fbpx
Курс таңдау

Алматы мен Нұр-Сұлтанда:
ересектерге арналған ағылшын тілі курстары

  • Құрғақ жаттаудың орнына прогрессивті әдістер ұсынамыз
  • Алға қойған мақсаттарға жылдам қол жеткізесіз
  • Кез келген деңгейден бастап оқытамыз
  • Төл тілде сөйлейтін мұғалімнен – кепілді нәтиже

Бірінші сабақты тегін байқап көріңіз!

Сынақ сабағына өтініш қалдырып, біздің мектеппен жақынырақ танысыңыз

жазылу

EduStream орталығымен мақсатқа бірге жетіп, арманыңызды орындаңыз

  • Кәсіби біліктілік және мансап жолы

    Жұмыс берушінің алдында құнды қызметкер болам десеңіз, ағылшын тілін үйреніңіз. Ағылшын тілін меңгерген мамандар өзге қызметкерлерден қашанда көш ілгері жүреді.

  • Ағылшын тілді елдерге қоныс аудару

    АҚШ-та, Еуропа елдерінде өмір сүру деңгейі жоғары әрі сапалы. Бұл елдер шетелдік азаматтар үшін ашық, бірақ ағылшын тілін білу – міндетті шарт.

  • Саяхатқа шыққанда шетелдіктермен емін-еркін араласып, сөйлесе аласыз.

    Ағылшын тілінің халықаралық мәртебесі бар: адамға еркіндік сыйлайды. Сіз қай елде жүрсеңіз де, жұртпен еркін сөйлесіп, тілдесе аласыз.

  • Өз-өзіңізді шыңдап, дамыту, жетілдіру

    ғылыми материалдар, оқыту бағдарламалары сынды көптеген пайдалы да сапалы контент әдетте ағылшын тілінде жарық көреді. Ағылшын тілін білу – заманға сай болу деген сөз.

Ересектерге арналған біздің курстар

01 / 07

Ағылшын тілін заманға сай прогрессивті әдістер негізінде оқытамыз.

01 / 03

Сіздерге біздің тәжірибелі мұғалімдер сабақ береді

  • John Derrick

    Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі

  • Анастасия Васильева

    Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі

  • Сәуле Әлімғазы

    Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі

  • Precious Ubaka Spik

    Нұр-Сұлтандағы ағылшын тілі мұғалімі

  • Салтанат Әлімқұлова

    Нұр-Сұлтандағы ағылшын тілі мұғалімі

  • Жазира Сабекова

    Нұр-Сұлтандағы ағылшын тілі мұғалімі

  • Екатерина Фролова

    Астанадағы ағылшын тілі мұғалімі

  • Қамарсұлу Тасан

    Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі

  • Айша Бейсенова

    Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі

  • Арыстанбек Айым Кайраткызы

    Ағылшын тілі мұғалімі

  • Акшолпан Шораева

    Ағылшын тілі мұғалімі

  • Алина

    Ағылшын тілі мұғалімі

John Derrick

Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі

– Нi! How are you? – күлімкөз Джон Деррик қашанда осылай бірінші амандасады. Және оның «How are you?» деген сұрағына жауап бермеу мүмкін емес, себебі ол шынымен де сенің қал-жағдайыңды білгісі келіп тұрады. Джон халықаралық “Edu Stream” оқу орталығының мақтанышы. Ол кез келген жастағы студенттерді оқытады. Әріптестер арасында беделді.

 

Бұл ұстаздың ерекшелігі — халықаралық IELTS емтиханына дайындайды. Шәкірттерінің орташа баллы – 6.0-6.5. Мистер Дерек халықаралық TESOL (USA, South East Missouri state university)сертификатының иегері.

 

Джон Деррик Тионгсон Филиппиннің тумасы. Алматыға отбасымен көшіп келген. Оған дейін Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияның түрлі елінде әртүрлі салада жұмыс істеді. Бизнес саласында тренер ретінде тәжірибе жинаған ол, ағылшын тілінен сабақ беріп көруді шешкен.

 

2000 жылдың басында Азияда ағылшын тілінің ұстазына сұраныс жоғары еді, сондықтан ол бұған мүмкіндік, сондай-ақ болашақта кемелденуге апарар жол деп қарады. Қазақстанға келе сала біздің Edu Stream оқу орталығының директоры Наталья Мұхамеджанованың командасына тап болды да, бізбен қалды – бұған әріптестері мен оқушылары өте қуанды. Джонның сабағына келіңіз!

Толығырақ

Анастасия Васильева

Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі

Біздің бірегей ұстазымыз Анастасия Васильевамен танысып қойыңыз! Британияға сіңгені соншалықты, келбеті Мэри Поппинске ұқсайтын қыз.

 

– Кемелденген Мисс емес, жинақы ледидің кейіпін киген сияқтымын, – дейді Анастасия. – Маған ағылшын мәдениетіне қатысты болған ұнайды, сүйікті кейіпкерлерім көбіне детектив Шерлок Холмс пен Агата Кристи және олардың бастан кешкені. Сол бір қамалдар, винтаж, тәкәппар британдықтар, көлемді перделер мен қараңғы бөлмелер атмосферасын ұнатамын. Ағылшын арқылы Ұлыбританияға жақындай түсемін, себебі тіл арқылы халықтың ғасырлар бойы жиған ақпаратын аламыз, оларға жақындай түсеміз, бір табан жоғарылаймыз.

 

Ағылшынды Анастасия өте ерте оқи бастады. Оның анасы – ағылшын мұғалімі, сол себепті жолын қуды. Дәріс беруді студент кезінен бастаған ол, енді өмірін мектепсіз елестете алмайды. Шет тілінен сабақ бергеніне 20 жылдай болды. Тіл оқыту аясы: General English, Business English, Translating practice.

 

– Мен үшін ұжым бір мақсатты көздеген, жұмысы жолға қойылған біртұтас ағза іспеттес. Ұстаздық етугеді мықты жағым – мақсатқа және оқушыларымның сұранысына сай бейімделу, сабақта жайлы атмосфера қалыптастыру арқылы олар қайтып келгісі, оқығысы келетін сезім ұялату. Өзімді үнемі дамыту арқылы оқушыларыма өзекті білім беруге тырысамын. Саяхатты – жаңа белеске жеткенді жаным сүйеді; Ұлыбританияда кемінде жарты жыл болсам деген арманым бар.

 

Жақында келгеніне қарамастан, Анастасия орталығымыздың өн бойы озығы. Балалар бұл ледиді пір тұтады. Сіз де тыңдап көріңіз!

Толығырақ

Сәуле Әлімғазы

Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі

Бірнеше тіл білетін адам жүйке күйзелісіне, деменция мен Альцгеймер ауруына ұшырамайтынын біліп пе едіңіз. Ондай адам өнертапқыш, алғыр әрі тапқыр келеді, олардың жады мықты, ортаға тез бейімделеді де, сәйкесінше өзгеге қарағанда табыстырақ.

 

Мектебіміздің ұстаздары кемінде үш тіл біледі. Мысалы, Сәуле Әлімғазының ана тілі қазақ тілі болса, орысша сөйлесіп, ағылшынша ойлайды. Қазақ тілі мен әдебиетінен 35 жыл сабақ берген анасының арқасында мұғалімдікке келді. Сәуле де баламен жұмыс істегенді ұнатады. Еңбек жолын Англиядағы жазғы тіл лагерінен бастаған.

 

– Менің басты қасиетім – талапшылмын, бұған оқушыларым да риза. Әрі мен әуесқоймын, және табыс кәсібіңді ұнатқанда келеді деп есептеймін. Музыка сияқты ағылшын тіліне де құштармын. Сол себепті кейде сабағымда классика, рэп, рокты шырқап жіберемін. Стингтің әндерін өте жақсы көремін, оның сөздері мен әні тіл үйренгенге мінсіз, неге десеңіз таза британдық сарында.

 

Өз кәсібіне осынша ғашық ұстазбен тіл үйренгіңіз келсе, бізге жазылыңыз!

Толығырақ

Precious Ubaka Spik

Нұр-Сұлтандағы ағылшын тілі мұғалімі

Бұл ұстазымыздың басты ерекшелігі – ағылшын тілін өте үйренгің келетіндей еліктірер атмосфера тудыратыны. Ол тамаша мотиватор.

 

Оның туған жері Нигерия мен Ямайка. Соңғысы мінезінен байқалады – Прэшэс ашық, жылы шырайлы және тартымды адам. Қазақстанға 3 жыл бұрын ол туған тілін жерлестерімізбен бөлісу мақсатында келген. БАӘ беделді мектептерінде жұмыс істеген тәжірибесі бар.

 

Оқушы ағылшын тілінің ең қиын деген тақырыбын оңай меңгеру үшін, Прэшэс сабағында өзінің арнайы оқу әдіс-тәсілін қолданады.

 

Командалық жұмысты тамаша ұйымдастыратыны сонша, сыныптағы оқушылардың барлығы сабаққа кірісіп кетеді. Нәтижесінде коммуникациялық дағды дамып, грамматика меңгеріледі, және әрине сөйлесудегі кедергі жойылады.

Толығырақ

Салтанат Әлімқұлова

Нұр-Сұлтандағы ағылшын тілі мұғалімі

2008 жылы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін «Шетел филологиясы: екі шетел тілі» мамандығы бойынша бітіріп, “филолог, ағылшын және француз тілдерінің оқытушысы” біліктілігін алды. 2012 жылы гуманитарлық ғылымдар магистрі ғылыми дәрежесі берілді. Орыс, қазақ, ағылшын және француз тілдерін меңгерген. Педагогикалық өтілі – 12 жыл.

 

Сабақтарды әртүрлі оқыту түрлерін тиімді қолдана отырып, тиісті әдістемелік деңгейде өткізеді. Жұмыс істеген жылдар ішінде зерттеудің жекелеген нәтижелері ғылыми-практикалық конференцияларда, студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстарының халықаралық конкурстарында апробацияланды, және «European Researcher» импактфакторы бар халықаралық мультидисциплинарлық екі тілді ғылыми журналда жарияланды.

 

Үш тілде екі сөздік, электронды оқулық, әдістемелік ұсыныстар шығарылды. Білім берудің негізгі іргетасы – оқушыға өз мүмкіндіктеріне сеніп, өзін табуға, қабілеттерін ашуға көмектесу.

Толығырақ

Жазира Сабекова

Нұр-Сұлтандағы ағылшын тілі мұғалімі

Сабекова Жазира Ундирбековна ағылшын тілі пәні мұғалімі лауазымында EduStream компаниясында жұмыс істейді. Оқушы кезінде ағылшын тіліне қатты қызығып, кейінгі уақытта осы тілді еркін меңгеруге бел буды. Бакалавр дәрежесін Шымкент қаласында, ал магистр дәрежесін Астана қаласында меңгерді.

 

2013 жылы “Болашақ” халықаралық бағдарламасы бойынша Швейцарияда оқыды. TKT, CLIL сертификаттарының иегері. 2019 жылы CELTA курсынан өтті.

 

Алдағы уақытта LanguageCERT емтиханын сәтті тапсыруға ниеттеніп жүр. Ағылшын тілін оқыту методикасы жайлы әдебиетті оқығанды ұнатады. Әрдайым жаңа қабілеттер мен білім ізденісінде.

Толығырақ

Екатерина Фролова

Астанадағы ағылшын тілі мұғалімі

Екатерина педагогикалық университетті «ағылшын филологиясы» мамандығы бойынша үздік бітірді. Ағылшынын Еуропаға барып шыңдаған. Кейін репетиторлық етті, SOS балалар ауылында сабақ берді, тіл лагерлерінде жұмыс істеді. Жасы мен тіл деңгейі әртүрлі студенттермен жұмыс жүргізген тәжірибелі маман.

 

Көп уақытын Екатерина мамандандырылған тренингтер мен вебинарларға арнайды, себебі табысты ұстаз болу үшін, кәсіби тұрғыда үнемі шыңдалып отыру керектігіне кәміл сенеді.

 

Мектебіміздің сабағында Екатерина тіл оқытудың барлық аясын: өзекті материалды, ойынды, заманауи техника мен әдісті қолдану арқылы жұмыс істейді. Дәріс кезінде ақ пейілділік танытып, жақсы нәтижеге жеткізеді. Ол шет тілін оқу үрдісі қызықты әрі еліктіретіндей болуы керек екеніне сенімді. Сондай-ақ бұл жаңа мәдениетпен танысатын мүмкіндік, сондықтан сабақта мақала, өлең, подкаст және видео қолданылады.

Толығырақ

Қамарсұлу Тасан

Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі

Жас ұстаз, балаларға коммуникативтік әдіспен ағылшын оқытады. Сүлейман Демирел ат. университетті «екі шет тілі – ағылшын және француз» мамандығы бойыша тәмамдаған. Қазіргі таңда ҚазҰУ магистр деңгейін осы мамандық бойынша меңгеріп жатыр. Жұмыс өтілі 4 жылдан асады.

Толығырақ

Айша Бейсенова

Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі

Айша Бейсенова CELTA (ITI, Ыстанбұл, 2020) дәрежесі бар ұстаз. Халықаралық Назарбаев зияткерлік мектебі және Британдық Haileybury мектебінде тәжірибе жинаған. Абылай Хан ат. Қазақ Мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген. Баланың жылдам оқуы, есте сақтау қабілетімен және ерте дамуымен жұмыс жөнінде курстан өткен. Бүгінгі таңда CELT-P (Cambridge Assessment English) және Сыни тұрғыда ойлау жөнінде (University of Aukland) бағдарламаларды онлайн оқып жатыр.

 

CeltP бұл балаларға ағылшын оқыту – certificate of English language teaching – Primary (бастауыш мектеп).

Толығырақ

Арыстанбек Айым Кайраткызы

Ағылшын тілі мұғалімі

Сәлеметсіз бе, менің атым Арыстанбек Айым Қайратқызы. Мен “Edustream” орталығында ағылшын тілі мұғалімімін.
Менің мамандығым маған өте ұнайды. Мен оқушылармен сөйлескенді, олармен өз білімімді бөліскенді ұнатамын. Менің берген білімім түрлі саладағы адамдарға көмектесетіні мені қуантпай қоймайды. Ұстаз ретінде мен де шәкірттерімнен көп нәрсені үйренемін. Алған білімдері болашақта пайдалы болуы үшін әр сабағымды ерекше етіп өткізуге тырысамын. Өз басыма келгенде, мен кітап оқығанды, Netflix-ті жақсы көремін) Сондай-ақ мен қайта өңдеумен белсенді айналысамын. Рахмет!

Толығырақ

Акшолпан Шораева

Ағылшын тілі мұғалімі

Шораева Ақшолпан – аударма ісі магистрі. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ілеспе аударма кафедрасында қызмет етті.

 

Түрлі сертификаттар мен дипломдар иесі. «Эрудит», «Bilimaynasi.kz», «Инфоурок», «RVO.kz» және «Qaztest» білім сайттарынан түрлі сертификаттар алды. «Үздік ұстаз» және «Ozattar» медальдарының иегері. «Ozattar энциклопедиясы» директорының Құрмет грамотасын алды, «Қазақстанның үздік мұғалімдер энциклопедиясы» тізіміне енді. «Қазақстандағы үштілді білім беру» мақаласы үшін Құрмет грамотасын алды.

 

Еңбек өтілі – 15 жылдан астам. Түрлі онлайн оқыту курстарын бітірген.

Толығырақ

Алина

Ағылшын тілі мұғалімі

Алина являются преподавателем английского языка в Лингвистическом центре «Edustream».

Я преподаю английский уже несколько лет. Мне нравится преподавать, так как я тоже многое узнаю. С первого класса я училась на английском языке. В совершенстве знаю английский язык, русский язык и урду(пакистанский язык), изучаю французский и арабский язык.
Я очень общительный человек. У меня много друзей разных национальностей. Ещё я увлекаюсь психологией. Так же я люблю спорт, музыку, читать, рисовать и писать свою книгу.
Я быстро обучусь всему новому:)

Толығырақ

01 / 05

Апта сайынғы тегін сабақтарда сіз

тіл үйренуге мықты мотивация ала аласыз

  • Huck Days
  • Skill days
  • SPEAKING CLUB

Біздегі Huck days — бұл ағылшын тілі туралы “стереотиптерді бұзу”.

Айына бір рет біз мектепке танымал блогерлерді, маркетологтарды, продюсерлер мен актерларды шақырамыз. Олар біздің оқушыларға арнап шеберлік сабақтарын өткізеді.

Жұлдызды қонақтар оқушылармен жақын араласып,ағылшын тілін қалай және қандай жағдайда қолдана алғандарын әңгімелеп береді.

Маркетолог Слава Неруш, жаңа кезеңде қалай ақша табуға болатынын әңгімелеп берді.

Актер және блогер Ерден Телемісов әлеуметтік желілерде танымал болу, тіпті кино түсіру жолдарын да ортаға салды.

Продюсер Мәдина Әбдірашитова балаларды видео- және фото түсіруге үйретті.

Актриса Әсел Жақсыбаева сахна құпияларымен, әнші Диана Шарапова — вокал шеберлігімен бөлісті.

  • Оқушылар, келген бойда, “Бұл не, хор ма?” деп, аң-таң. Мен де сасып қалдым, – деп әңгімелейді Диана. – Бірақ артынан маған қосылып ән салып, бәрі мәре-сәре болды. Ағылшын тілі мен үшін дүние жүзіне ашылған есік іспетті, мен сол жайында әңгімелеп бердім. Мен үшін басты мотиватор – саяхат, меніңше, көп адамдар шет тілін саяхатқа шығу үшін үйреніп, меңгергенді жөн көреді.

  • Қазір мүмкіндіктер кезеңі, біз үшін бүкіл әлем ашық, – деп әңгімеледі продюсер Мәдина Әбдірашитова. – Бүгін кім де болса өзі жазып, өзі түсіріп, өзі монтаждап, интернетке жүктеп, репортер бола алады. ең бастысы, жалқаулыққа бой бермеу. 

  • Кездесуге келгенімізге түк те өкінбейміз, өте пайдалы, қызықты болды. Демалыс күнін пайдалы да көңілді етіп өткіздік, – деп пікір білдірді кездесуге келген оқушылар.

Толығымен оқу

Skill days — бұл ағылшын тілінен шеберлік деңгейін арттырып, негізгі дағдыларды арттыру деген сөз.

Reading (оқу), Weiting (жазу), Speaking (сөйлеу), Listening skills (тыңдау) – ағылшын тілін меңгерудегі негізгі 4 дағды. Әрқайсысы бөлек шыңдауды қажет етеді.

Белгілі бір дағдыны шыңдау үшін, EduStream оқушылары айына бір рет тегін Skill day сабағына қатыса алады. Бұл күнді ағылшын тілі ана тілі болып табылатын оқытушылар белгілейді.

Skill days оқушыларға алған білімдерін есте сақтап, практикада бекітуге көмектеседі.

  • Оқушылар, келген бойда, “Бұл не, хор ма?” деп, аң-таң. Мен де сасып қалдым, – деп әңгімелейді Диана. – Бірақ артынан маған қосылып ән салып, бәрі мәре-сәре болды. Ағылшын тілі мен үшін дүние жүзіне ашылған есік іспетті, мен сол жайында әңгімелеп бердім. Мен үшін басты мотиватор – саяхат, меніңше, көп адамдар шет тілін саяхатқа шығу үшін үйреніп, меңгергенді жөн көреді.

  • Қазір мүмкіндіктер кезеңі, біз үшін бүкіл әлем ашық, – деп әңгімеледі продюсер Мәдина Әбдірашитова. – Бүгін кім де болса өзі жазып, өзі түсіріп, өзі монтаждап, интернетке жүктеп, репортер бола алады. ең бастысы, жалқаулыққа бой бермеу. 

  • Кездесуге келгенімізге түк те өкінбейміз, өте пайдалы, қызықты болды. Демалыс күнін пайдалы да көңілді етіп өткіздік, – деп пікір білдірді кездесуге келген оқушылар.

Толығымен оқу

Speaking Club — бұл шет тілін белсене меңгеріп, практикада қолданғысы келетіндерге арналған шет тілі клубы.

EduStream оқушылары жас ерекшелігіне және тіл меңгеру деңгейіне қарай бұл клубқа сенбі күні тегін келе алады.

Төл тілде сөйлейтін оқытушылар кездесу өткізіп, әртүрлі тақырыпты талқыға салады: кино, саяхат, мамандықтар, хобби, мереке-мейрам, спорт, кітаптар, т.т. Әр сабақ ағылшын тіліндегі қызықты әңгіме түрінде өтеді.

Біздегі Speaking Club – бұл ағылшын тілін меңгеріп, шыңдаудағы барынша тиімді әрі психологиялық тұрғыда ыңғайлы әдіс.

  • Оқушылар, келген бойда, “Бұл не, хор ма?” деп, аң-таң. Мен де сасып қалдым, – деп әңгімелейді Диана. – Бірақ артынан маған қосылып ән салып, бәрі мәре-сәре болды. Ағылшын тілі мен үшін дүние жүзіне ашылған есік іспетті, мен сол жайында әңгімелеп бердім. Мен үшін басты мотиватор – саяхат, меніңше, көп адамдар шет тілін саяхатқа шығу үшін үйреніп, меңгергенді жөн көреді.

  • Қазір мүмкіндіктер кезеңі, біз үшін бүкіл әлем ашық, – деп әңгімеледі продюсер Мәдина Әбдірашитова. – Бүгін кім де болса өзі жазып, өзі түсіріп, өзі монтаждап, интернетке жүктеп, репортер бола алады. ең бастысы, жалқаулыққа бой бермеу. 

  • Кездесуге келгенімізге түк те өкінбейміз, өте пайдалы, қызықты болды. Демалыс күнін пайдалы да көңілді етіп өткіздік, – деп пікір білдірді кездесуге келген оқушылар.

Толығымен оқу

EduStream курстары ағылшын

тілінен керемет нәтиже береді

  • Ерден Телемисов

    Актер, каскадер

    Менің қызым жыл басынан бері Алматыдағы EduStream мектебінде ағылшынша үйрене бастады. Мұғалімдерге айтар алғысымыз зор: қызым сабаққа шын көңілімен, қуана-қуана барады.

  • Гульназ Кыдырова

    Журналист

    Біраз жыл болды, ұлым Алматыдағы EduStream мектебінде оқып жүр. Бізге бәрі де ұнайды: сабақ барысы да, сабақтан тыс мүмкіндіктер де, оқытушылар да, ұсынылған бағдарламалар да, байқаулар мен жеңілдіктер де, бәрі-бәрі.

  • Kamila Nun

    Нұр-Сұлтан

    Шет тілін оқудың жақсы жолы — бұл Edustream, өзім неше тіл мектебінде оқыдым, бәрінен жақсысы осы Edustream екенін сенімді айта аламын. Ұстаздары өте сауатты және оқушымен тез тіл табысады, бағдарламасы жеңіл және күнде бірнеше сағат отырып материал жаттаудың қажеті жоқ, барлығы сабақта арнайы оқу бағдарламасының арқасында есте қалады.

  • Tim Abdramanov

    Нұр-Сұлтан

    Шет тілін оқығанға тамаша оқу орталығы. Осында оқығаныма 4 ай болды, шағымым жоқ. Ұстаздар, жалпы қызметкерлер жылы жүзді. Ұсынамын:)

  • Миша Шевко

    Нұр-Сұлтан

    Осы курсқа барғаныма 5 ай шамасы болды. Барлығы ұнайды, еш кемшілік жоқ. Ұстаздары сауатты, сабақты қызықты өткізе алады. Орталықта оқуға қажеттінің бәрі бар. Бір сөзбен, ағылшын тілін үйренгісі келетіндерге ұсынарым осы мектеп.

  • Guldana ZHulubayeva

    Нұр-Сұлтан

    Оқушыларды қызық кітаптармен, сондай-ақ мультимедиалық оқу материалымен қамтыған Express Publishing баспасына ерекше алғыс? Алақай!! Грекияға барамын!? Edustream компаниясының Open Mind қайырымдылық жобасы аясында ұстаздар конкурсында жеңіске жеттім. ~EduStreamkz ұйымына шетелге Афины қаласына баруға мүмкіндік бергеніне шексіз алғыс білдіремін. Көп рақмет!!! 63 мектептің ағылшын мұғалімі Гүлдана Алпыспайқызы

  • Аружан Исенәлиева

    Алматы

    Бұл орталықта оқығаныма бір жылдан асты. Ағылшынды 5 жылдай оқып жүрмін, нәтиже берген жалғыз осы орталық. Өте ризамын, оқуымды жалғастырамын. Үйлестіруші Нәзира, өте бауырмал әрі ашық жан, бұл мінсіз ұстазды таңдауға көмектеседі. Орталыққа рақмет!

  • Сымбат Жетпісбаева

    Алматы

    Көп курсқа қатыстым және Салтанат сияқты жақсы түсіндіретін маман кезіккен емес! Бәріне рақмет! Тілі қарапайым, теория мен практика ойын әдісімен етене жүреді ???

  • Samal Saken

    Алматы

    Қазір ағылшын курсын Салтанат деген ұстазбен өтіп жүрмін. Мұғалім әрі адам ретінде ол маған қатты ұнайды☺️ Сабақты жіті түсіндіреді, оқушыларына ұстанымы жақсы ? Болашақта курсты сол кісімен бітірсем деймін ? сондай-ақ аптасына бір рет сабақты John деген ұстаз өткізеді, ол да бәрін жақсы түсіндіреді. Алғашында оны онша түсінбейтінмін ? себебі ол ағылшын тілі иесі, дегенмен кейін мен оны жақсы түсінетін болдым. Менің деңгейіме сай курс таңдап берген Алтын деген менеджерді атап өткім келеді. Қашанда салмақты, бәрін сыпайы түсіндіреді ? Балалар, бәріңе Edustream мектебін ұсынамын, ондағы қызметкерлер өте кәсіпқой, білікті әрі сыпайы. Сіздерді таңдағаныма өкінбеймін! Көркейе беріңіздер ??? your student Saken Samal ?

  • Димаш Мақсұт

    Алматы

    Сапалы қызмет көрсетеді, IELTS-қа 100% дайындайды, ақшасы соған тұрарлық

  • Nurlan Smagulov

    Нұр-Сұлтан

    Бұл оқу орталығы жайлы әсеріммен бөліссем деп едім. Курсқа 2019 жылдың наурызында келдім. Жасым 40 асса да, ағылшынды кез келген жаста үйренуге болатынын түсіндім. Оның үстіне шет тілін оқу, жұмысымдағы талаптың бірі. Бұған қоса Эду Стримде үлкен ұлым мен үлкен қызым да оқып жүр. Қыркүйекте осы тамаша мекеменің босағасын аттағанымызға бір жыл толады. Ең қызығы, шағын тобымыздағы студенттер ішінен мен бір де бір сабақтан қалған емеспін (асырып айтқандық емес). Орталық өз міндетін атқарып, мені мақсатыма - емтиханды тапсыруға әбден дайындап, соңына дейін жеткізбекші. Көз тимесін, ары қарай да тырысамын))) Ұстаздар жас әрі болашағы зор. Тіл иелері де бар. Олардың шыдамдылығына қайранмын: олардың орнында болсам, менің деңгейімдегі ағылшыны бар студенттен баяғыда бас тартар едім. БІРАҚ!!! Олар директордан бастап, қызметкеріне дейін елгезек және кішіпейіл. Бір сөзбен айтқанда, ұсынамын, өкінбейсіз. Өзіңіз, балаңыз, дос, туған және жақындарды алып келіңіз.

  • Ләззат

    Нұр-Сұлтан

    Ағылшын тілін оқып көру сабағына келдік, сол кезден-ақ бәрі түсінікті болды, білім деңгейін анықтадық! Бұған қоса Кітап иелендік!

  • Бекзат К

    Нұр-Сұлтан

    Edustream арқасында IELTS-тан 8.0 жинадым

  • Гүлнар Тоқабаева

    г. Нур-Султан

    Edustream - бұл күмәнсіз сапалы білім алуға болатын оқу орталығы! Ал қазіргі қиын кезеңде онлайн оқуға тағы -20% жеңілдік алу! Клиентіңіздің қамын жегеніңізге рақмет! ?

  • Tota Ibenova

    г. Нур-Султан

    Менің сүйікті тіл мектебім, мұнда нағыз кәсіпқойлардан жақсы білім алуға болады ? мектептегі атмосфера жайлы. Қайта келгім келіп тұрады ?

Біз сізді өзіміздің тілдік мектептерде күтеміз

Алматыда және Астанада

  • Алматы
  • Астана
  • Вена

Бөгенбай батыр, 104

дс-жм: 9:00-20:00.
сб: 10:00-17:00

Мәңілік Ел, 23 "Янтарный" тұрғын-үй кешені

дс-жм: 9:00-20:00
сб: 10:00-17:00

Австрия, Вена қ., Rennweg 9/6

дс-жм: 09:00-17:00
сб-жк: жабық

Введите корректный номер!

Введите корректный email!

;