Курс таңдау

EduStream орталығымен кез келген шетелдік ЖОО студенті атаныңыз

Австрия, Италия, Испания

  • Дарынды балаларға 100%-ға дейін жеңілдік алуға көмектесеміз
  • Оқуға түсуге және визаға қажет құжаттардың толық пакетін рәсімдеп береміз
  • Заңға қатысты барлық мәселені шұғыл шешіп береміз

ЖОО не елді таңдадыңыз ба?

Өзіңіздің сұранысыңызға мейлінше сәйкес келетін әлемдік оқу орындары туралы ақпараттық жеке топтаманы алыңыз

топтаманы алу

Шетелде білім алу –

болашаққа салынған сенімді инвестиция

  • Карьера құру және жоғары
    жалақы алу мүмкіндігі

    Шетелдік білім беру жүйесі студенттердің тәуелсіз, дербес негізде әрекет етіп, бастамашыл болуына, жауапкершілік жүктеуіне мән береді.Осылайша жас маман карьера жолында табысты қадам жасап, жоғары лауазымға жетуде өзін-өзі жетілдіріп, шыңдай түседі.

  • Әлемдік деңгейдегі танымал
    компанияға жұмысқа тұру мүмкіндігі

    Халықаралық үлгідегі дипломы бар шетелдік ЖОО түлегі үшін әлемдік танымал компаниялардың есігі қашанда ашық.

    Ол өз елінде де, шетелде де жұмысқа оңай орналаса алады. Өзгелермен салыстырғанда, қашанда көш ілгері жүреді.

  • Дүние жүзі бойынша жаңа достар,
    пайдалы байланыстар

    Шетел университетінде оқитын студент әртүрлі елдерден келген адамдармен араласып, қарым-қатынас орнатуды үйренеді. Студент кезіндегі таныстық әдетте шынайы достыққа ұласып, адамның ой-өрісін кеңейтеді, өмірлік тәжірибесін байытады. Болашақта мұндай байланыстар карьера жасауда не саяхатқа шыққанда пайдалы болуы мүмкін.

  • Шетелде қалу мүмкіндігі

    Шет мемлекеттердің бірқатары шетелдік студенттерге сол елде қалып, тұрақты жұмыс тауып, қоныстануға және сол елде тұруға ықтиярхат алуға қосымша уақыт береді(студенттік виза аяқталғаннан кейін 6 айға дейін).

Біз сізге мына елдердегі ең мықты ЖОО оқуға түсуге көмектесеміз

  • Австрия

Біз аталған университеттермен тікелей жұмыс істейміз,

бұл құжаттарды қарап, оқуға қабылдауды жеделдете түседі

  • University of Vienna

    (Вена Университеті), Вена қ. Мемлекеттік ЖОО.

  • Vienna University of Technology

    (Вена Технологиялық Университеті), Вена қ. Мемлекеттік ЖОО.

  • Diplomatische Akademie Wien

    (Дипломатиялық академия), Вена қ. Мемлекеттік ЖОО.

  • Lauder Business School

    (Лаудер бизнес-мектебі), Вена қ. Мемлекеттік ЖОО.

  • MODUL University Vienna

    (MODUL Университеті), Вена қ. Жекеменшік ЖОО.

  • Musik und Kunst Privatuniversität

    (Музыка және өнер жекеменшік университеті), Вена қ. Жекеменшік ЖОО

Вена Университеті
Вена Технологиялық Университеті
Дипломатиялық академия
Лаудер бизнес-мектебі
MODUL Университеті
Музыка және өнер жекеменшік университеті
Толығырақ
Австрия университеттеріне оқуға түсу туралы көбірек білем десеңіз

Шетелде сапалы білім алу —
әбден мүмкін!

Бұл қымбат па?

Қол жетімді!

Біз сіздің бюджетіңізге орай ЖОО таңдап, оқуға түсуге көмектесеміз.

Дарынды оқушылардың білім алуында елеулі
жеңілдіктерге қол жеткізе аламыз

Қорлан

Нью-Йорк Киноөнері Академиясында
оқуға 100% жеңілдік алды

Мәселе

Бізбен хабарласқан Қорлан, бала кезінен актриса болуды армандайтынын жеткізді. Оның асыл арманы — АҚШ-тағы Нью-Йорк Киноөнері Академиясында білім алу болатын.

Шешімі

New York Academy — біздің АҚШ-тағы тікелей серіктесіміз. Қорланды өзі армандаған университетке оқуға түсіру біз үшін қиын соққан жоқ.

Біз, сондай-ақ ректорға хабарласып, студентімізге стипендия тағайындауды да өтіндік.

Ректор Қорлан жіберген қысқа қойылым видеосын өзі қарап, оның актерлік шеберлігіне жоғары баға берді, сөйтіп, 100% стипендия тағайындады.

Толығымен оқу
Дамир

Шығыс Англия Университетінде МВА бойынша
оқуға 50% жеңілдік алды

Дамир есімді студентіміз бізге хабарласып, Англия университетіне МВА (Master of Business Administration) бағдарламасы бойынша оқуға қабылдау жөнінде өтініш жасады. МВА — бизнес мектептерінде орта және жоғары буындағы басқарушы менеджерлер әзірлейтін басты бағдарлама.

Мәселе

Англияда білім алу Еуропа бойынша ең қымбат саналады. Ал біздің клиенттің бюджет мүмкіндігі шектеулі болатын.

Шешімі

Клиентіміздің талпынысын және қаржылық мүмкіндігін ескере отырып, біз өз серіктесімізбен, яғни Шығыс Англия Университетімен (University of East Anglia) байланысқа шықтық: бұл Ұлыбританиядағы алдыңғы қатарлы ЖОО бірі.

Университет біздің өтінішімізді қабыл алды: Дамирге бірқатар құжаттарды толтырып, мотивациялық хат жолдауды ұсынды. Біз өз студентімізге барлық құжаттар пакетін дұрыс толтырып, өткізуге көмектестік. Сөйтіп, Дамир сұхбаттасудан ойдағыдай өтті.

Нәтижесінде біз Шығыс Англия Университетінің МВА бағдарламасы бойынша Дамир үшін 50% жеңілдікке қол жеткіздік.

Толығымен оқу
Бұл қиын ба?

Бұл оңай!

Құжаттарды рәсімдеп, жөнелту жөніндегі барлық шаруаны өзіміз реттеп береміз.

Шетелдік ЖОО оқуға түсу үшін
неден бастаған дұрыс

1
қадам 1 Өзіңізге
2
қадам 2 Жеңілідіктер
3
қадам 3 Тапсырыңыз
4
қадам 4 Құжаттарыңызды
5
қадам 5 Күтіңіз

01 / 05

Өзіңізге қажет бағдарламаны анықтап алыңыз

Қай елде, қандай ЖОО, қандай мамандық бойынша оқуға түсесіз: белгілеп алыңыз.
Оқыту бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысып алыңыз.

Сіз үшін бәрі де қолайлы ма? Көңіліңізден шыға ма?

Жеңілідіктер туралы біліп алыңыз.

Сіз таңдаған ЖОО стипендия не грант бөлуі мүмкін. Жеңілдік алу үшін құжаттарды алдын ала беріп қойған дұрыс. Жеңілдігі бар орындарға сұраныс көп.

Сіз оқу құнын толығымен не жартылай жаба аласыз.

ЖОО оқуға түсерде қажет халықаралық тест, емтихан тапсырыңыз.

Емтихан тапсыруға дайындық біраз уақыт алады. Оқуға түсу үшін алдын ала дайындалған дұрыс. Шетелдік ЖОО оқуға түсуде ағылшын тілін білу — міндетті шарт.

Өзіңізге қажет тілді біздің Тіл орталығында тиісті деңгейге жеткізіп, меңгере аласыз.

Құжаттарыңызды рәсімдеп, жіберіңіз.

ЖОО сайтында құжаттардың толық тізімі бар. Құжаттардың стандартты пакетімен қатар, ЖОО мотивациялық хат, эссе, кепілдік хат, портфолио сұрауы да мүмкін. Қате жібермеу өте маңызды! Күтпеген жерден табылған қате құжаттарды қабылдамауға себеп болуы ықтимал.

Құжаттарды жинап, рәсімдеп, жөнелтуде біз көмектесе аламыз.

ЖОО жауабын күтіңіз

Жауап ұзаққа созылуы мүмкін, дайын болыңыз. Сізге «оқуға қабылдандыңыз» не «шартты түрде қабылдандыңыз», «оқуға қабылданған жоқсыз» деген жауап түрлері келуі мүмкін. Шартты түрде қабылдау деген сөз, қайтадан тест тапсыру не жеткіліксіз құжатты жолдау дегенді білдіруі мүмкін.

Оқуға қабылданғаныңыз туралы хат құжаттардың келесі пакетін рәсімдеу үшін қажет.

Біздің сарапшылардың пікіріне жүгініп, барлық сұрақтар бойынша жеке кеңес алыңыз

Біз сізге барлық кезең аралығында көмектесе аламыз.
Тіпті, шетелде де.

Өзін жайлы сезініп, жаңа жағдайға тездетіп бейімделуі үшін балаңызға қамқор болуға дайынбыз.

  • Балаңызды әуежайда күтіп алып, жатақханаға жеткізіп, орналасуға көмектесеміз.
  • Студент ретінде оның соңғы тіркеу талаптарынан өтуіне жәрдемдесіп, қажет құжаттарды алуға көмектесеміз.
  • Ол өзін сенімді де еркін сезіне бастағанша, оған қолдау көрсететін боламыз

Біздің көмегімізбен 880 абитуриент шетелдік ЖОО оқып жүр

Плей

Австрияда білім алу туралы пікір

Оксана Дубровина, студент Алинаның анасы

Виза алу оңай емес, бірақ бізге EduStream көмектесті. Біз толығымен осы орталыққа сенім арттық. Олар барлық шаруаны өздері ұйымдастырып, бәрін әзірлеп берді.

Бір жыл бұрын қызым Австрияға оқуға кетті. Сәулеткер болуды армандайтын қызым, Асвтриядағы білім сапасы өте жоғары деп есептейді. Сөйтіп, Вена технологиялық университетін таңдады.

Алдымен ол жарты жылдай неміс тілін оқыды, артынша физика мен математика пәндері қосылды. Емтихан тапсырған соң, оқуға түспек.

Баламыз қазір өзін бақытты сезінеді, біз де ризамыз. Ақпанда демалысқа келген ол, оқуға қайта аттанғанша асығумен болды.

Толығымен оқу
Плей

Австрияда білім алу туралы пікір

Гүлнара Құттықбаева, студенттің анасы

Австриядағы білім сапасы өте жоғары әрі біршама арзан. Австрияның жоғары оқу орындары әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы 200 университеттің қатарында.

Ұлым басында Сингапурда оқыды. Артынша Австрияда оқуды таңдады. Қалай дегенмен, еуропалық білімнің ұтымды тұстары басым.

Біз EduStream орталығына хабарластық, өйткені Қазақстанда бұл бағытпен айналысатын мекемелер жоқтың қасы.

Ұлым ІТ мамандығы бойынша оқиды. Оқу қиын болғанымен, өзіне ұнайды. Сабаққа дұрыс мән бермесе, кейін қайта қуып жету оңай емес. Онда ешкім бақылап, қадағалап отырмайды. Студент өзіне жауапкершілік жүктеп, өзі жауапты болуы тиіс.

Толығымен оқу

Шетелдік ЖОО студенті атаныңыз

Тегін кеңес алуға өтініш қалдырыңыз. Біз сізге хабарласып, шетелдік ЖОО оқуға түсу тұрғысында барлық сұрақтарға жауап береміз.

Мен құпиялылық саясатымен келісемін және жеке деректерді өңдеуге келісім беремін

Біз сізді өзіміздің тілдік мектептерде күтеміз

Алматыда және Астанада

  • Алматы
  • Астана
  • Вена

Бөгенбай батыр, 104

дс-жм: 9:00-21:00.
сб: 10:00-15:00

Мәңілік Ел, 23 "Янтарный" тұрғын-үй кешені

дс-жм: 9:00-20:00.
сб: 10:00-14:00

Австрия, Вена қ., Rennweg 9/6

дс-жм: 09:00-17:00
сб-жк: жабық

;