаралық бағдарламасы бойынша Швейцарияда оқыды. TKT, CLIL сертификаттарының иегері. 2019 жылы CELTA курсынан өтті.
Алдағы уақытта LanguageCERT емтиханын сәтті тапсыруға ниеттеніп жүр. Ағылшын тілін оқыту методикасы жайлы әдебиетті оқығанды ұнатады. Әрдайым жаңа қабілеттер мен білім ізденісінде.
Екатерина Фролова
Астанадағы ағылшын тілі мұғалімі
Екатерина педагогикалық университетті «ағылшын филологиясы» мамандығы бойынша үздік бітірді. Ағылшынын Еуропаға барып шыңдаған. Кейін репетиторлық етті, SOS балалар ауылында сабақ берді, тіл лагерлерінде жұмыс істеді. Жасы мен тіл деңгейі әртүрлі студенттермен жұмыс жүргізген тәжірибелі маман.
Көп уақытын Екатерина мамандандырылған тренингтер мен вебинарларға арнайды, себебі табысты ұстаз болу үшін, кәсіби тұрғыда үнемі шыңдалып отыру керектігіне кәміл сенеді.
Мектебіміздің сабағында Екатерина тіл оқытудың барлық аясын: өзекті материалды, ойынды, заманауи техника мен әдісті қолдану арқылы жұмыс істейді. Дәріс кезінде ақ пейілділік танытып, жақсы нәтижеге жеткізеді. Ол шет тілін оқу үрдісі қызықты әрі еліктіретіндей болуы керек екеніне сенімді. Сондай-ақ бұл жаңа мәдениетпен танысатын мүмкіндік, сондықтан сабақта мақала, өлең, подкаст және видео қолданылады.
Қамарсұлу Тасан
Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі
Жас ұстаз, балаларға коммуникативтік әдіспен ағылшын оқытады. Сүлейман Демирел ат. университетті «екі шет тілі – ағылшын және француз» мамандығы бойыша тәмамдаған. Қазіргі таңда ҚазҰУ магистр деңгейін осы мамандық бойынша меңгеріп жатыр. Жұмыс өтілі 4 жылдан асады.
Айша Бейсенова
Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі
Айша Бейсенова CELTA (ITI, Ыстанбұл, 2020) дәрежесі бар ұстаз. Халықаралық Назарбаев зияткерлік мектебі және Британдық Haileybury мектебінде тәжірибе жинаған. Абылай Хан ат. Қазақ Мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген. Баланың жылдам оқуы, есте сақтау қабілетімен және ерте дамуымен жұмыс жөнінде курстан өткен. Бүгінгі таңда CELT-P (Cambridge Assessment English) және Сыни тұрғыда ойлау жөнінде (University of Aukland) бағдарламаларды онлайн оқып жатыр.
CeltP бұл балаларға ағылшын оқыту – certificate of English language teaching – Primary (бастауыш мектеп).

Арыстанбек Айым Кайраткызы
Ағылшын тілі мұғалімі
Сәлеметсіз бе, менің атым Арыстанбек Айым Қайратқызы. Мен “Edustream” орталығында ағылшын тілі мұғалімімін.
Менің мамандығым маған өте ұнайды. Мен оқушылармен сөйлескенді, олармен өз білімімді бөліскенді ұнатамын. Менің берген білімім түрлі саладағы адамдарға көмектесетіні мені қуантпай қоймайды. Ұстаз ретінде мен де шәкірттерімнен көп нәрсені үйренемін. Алған білімдері болашақта пайдалы болуы үшін әр сабағымды ерекше етіп өткізуге тырысамын. Өз басыма келгенде, мен кітап оқығанды, Netflix-ті жақсы көремін) Сондай-ақ мен қайта өңдеумен белсенді айналысамын. Рахмет!

Акшолпан Шораева
Ағылшын тілі мұғалімі
Шораева Ақшолпан – аударма ісі магистрі. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ілеспе аударма кафедрасында қызмет етті.
Түрлі сертификаттар мен дипломдар иесі. «Эрудит», «Bilimaynasi.kz», «Инфоурок», «RVO.kz» және «Qaztest» білім сайттарынан түрлі сертификаттар алды. «Үздік ұстаз» және «Ozattar» медальдарының иегері. «Ozattar энциклопедиясы» директорының Құрмет грамотасын алды, «Қазақстанның үздік мұғалімдер энциклопедиясы» тізіміне енді. «Қазақстандағы үштілді білім беру» мақаласы үшін Құрмет грамотасын алды.
Еңбек өтілі – 15 жылдан астам. Түрлі онлайн оқыту курстарын бітірген.

Алина
Ағылшын тілі мұғалімі
Алина являются преподавателем английского языка в Лингвистическом центре «Edustream».
“Я преподаю английский уже несколько лет. Мне нравится преподавать, так как я тоже многое узнаю. С первого класса я училась на английском языке. В совершенстве знаю английский язык, русский язык и урду(пакистанский язык), изучаю французский и арабский язык.
Я очень общительный человек. У меня много друзей разных национальностей. Ещё я увлекаюсь психологией. Так же я люблю спорт, музыку, читать, рисовать и писать свою книгу.
Я быстро обучусь всему новому:)“
01 / 05
Құрғақ жаттаудың орнына - прогрессивті әдістерді қолданамыз
Британдық Express Publishing баспасының бірегей әдісімен және оқу материалымен жұмыс істейміз.
-
2014 жылдан бері серіктеспіз
әрі бірге кітап шығарамыз -
Қазақстан оқушыларына арналған
25 астам оқулық шығардық -
Бастауыш сынып оқулықтары ҚР БҒМ
тарапынан базалық ретінде ұсынылған
Бәрін өз көзіңізбен көріңіз
Мектебімізге келіп, ірі оқиғалар атмосферасын сезініңіз де, бізбен жақын танысыңыз. Өтініш қалдырыңыз, біз Сізге жақын күнгі шарамызға жеке шақыру билетін жібереміз.
Біз 2018 жылы студенттерді Австрия ЖОО түсуге әзірлеу
және қолдау үшін Вена орталығынан Тіл мектебін аштық
880 астам талапкерді шетелдік ЖОО орналастырдық
EduStream марапаттары мен жетістіктері
Жаңалығымызға жалыңыз
EduStream пайдалы әрі қызықты материалын поштаңызға алып тұрыңыз. Енді ешнәрсені жіберіп алмайсыз!