Мектепте алған білімді өмірде қолдану!

08 сентября 2022
0 2619

Мектепте алған білімді өмірде қолдану!

08 сентября 2022

Оқушы бойында функционалдық сауаттылықты, эмоциялық интеллектті, жиырма бірінші ғасырдың 4K машығын дамыту – орта білім берудегі осы ең озық бағыттарды EDU Stream эксперттері отандық ұстаздарға ұсынады.

2022 жылғы 23 тамызда ҚР Ұлттық кітапханасында Халықаралық EDU Stream білім беру компаниясы Express Publishing баспасымен бірлесіп отандық ұстаздарға арналған жылдық тамыздық конференция өткізді.

Биыл жарияланған тақырып – «Функционалдық сауаттылық сапалы білімнің тұрақты дамуының факторы». 400 жуық педагог, атап айтқанда – әдіскерлік бөлім басшылары, ағылшын тілі, француз тілі ұстаздары және бастауыш сыныптағы музыка пәні мұғалімдері шетелдік һәм отандық эксперттер тәжірибесімен танысты.

– Тамыздық конференция жаңа білім алу, біліктілікті арттыру тұрғысынан алғанда, педагогтарға пайдалы бола алады және солай болуы керек. Біздің конференция сағаттап бітпейтін жиналыс емес, біз инновация, білім, халықаралық тәжірибе әкелеміз. Және жыл сайынғы дәстүрімізден жаңылмай, отандық ұстаздар білім саласындағы әлемдік үздік тәжірибені алсын деп қазақстандық және халықаралық эксперттерді шақырдық, – дейді жоспарымен бөліскен EDU Stream бас директоры Наталья Мұхамеджанова.

Конференция үш секция бойынша: ағылшын тілі ұстаздары, француз тілі ұстаздары және бастауыш сынып ұстаздары болып жеке өтті. Қазақстандық мектеп педагогтары бала өмірде қолдана алатын қандай функционалдық сауаттылық құзырет керек және оны қалай дамыту керегін анықтады.

– Жарияланған тақырып, оқушы өмірінде еркін қолдану үшін, бойында эмоциялық интеллект, функционалдық сауаттылық және жиырма бірінші ғасырдың машығы 4K – коммуникация, коллаборация, сыни ойлау, креатив сияқты басты қабілеттерді қалыптастыруды көздейді. Аталған барлық озық машықты әдетте жекеменшік мектептер оқытады, ал біз оларды Қазақстан мектептеріне әзірлеген ағылшын, француз тілдері оқу-әдістемелік кешеніне және басқа оқулыққа енгізіп қойғанбыз, – деп толықтырды Наталья Мұхамеджанова.

Әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті бала оқыту жөнінен тәжірибесімен бөлісуге шақырылған эксперттер тақырыбы:

— «Ағылшын тілі сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту». Эксперт: Боб Оби, Smiles 1 for Kazakhstan оқулығының авторы, Кембридж бен Express Publishing баспаларының ағылшын тілінен көптеген оқулығы мен ОӘҚ авторы, IELTS емтихан алушы.

— «EDU Stream компаниялар тобының әдеби оқулығы арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту». Эксперт: Сайлаубекова Диляфруз, «EDU Stream» ЖШС даму және сараптама жөнінде академиялық директоры

— «21-ғасыр машығы: қалай, не үшін және кімге арналған?» Эксперт: Жантемірова Дана, «Сапалы Білім Баспасы» ЖШС директоры

— «Функционалдық сауаттылық: Қазақстан мен шетелдік тәжірибенің салыстырмалы анализі». Эксперт: Алыбаева А., «Сапалы Білім Баспасы» ЖШС әдістемелік жұмыс және инновациялық даму жөнінде жетекшісі

— «Гуманитарлық кезең сабағында эмоциялық интеллектті дамыту». Эксперт: Сағымбаева Г., Адамның гармониялық дамуы ұлттық институтының Даму және әдістемелік қамту департаментінің директоры

— «Бастауыш сыныпта 4К құзыретін қалыптастыру». Эксперт: Кайдакова В., «Өрлеу» АҚ Алматы қ. бойынша филиалы

— «Француз тілі сабағында оқушыда коммуникативтік қабілет қалыптастыру». Эксперт:  Фаизова Камиля, филология ғылымдарының кандидаты, Француз тілі ұстаздары қауымдастығының құрметті президенті.

 

0 2619

Біздегі соңғы айдағы оқиғалар, қараңыз

Городской конкурс Алматы «Братские Мегаполисы: Взгляд Нового Поколения» среди учителей и школьников французского языка

Конкурс для учителей и школьников французского языка города Алматы, посвящённый международному сотрудничеству …

Оқу
«ЛИНГВОМАСТЕР» — КОНКУРС ДЛЯ УЧИТЕЛЕЙ ЯЗЫКОВЫХ ДИСЦИПЛИН ГОРОДА АЛМАТЫ!

Филолог-педагогтарге арналған кәсіби және шығармашылық байқау мұғалім мәртебесі мен педагогикалық кәсіптің беделін …

Оқу
Edustream Juldyzdary-2026

Байқау Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық педагогтар съезіндегі сөйлеген сөзінің …

Оқу
WonderFest-2026

Конкурс проводится в рамках реализации государственной политики по развитию полиязычного образования в …

Оқу
Орта мектептер мен гимназиялардың қазақстандық мұғалімдері арасында «Don’t worry, be a teacher» атты өзін-өзі таныстыру байқауын өткізу туралы ереже

«Учитель – сердце системы образования. Именно от педагога зависит качество знаний и …

Оқу
Қазақстан оқушылары Халықаралық KGL Contest олимпиадасының III кезеңіне өтті

Отандық мектеп оқушылары KGL Contest (Kangaroo Global Linguistics) халықаралық олимпиадасының II кезеңінде …

Оқу
Ағылшын тілінен KGL Contest халықаралық олимпиадасында Қазақстан оқушылары жоғары көрсеткішке жетті

Еліміздің он екі аймағынан 2691 оқушы ағылшын тілінен бақ сынап, KGL Contest …

Оқу

Мүмкін Сізге біздің мақалалар қызықты болар

Педагог эпохи искусственного интеллекта: от понимания технологий до безопасного применения и обучения школьников

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Педагог …

Оқу
0
48
Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: ««Современные …

Оқу
0
716
Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Интернационализация …

Оқу
0
691
Проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Языковое оценивание в педагогической практике (Assessment Literacy)»

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Языковое …

Оқу
0
382
Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов всех уровней образования

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов всех …

Оқу
0
545
Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Управление …

Оқу
0
525
Международный конкурс KGL (Kangaroo Global Linguistics) Contest” среди учащихся средних школ и гимназий

KGL Contest – это международное соревнование, которое ежегодно собирает участников со всего …

Оқу
0
19037
;