Курс таңдау

Наталья Мұхамеджанова

EduStream білім орталығының Бас директоры
natali

— Мен компанияның мазмұн жағына, академиялық мәніне жауаптымын, ал Инна, экономист ретінде, операциялық және қаржы мәселелерімен айналысады. Біздің компания ағылшын тілін үйренем деген әр адамға білім беріп, оқытуға әзір. Ал тіл деңгейін, біліктілігін көтерем дегендерді әлем бойынша кең тараған серіктестерімізге жібере аламыз. Біз, сондай-ақ өз әдістемемізді, кітаптарымызды әзірлеп жатырмыз. Тағдырдың сыйы деуге болар, бүгінде біздің серіктестеріміздің қатарында дүние жүзіндегі танымал баспаның бірі «Express Publishing» және ағылшын тілін оқыту әдістемесін әзірлеген мықты автордың бірі Вирджиния Эванс та бар. Әлем бойынша ағылшын тілін үйретіп жүрген көптеген оқытушылар оны нағыз гуру деп таниды. Бұл саладағы біздің табысты қадамдарымыз тікелей Вирджинияның қырық жылдық тәжірибесінің жемісі. Әу баста біз өзіміз де ағылшын тілінен кітап жазып бастағанбыз. Бірақ Вирджиниямен танысқаннан кейін, 2015 жылы ағылшын тілі оқулықтарын бірлесе әзірлеп, білім және ғылым министрлігінің назарына ұсындық: оқулықтар сараптамадан сүрінбей өтті. 2016 жылы байқауға ұсынылған 11 оқулықтың ішінде біздің оқулық базалық деп танылды. Сол жолы байқауға қазақстандық - 6 және ағылшындармен бірлескен — 5 баспа қатысқан. Мектеп оқушыларына кітап шығару біз үшін қызықты да жауапты қадам. Ел тарихындағы осынау тыңғылықты шараға үлес қосу мәртебелі де абыройлы еңбек: қалай дегенмен, біз білім саласына жаңартылған мазмұндағы бағдарлама енгізуге ат салысудамыз.

Натальямен бейнесұхбат

Плей

EDU STREAM «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» КОНКУРСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ

Edu Stream халықаралық оқу орталығы – «Қайырымдылық керуені» конкурсына қатысушылардың бірі. Бұған, конкурс талабына компанияның бірнеше жобасының сай келетіні арқау. Қайырымдылық бағытында Edu Stream компаниясының жарқын жобаларының бірі ретінде «Open Mind» атап өтуге болады. Аталған жоба аясында Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 1 700 мектеп оқушысы 4 ай бойы тегін ағылшын тілі курсынан өтті. Ал өткен жылы «Open Mind» жеңімпаздары Англия мен Грекияға барып қайтты.

Натальяның БАҚ сұхбаты

Натальяның жетістіктері мен марапаттары

;