EduStream — британдық Express Publishing
баспасының Қазақстандағы серіктесі және ресми өкілі

Express Publishing — дүние жүзінде кең танылған баспа
Халықаралық Express Publishing баспасы 1988 жылдан бері жұмыс істейді.
Компанияның мақсаты — ағылшын тілін оқыту стандарттарын арттыру.
Бүгінде Express Publishing бүкіл әлем бойынша зор құрметке ие. Баспа инновациялық оқу материалдарын әзірлеумен айналысады, оның ішінде — оқулықтар, грамматикалық оқу құралдары, емтихан материалдары,
оқушылар мен мұғалімдерге арналған қосымша материалдар, т.б. бар.
Оқу материалдарының 3 500 атауы
Біздің оқулықтарымыз 90 елде қолданысқа түскен
Express Publishing — ағылшын тілі оқулықтарын шығаруда әлем бойынша алдыңғы қатарлы баспа
Баспаның табысты қадамдары – жаңа технологиялар мен ұстанымдарды,
инновацияларды тұрақты түрде енгізуге негізделген.
-
Оқулықтар балалардың бойында
ХХІ ғасырға тән маңызды құзыреттерді дамытады- КОММУНИКАЦИЯЛАР
- КРЕАТИВТІЛІК
- КООПЕРАЦИЯЛАР, ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
- СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ
-
Саралап оқыту — ақпаратты мейлінше ыңғайлы жолмен қабылдау
Әрбір оқушыға тән өзіндік ерекшеліктер бар:
ақпаратты қабылдау, талдау деңгейінен, оқу, білім деңгейіне дейін. Біздің материалдар әр оқушының жас деңгейіне сай мүмкіндік көрсеткіштерін ескере отырып әзірленген. -
Коммуникация және ынтымақтастық – негізгі тіл дағдыларын жеделдетіп дамыту
Оқушылар жұппен не топ ішінде оқып, бір-бірімен ынтымақтасып жұмыс істеуді үйренеді. Бұл өте тиімді әдіс. Топ ішінде олардың тыңдау, оқу, сөйлеу қабілеттері одан әрі дамып,
шыңдала түседі. -
CLIL пәнаралық байланысы – пән мазмұны мен ағылшын тілін қатар үйрену
Биология, информатика, физика, химия пәндері толығымен не жартылай ағылшын тілінде оқытылады. CLIL оқу барысында қосымша уақыт талап етпейді, бірақ шет тілімен байланыс аясын ұлғайта түседі. Бұл тіл меңгеру деңгейін арттыруға ықпал етеді.
01 / 04
2015 жылдан бастап EduStream тіл орталығы Express Publishing
баспасымен бірлесіп, Қазақстан мектептері үшін ағылшын тілі оқулықтарын шығара бастады
Біз ынтымақтастықты әрі қарай жалғастырып,
Қазақстандағы ағылшын тіліне деген сұранысты арттыруда, қайырымдылық жобаларын жүзеге асырамыз
- OPEN MIND
- AWARD CEREMONY
- Wonder Fest
Орталық 2019 жылы Елорданың әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасы балаларына теңдесі жоқ «Open Mind» жобасын жүзеге асырды.
Бір жарым мың бала ағылшынды ең озық әдіспен 4 ай бойы тегін оқыды. Бұл үшін жүзге жуық ұстаз әзірленді.
Курс аяқталғанда барлығы тест пен емтихан тапсырды.Нәтижесінде алты жеңімпаз — Аянат Сәби, Әділ Әлімтай, Әзиза Хабиболлақызы, Антон Кирпиченко, Айғаным Жасұзақ, Аяулым Әбілезова Англияға екі апталық каникулға барды, ал олардың ұстаздары британдық «Express Publishing» баспасының шығыс-еуропалық кеңсесінде біліктілігін арттырды.
EduStream оқу орталығы тілді «Express Publishing» баспасының базалық білім беру кешені бойынша оқытатын ағылшын мен пән мұғалімдеріне және оқушыларға бірнеше жылдан бері республикалық конкурс өткізіп келеді.
2019 жылы оған Қазақстанның барлық түкпірінен 1000 ұстаз бен 300 оқушы ат салысты. Қатысқандар ынталандыратын эссе жазып, сабақты, өзін таныстыруды, тест өткендерін бейнероликке түсірді. Бұл Шекспир тілін Қазақстанның ең шалғай жерінде оқытатын және оқитын еліміздің аты шықпаған батырлары.
2019 жылы конкурсқа жаңашылдар – химия, биология, физика, информатика мен математиканы ағылшынша оқытатын ұстаздар мен олардың оқушылары алғаш рет қатысты. Ішіндегі үздігі Елордада өткен AWARD финалисттерді марапаттау салтанатына шақырылды.
Жыл соңында кезекті конкурс басталып, жеңімпаздар 2020 жылы наурызда марапатталды.
«Wonder Fest» – Қазақстанда мектеп театрларының фестивалі.
EduStream оқу орталығы оқушылар арасында ағылшынша театр өнерінің «Wonder Fest» халықаралық фестивалін Қазақстанда төрт жылдан бері өткізіп келеді. Жас актерлар барлық сценарий өзегін халықаралық «Express Publishing» баспасының қосымша оқуға арналған ағылшын тілі кітабынан алады.
Балалар танымал «The Magic of Oz», «Rapunzel», «Beauty and the Beast», «Aladdin and the magic lamp», «Cinderella», «Sleeping Beauty» және басқа ертегіден кәсіби қойылым ұсынады. Олардың сахнадағы өнерін кәсіпқой қазылар алқасы – әкімшілік, білім басқармасының өкілдері, актерлар мен «EduStream» халықаралық білім беру орталығының ұстаздары бағалайды.
Шағын спектакль алты категориямен бағаланады, оның ішінде Шекспир тілін білу де бар. Шоу үнемі жарқыраған костюм, сценография, музыкалық сүйемелдеумен өтіп, біраз көрермен жинайды.

Express Publishing - Қазақстандағы ресми өкілі
EduStream – британдық Express Publishing баспасының Қазақстандағы серіктесі және ресми өкілі. Біз 2014 жылдан бері бірге жұмыс істеп келеміз.