Курс таңдау

Британдық Express Publishing баспасымен серіктесіп,

Қазақстан оқушылары үшін ағылшын тілінен оқулықтар әзірлейміз

  • Бүгінге дейін 25-тен астам кітап және оқу-әдістемелік кешендерін басып шығардық
  • Барлық оқулықтар Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітілген
  • Мектеп оқушыларының 75%-дан астамы ағылшын тілін біздің кітаптарымыз бойынша оқып жүр

Ағылшын тілін үйренуді жоспарладыңыз ба?

Тілді ойдағыдай меңгеру үшін өзіңізге қажет кітаптардың жеке топтамасын алыңыз

топтаманы алу

Базалық оқулықтардан, пәндік кітаптарға дейін

01 / 05

Ағылшын тілінен 1–4 сынып оқушыларына арналған «Smiles for Kazakhstan» оқу-әдістемелік кешендер сериясы. Бұл кешен барлық мектептерге арналған базалық оқулықтар тізіміне енгізілген.
5–9 сыныптарға арналған «Excel for Kazakhstan» ОӘК сериясы. Аталған кешен ҚР БҒМ сараптамасының барлық кезеңінен ойдағыдай өтіп, Қазақстан мектептерінде қолданысқа рұқсат етілген оқу әдебиеті тізіміне енгізілген. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, бүгінде аталған кешен бойынша оқушылардың 65%-дайы оқып жүр.
8–11 сыныптарға арналған информатика, химия, биология, физика пәндерінен ағылшын тіліндегі оқулықтар.
«Aspect for Kazakhstan» оқу-әдістемелік кешендері жалпы гуманитарлық бағыттағы мектептер үшін.
«Action for Kazakhstan» оқу-әдістемелік кешендері жаратылыстану және математика бағытындағы мектептер үшін.

Бұл жай ғана кітаптар емес: бұл – материалды дұрыс меңгеруге негізделген тұтас оқу-әдістемелік кешендері

DigiBooks
платформасы

«Express DigiBooks — ағылшын тілін дұрыс үйренуге негізделген интерактивті цифрлық платформа. Онда геймификация элементтері ескерілген. Оқушылар ойын барысында өзара жарыса отырып, ағылшын тілін үйренуге мықты мотивация алады.

Бейнероликтер

«Бейнероликтер оқулықтағы материалды толықтырып, нығайта түседі:
Ақпаратты жедел әрі оңай игеруге көмектеседі. Оқушылар ағылшынша дұрыс сөйлеуді үйреніп, дауыс ырғағына мән береді.

Teacher’s Book
оқу-әдістемелік құралдары

Мұғалімдерге арналған кітаптарда сабақты қызықты етіп жүргізу бойынша кеңестер,
тестілер бойынша дұрыс жауаптар, қосымша материалдар бар: мысалы, ойындар, әндер, талқылаулар, қызықты оқиғалар. Кітапта — баланың бойындағы икем, дағдыларды дамытуға негізделген тапсырмалар көрсетілген.

i-eBooks
электронды кітаптары

i-eBook интерактивті электронды кітабы — негізігі ағылшын тілі оқулығымен қатар қолданылады. Кітапқа арнайы бағдарламасы бар CD-диск қосылған. Үй тапсырмасын орындап, материалды қайталауға көмектеседі. Қосымшада оқуға көмек ретінде көптеген ойындар, әндер, бейнематериалдар бар.

Жұмыс дәптерлері

Дәптер ішінде бақылауға негізделген әртүрлі тапсырмалар бар. Оқу материалын бекітіп, пән бойынша негізгі дағдыларды игеруге септік етеді, тіл үйренуге деген қызығушылықты арттыра түседі.

Презентациялар

Презентация — жаңа сабақты дұрыс игеріп, өткен материалды қайталауға арналған интерактивті көрнекілік құралы. Онда күрделі ақпарат кең мағынада, сыйымды да нұсқа етіп берілген. Презентацияларды сабақ үстінде де, үй тапсырмасын орындауда да пайдалануға болады

Интерактивті
тақталар

Оқу материалын ұсынуда көрнекілік, динамика және интерактивке негізделген тиімді құрал. Ақпаратты игеруде анимациялар, нысандар қозғалысы, алуан түрлі түстер ескерілген.

Тіл үйренуге баланың қызығушылығын арттыруда  — бонус ретінде геймификация ұсынамыз

Оқу-әдістемелік кешендерін
50-ден астам маман әзірлейді.

Авторлық ұжым құрамында ғалымдар,

әдіскер мамандар, мұғалімдер бар

Вирджиния Эванс

Express Publishing баспасының негізін қалаушы. Суонси және Уэльс (Ұдыбритания) университетінің құрметті профессоры. Ағылшын тілін оқып, үйренудің бірегей әдістемесін ойлап тапқан.
2016 жылдың 2 тамызында қайтыс болды.

Дженни Дули

Суонси университетінің магистрі. Express Publishing эксперименталды мектептерінің бірінде оқу бөлімі жөнінде директор. Cambrigde ESOL емтихан әзірлеу орталығының президенті.

Боб Оби

Кембридж университетінің профессоры, тренер, Кембридж университетінің халықаралық емтихан кеңесінің сарапшысы. А1 көрсеткішінен C2 деңгейіне дейінгі ESOL деңгейлік бағдарламасын әзірлеген.

Наталья Мұхамеджанова

EduStream білім орталығының бас директоры. 20 жылдық тәжірибесі бар ағылшын тілінің оқытушысы. Бастауыш мектептен жоғары оқу орнына дейін барлық деңгейден өткен.

01 / 04

Редакторлар және сарапшылар

01
Оқу құралы әзірленген соң, баспа редакторлары макеттерді оқып, қателерді түзетеді.
02
Ағылшын, қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген тәуелсіз редакторлар өз түзетулерін енгізеді.
03
Оқулық ҚР БҒМ жанындағы «Оқулық» орталығының сараптамасынан өтеді, бұдан кейін пәндік және республикалық комиссияда қаралады.

01 / 03

Дизайнерлер, психологтар, фотографтар

Оқулықтардың дизайны баланың жас ерекшелігіне қатысты психологиялық талаптарды толық ескерген:

• бастауыш мектептер үшін оқулық беттері 4-ке бөлінген, бір ортаңғы бет — тұтас сабақ. Осылайша бала кітап беттерін қопармай, бірден сабаққа үңіледі;

• оқу құралдарында сөз саптау, көрнекі бейнелер, графикалық элементтер өзара үйлесім тапқан. Бұл өте маңызды, өйткені қазір балалардың басым бөлігі — визуалдар;

• оқулықтарда қарапайым суреттермен қатар фотосуреттер де қолданылған: Бала кітаптағы ақпаратты өзін қоршаған ортамен дұрыс ұштастыра білуі тиіс.

Express Publishing — ағылшын тілінен баршаға арналған кітаптар

Балаларға
Happy Hearts
Happy Hearts
Happy Hearts

01 / 03

  • Жас ерекшелігіне қатысты психологиялық талаптарға сай
  • Интерактивке негізделген, геймификация ескерілген
  • Ағылшын тілін үйренуге балаңыз өзі қызығы түседі
каталогқа өту
Студенттерге
Happy Hearts
Happy Hearts
Happy Hearts

01 / 03

  • Емтихандарға жедел әрі сапалы түрде дайындалуға септік етеді
  • Беделді мамандықтарды игеруде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
каталогқа өту
Ересектерге
Happy Hearts
Happy Hearts
Happy Hearts

01 / 03

  • Мектепте оқыған деңгейді еске түсіріп, түсінуге көмектеседі
  • Ағылшын тілін басынан бастап оқуға ықпал етеді
  • Карьера жолындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
каталогқа өту
Кәсіби әдебиет
Happy Hearts
Happy Hearts
Happy Hearts

01 / 03

  • Мамандандырылған кәсіби терминдерді жатқа білуге көмектеседі
  • Шетелдік әріптестермен өнімді байланыс орнатуға септік етеді
  • Шетелдік компанияларға жұмысқа орналасуға жол ашады
каталогқа өту
Көркем әдебиет
Happy Hearts
Happy Hearts
Happy Hearts

01 / 03

  • Сөз қорын толықтырып, сауатты жазуға септік етеді
  • Кітаптар әртүрлі деңгейдегі дайындық көрсеткішіне бейімделген
каталогқа өту

Express Publishing - Ағылшын тілі оқулықтарын сатып аламын

Express Publishing оқулықтарын Қазақстандағы ресми өкілден сатып алыңыз. Көтерме және бөлшек сауда.

;