Edustream Juldyzdary-2026
Edustream Juldyzdary-2026
Байқау Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық педагогтар съезіндегі сөйлеген сөзінің негізгі ережелері негізінде өткізіледі: «Білім мен ғылым – табыстың басты кілті. Біздің басты міндетіміз – өскелең ұрпақты озық стандарттарға сай тәрбиелеу және оқыту. Сондықтан біздің азаматтарымыз жаңа заман жағдайында қажетті дағдыларды игеруі тиіс». Шетел тілдерін үйрену қазақстандық білім беру мен жалпы адамзаттық құндылықтарды біріктірудің маңызды мүмкіндігіне айналуда. Республикалық байқауды ұйымдастырушы — «Express Publishing» халықаралық баспасының ресми өкілі, «EduStream» халықаралық білім беру компаниясы.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Ереже «EDUSTREAM Juldyzdary – 2027» республикалық бастауыш сыныптың ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған бейнесабақтар байқауын ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
1.2. Байқау бастауыш сыныптардың ағылшын тілі мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибесін анықтауға, қолдауға және таратуға, олардың кәсіби шеберлігін арттыруға, ағылшын тілін оқыту әдістемесін жетілдіруге және заманауи білім беру технологияларын дәріптеуге бағытталған.
1.3. Байқау Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары арасында өткізіледі.
2. КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1 Мақсат: English Language 3 for Kazakhstan, English Language 4 for Kazakhstan оқу-әдістемелік кешендері негізінде, бастауыш сынып оқушыларының өз бетінше сөйлеуін ынталандыру және ситуациялар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру арқылы бастауыш сыныпта ағылшын тілі сабақтарында оқу материалын меңгеру сапасын арттыру.
2.2 Міндеттер
• дарынды және перспективалы педагогтерді анықтау;
• мұғалім мамандығының беделін арттыру;
• педагогтердің кәсіби дамуы мен мансаптық өсуіне жәрдемдесу;
• тиімді педагогикалық тәжірибені тарату;
• оқу процесін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін анықтау;
• оқушылардың жобалық қызметін дамыту;
• инновациялық білім беру тәжірибелерін қолдау;
3. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР
3.1. Байқауға бастауыш сыныптарға арналған төменде көрсетілген оқулықтар бойынша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының бастауыш сынып ағылшын тілі мұғалімдері қатысады:
• English Language 3 for Kazakhstan;
• English Language 4 for Kazakhstan.
3.2. БАЙҚАУҒА СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДЫҢ (2022-2023, 2023-2024, 2025-2026) ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ҚАТЫСПАЙДЫ.
4. БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
4.1 Байқау 2 кезеңнен тұрады:
I кезең – қатысушыларды тіркеу және өтінімдерді қабылдау
Қатысушылар тіркеуден өтіп, мыналарды ұсынады:
- қатысуға өтінім;
- бір оқу сабағының қысқа мерзімді жоспары (ҚМЖ).
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасы екінші кезеңге өткен қатысушыларды анықтайды.
Қатысушыларды тіркеу, өтінімдер мен қысқа мерзімді жоспарларды (ҚМЖ) қабылдау 2026 жылғы 1 қарашадан басталып, 2027 жылғы 30 қаңтарға дейін тіркеу сілтемесі арқылы жүзеге асырылады.
ссылка будет опубликована позже
II кезең – байқау жұмыстарын қабылдау
- Екінші кезеңге өткен қатысушылар ұзақтығы 15 минуттан аспайтын сабақ үзіндісінің бейнежазбасын ұсынады.
- Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасы байқау финалистерін анықтайды.
- Бейнесабақты жүктеу сілтемесі байқаудың I кезеңінен сәтті өткен қатысушыларға, ұсынылған байқау материалдары (ҚМЖ) тексерілгеннен кейін электронды пошталарына жіберіледі.
- Байқау жұмыстары 2027 жылдың 22 ақпанынан 12 сәуіріне дейін қабылдалады.
III кезең – байқау жұмыстарын бағалау, жеңімпаздарды анықтау және марапаттау
- Байқау қорытындысы қазылар алқасының шешімі негізінде шығарылады.
- Байқау нәтижелері 2027 жылдың маусым айында жарияланады.
- Марапаттау рәсімінің нақты күні туралы Ұйымдастыру комитеті қосымша хабарлайды.
5. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар
5.1. Байқауға 3-4 сынып оқушыларының English Language 3 және English Language 4 оқу материалдары негізінде орындалған авторлық жобалық жұмыстары
қабылданады.
5.2. Сабақ жоспарына қойылатын талаптар
Сабақ жоспары төмендегі көрсетілген талаптарды қамтуы тиіс:
• тақырып;
• оқыту мақсатын
• сабақ мақсаттары;
• бағалау критерийлері;
• сабақ барысы;
• оқыту әдістері мен тәсілдері;
• саралау;
• бағалау формалары;
• пайдаланылатын ресурстар.
5.3. Бейнесабаққа қойылатын талаптар
- ұзақтығы – 10 минуттан кем емес және 15 минуттан көп емес;
- көлденең (горизонталь) формат;
- бейне мен дыбыстың жақсы сапасы;
- сабақтың мазмұнын өзгертпей монтаждауға рұқсат етіледі;
- сабақ нақты оқыту әдістерін көрсетуі тиіс.
- Бейнеролик көлденең бағдарда түсіріліп, MP4 немесе WMV форматында жазылуы керек;
• Қатысушы бейнесабақты жеке YouTube аккаунтына ашық қолжетімділікпен жүктеуге міндетті. Бейнероликке сілтеме 1-кезеңнен өткеннен кейін қатысушыларға жіберілетін сілтеме арқылы байқау жұмысын жүктеу барысында тіркеледі.
5.4. Бейнепрезентация қатысушының авторлық дыбысталуын қамтуы тиіс. Титрде міндетті түрде төменде өрсетілген мәліметтер көрсетілуі керек:
- ағылшын тілі мұғалімінің тегі, аты және әкесінің аты;
- сыныбы;
- мектебі.
5.5. Жалпы талаптар
- Жұмыс академиялық адалдық қағидаттарына сай болуы және бұған дейін басқа республикалық конкурстарда жүлделі орындар алмаған болуы тиіс.
- Конкурстық жобаларды дайындау барысында «Таза Қазақстан» бастамасының, «Закон и порядок» (Заң және тәртіп) тұжырымдамасының, «Адал азамат» идеясының қағидаттарын, сондай-ақ экологиялық мәдениетті, құқықтық сауаттылықты, азаматтық жауапкершілікті, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту мәселелерін көрсету ұсынылады.
- Конкурстық материалдарды ұсына отырып, қатысушылар жеке деректерді өңдеуге және авторлығын міндетті түрде көрсете отырып, ұйымдастырушылардың конкурстық жұмыстарды коммерциялық емес мақсатта пайдалануына (ресми сайтқа, YouTube-арнаға және әлеуметтік желілердегі парақшаларға орналастыру) келісім береді.
- Осы Ереже талаптарына сай келмейтін, бейне немесе дыбыс сапасы төмен, сондай-ақ презентациялық материалдарды немесе жобаны қорғау элементтерін пайдаланбай түсірілген бейнежазбалар конкурсқа жіберілмейді.
6. БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
6.1 Қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ)
- ҚР МЖМБС (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) және оқу бағдарламасына сәйкестігі;
- мақсаттардың айқындығы;
- заманауи оқыту әдістері;
- саралау (дифференциация);
бағалау; - сабақты құру логикасы.
6.2 Бейнесабақ
- сабақ мақсатының оқу мақсаттарына сәйкестігі;
- оқу материалының мазмұны мен құрылымының жүйелілігі;
- оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері мен технологияларын тиімді қолдануы;
- оқушылардың оқу үдерісіне белсенді қатысуын ұйымдастыруы;
- саралау тәсілдерін тиімді қолдануы;
- қалыптастырушы бағалау әдістерін қолдануы;
- сыныппен тиімді педагогикалық қарым-қатынас орнатуы;
- ағылшын тілінде еркін әрі сауатты сөйлеуі;
- уақытты тиімді басқаруы;
- бейнесабақтың техникалық сапасы (бейне, дыбыс, көрнекілік).
- ағылшын тілін оқытудың коммуникативтік тәсілдерін тиімді қолдануы;
- оқушылардың сөйлеу, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды тиімді ұйымдастыруы.
7. МАРАПАТТАУ
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар I, II және III дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен және арнайы номинациялармен марапатталады. Барлық қатысушыға электронды алғыс хаттар беріледі.
8. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
8.1. Байқауға қатысу осы Ереженің барлық талаптарымен толық келісуді білдіреді.
8.2. Ұйымдастыру комитеті қажет болған жағдайда осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығын өзіне қалдырады.
8.3. Байқау материалдарының сапасы тәуелсіз қазылар алқасымен бекітілген критерийлерге сәйкес бағаланады. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қаралмайды.
8.4. Байқауды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты барлық мәселелерді Ұйымдастыру комитеті шешеді.
8.5. Байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі 2027 жылдың маусым айына жоспарланған. Нақты күні мен өтетін орны туралы қатысушыларға қосымша хабарланады.
Ұйымдастырушылардың байланыс телефондары
- Садирбаева Дина +7 778 457 5218
- Божко Елена +7 777 288 6414
- Байменова Эльвира +7 707 672 8521
- Өтебек Алия +7 705 976 3949
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Ереже «EDUSTREAM Juldyzdary-2027» Республикалық жобалық жұмыстар байқауын ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілейді.
1.2. Байқау 5–11 сынып оқушыларының ағылшын тілін меңгеру деңгейін көтеруге, олардың шығармашылық, зерттеу және жобалық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ ағылшын тілі мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибесін анықтауға, қолдауға және таратуға бағытталған.
1.3. Байқау Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары арасында өткізіледі.
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Express Publishing баспасының «EXCEL 5-9 for Kazakhstan» / «ASPECT 10-11 for Kazakhstan» және «ACTION 10-11 for Kazakhstan» оқу-әдістемелік кешендері негізінде, 5–11-сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін, функционалдық сауаттылығын, зерттеу және жобалық дағдыларын дамыту, сондай-ақ өз бетінше оқу, сыни және шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастыру арқылы ағылшын тілін оқыту сапасын арттыру.
Міндеттері:
- ағылшын тілінде тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын дамыту;
- жобалық және зерттеу қызметі арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру;
- ағылшын тілін оқытудың инновациялық әдістерін енгізуді қолдау;
- шығармашылықпен жұмыс істейтін және талантты ағылшын тілі мұғалімдерін анықтау және қолдау;
- озық педагогикалық тәжірибені республикалық деңгейде тарату;
- оқушыларда сыни тұрғыдан ойлау, көшбасшылық қасиеттер мен халықаралық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
3. Конкурсқа қатысушылар
3.1 Конкурсқа Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 5–11 сынып оқушылары және олардың жетекшілері — ағылшын тілі мұғалімдері қатыса алады.
3.2 Конкурсқа 2026–2027 оқу жылында «Express Publishing» баспасының төменде көрсетілен оқу-әдістемелік кешендерімен жұмыс істейтін ағылшын тілі мұғалімдері қатысуға жіберіледі: «EXCEL 5-9 for Kazakhstan»/«ASPECT 10-11 for Kazakhstan» және «ACTION 10-11 for Kazakhstan»
3.3 БАЙҚАУҒА СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДЫҢ (2022-2023, 2023-2024, 2025-2026) ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ҚАТЫСПАЙДЫ.
4. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
4.1. Байқауды өткізу кезеңдері
I кезең — қатысушыларды тіркеу және өтінімдерді қабылдау. Тіркеу және өтінімдер 2026 жылдың 1 қарашасынан 2027 жылдың 30 қаңтарына дейін төменде көрсетілген сілтеме бойынша жүргізіледі:
ссылка будет опубликована позже
II кезең — байқау жұмыстарын қабылдау. Қатысушылар авторлық жобалық жұмысты PDF/Microsoft Word форматында және ағылшын тіліндегі бейнеролик (бейнепрезентация) түрінде ұсынады. Презентация ұзақтығы 7 минуттан аспауы тиіс. Байқау жұмыстары 2027 жылдың 22 ақпаннан 18 сәуірге дейін қабылданады. Барлық тіркелген қатысушылардың электрондық поштасына жобалық жұмыстарды қорғау бейнематериалдарын жүктеуге арналған сілтемелер жіберіледі.
III кезең — байқау жұмыстарын бағалау, жеңімпаздарды анықтау және марапаттау.
Байқаудың қорытындысы қазылар алқасының шешімі негізінде шығарылып, 2027 жылғы маусымда жарияланады. Қатысушыларға марапаттау рәсімінің нақты күні мен өтетін орны туралы қосымша хабарланады.
5. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар
5.1. Байқауға 5–11 сынып оқушыларының «Express Publishing» баспасының оқу-әдістемелік кешендері: «EXCEL 5-11 for Kazakhstan»/«ASPECT 10-11 for Kazakhstan» және «ACTION 10-11 for Kazakhstan» негізінде дайындалған авторлық ЖОБАЛЫҚ жұмыстары қабылданады.
5.2 Конкурстық жобаның тақырыбы Қазақстанға бейімделген Express Publishing халықаралық баспасының келесі оқу-әдістемелік кешендерінің кез келген тақырыбы негізінде таңдалуы тиіс: Excel for Kazakhstan (5–9-сыныптар); Aspect for Kazakhstan (10–11-сыныптар); Action for Kazakhstan (10–11-сыныптар).
5.3 Жоба ағылшын тілінде жазылуы тиіс. Оның тақырыбы 5–11 сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.
5.4 Жобаны бір оқушы жеке өзі немесе екі оқушыдан тұратын топ орындай алады. Әрбір жобаға бір жетекші — ағылшын тілі пәнінің мұғалімі бекітіледі.
5.5 Байқау жұмысы бірден екі форматта ұсынылуы керек:
- ғылыми жобаның электронды нұсқасы (PDF немесе Microsoft Word форматында);
- көпшілікке қолжетімді интернет-платформаға (YouTube) жүктелген бейнепрезентацияға (жобаны қорғауға) сілтеме.
- өтінім беру кезінде қатысушы жобаның электронды нұсқасын тіркеуі және бейнепрезентацияға белсенді сілтемені көрсетуі міндетті. Сілтеме байқау іріктеуі аяқталғанға дейін қолжетімді болуы тиіс.
5.6 Жазбаша жұмысқа қойылатын талаптар
Ғылыми жоба электронды түрде (PDF немесе Microsoft Word форматында) ұсынылады. Онда мыналар болуы тиіс:
• титул парағы (мұқаба беті);
• жоба атауы;
• мазмұны (қажет болған жағдайда);
• кіріспе (өзектілігі, зерттеу мақсаты мен міндеттері);
• гипотеза (болжам, болған жағдайда);
• зерттеу объектісі мен пәні;
• зерттеу әдістері;
• зерттеу барысы сипатталған негізгі бөлім;
• зерттеу нәтижелері;
• қорытындылар мен практикалық ұсынымдар;
• пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Жобаның бейнепрезентациясына қойылатын талаптар
5.7. Жобаны қорғау ағылшын тілінде өтеді. Бейнепрезентацияның ұзақтығы 5-тен 7 минутқа дейін болуы керек.
5.8. Бейнеролик MP4 немесе WMV форматында жазылуы тиіс. Ол көлденең форматта түсірілуі керек. Бейне мен дыбыс сапасы жақсы болуы қажет.
5.9. Қатысушы бейнепрезентацияны өзінің YouTube аккаунтына жүктеуі міндетті. Көруге қолжетімді болуы керек. Бейнероликке сілтеме конкурс жұмысын жүктеу кезінде тіркеледі. Бұл сілтеме тіркеуден кейін қатысушылардың электронды поштасына жіберіледі.
5.10. Бейнепрезентацияның басында қатысушы өзін төменде көрсетілген реттілікпен ағылшын тілінде таныстыруы тиіс:
- аты-жөні;
- сыныбы;
- мектептің атауы;
- қаласы (аймағы);
- ағылшын тілі пәні мұғалімінің аты-жөні;
- жоба тақырыбы.
Например: «Hello! My name is… I am a Grade 7 student of School №… in … . My English teacher is… Today I would like to present our project entitled…»
5.11. Бейнежазбада қатысушылардың өз дауысы дыбысталуы тиіс. Бейнежазбаны ұсыну барысында немесе титрлерінде төменде көретілген ақпарат болуы керек:
- қатысушының (қатысушыларының) тегі (тегі) және аты (аты);
- сыныбы;
- жоба жетекшісінің (ағылшын тілі мұғалімінің) тегі, аты және әкесінің аты.
5.12. Жобаны ұсыну барысында дайындалған сценарийді оқуға рұқсат етілмейді. Қатысушылар көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын (Presentation Skills), ағылшын тілін жетік меңгергендігін және зерттеу нәтижелерін ұсына алатындығын көрсетуі керек.
Жалпы талаптар
5.13. Байқау жұмыстары авторлық болуы, академиялық адалдық қағидаттарына сай келуі және бұған дейін басқа республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болмауы тиіс.
5.14. Тіркелу кезінде дербес деректерді ұсына отырып, қатысушылар жұмыстарды өңдеуге және байқауды өткізуге қатысты ақпараттық хабарламаларды алуға өз келісімдерін растайды.
5.15. Ұйымдастыру комитеті байқауды танымал ету мақсатында конкурс материалдарын коммерциялық емес мақсатта, соның ішінде бейнепрезентацияларды ресми YouTube-арнасында, ұйымдастырушылардың сайтында және әлеуметтік желілерде, оның ішінде @expresspublishing.kz парақшасында авторлығын міндетті түрде көрсете отырып жариялау құқығын өзіне қалдырады.
5.16. Байқау тақырыбына сай келмейтін, бейне немесе дыбыс сапасы төмен бейнероликтер, сондай-ақ дайындықсыз түсірілген бейнежазбалар (мысалы: презентациялық материалдарды, көрнекі құралдарды немесе жобаны қорғау элементтерін пайдаланбай, үй жағдайында жазылған монолог) қатысуға жіберілмейді.
6. Бағалау критерийлері
6.1 Байқау жұмыстары төменде көрсетілген критерийлер бойынша бағаланады:
- Зерттеу тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығы.
- Жоба мазмұнының зерттеудің мәлімделген тақырыбына, мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігі.
- Зерттеудің ғылыми негізділігі, логикалығы және толықтығы.
- Идеяның ерекшелігі, шығармашылық көзқарас және жобаның дербес орындалуы.
Практикалық құндылық және зерттеу нәтижелерін қолдану мүмкіндігі.
Ағылшын тілін меңгеру деңгейі (грамматикалық тұрғыдан дұрыстығы, сөздік қоры, айтылуы, сөйлеу еркіндігі). - Презентация жасау дағдылары (Presentation Skills):
-
- баяндау барысындағы сенімділігі;
- аудиторияны қызықтыра білу қабілеті;
- уақыт регламентін сақтауы;
- мәтінді оқымауы (өз сөзімен айтуы).
- Жазбаша жұмыстың рәсімделу сапасы (құрылымы, сауаттылық, ресімделуі, Ереже талаптарын сақтауы).
- Бейнепрезентация сапасы (визуалды безендірілуі, көрнекі құралдарды пайдалануы, бейне мен дыбыс сапасы).
- Сұрақтарға дәлелді жауап беруі және зерттеу нәтижелерін қорғай білуі.
7. КОНКУРСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ
7.1. Конкурсқа қатысу осы Ереже талаптарымен толық келісуді білдіреді.
7.2. Ұйымдастыру комитеті қажет болған жағдайда осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
7.3. Ұсынылған конкурс материалдарының сапасы белгіленген бағалау критерийлеріне сәйкес тәуелсіз әділқазылар алқасымен бағаланады. Әділқазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қаралмайды.
7.4. Конкурс әділқазылары жеңімпаздарды номинациялар бойынша анықтайды: Гран-При, 1-3 орын және номинациялар;
7.5. Конкурс жеңімпазы атанбаған оқушылар мен ағылшын тілі мұғалімдеріне қатысушы сертификаты беріледі.
7.6. Конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге байланысты барлық мәселелерді Ұйымдастыру комитеті шешеді.
7.7. Конкурс жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі 2027 жылдың маусым айына жоспарланған. Салтанатты шараның өтетін нақты күні мен орны туралы қатысушыларға қосымша хабарланады.
Ұйымдастырушылардың байланыс нөмірлері
- Садирбаева Дина +7 778 457 5218
- Божко Елена +7 777 288 6414
- Байменова Эльвира +7 707 672 8521
- Өтебек Әлия +7 705 976 3949
Фотографии 2026 года доступны по ссылке: