Ұмытылмас каникул
Венадағы жазғы тіл лагері – Уақытты пайдалы да жайлы өткіз!
Каникул, шытырман оқиғалар және қызықты шет тілі —
осының бәрін Edustream каникулдағы бағдарламада ұсынады
Балаңыз жазды қызыққа толы, жаңа адамдармен танысып, ұмытылмастай өткізгенін қалайсыз ба?
Біз Венада тіл үйрену лагерін ұсынамыз, балаңыз ол жақтағы тіл мектебінде тек неміс тілін үйреніп қоймай, естен кетпес шытырман оқиғаларды бастан кешіп, жаңа достармен танысады және көптеген қызық жер көреді.
Балаңыз қаланың қақ ортасында тұрған The Social Hub Vienna қонақ үйінде тұрады, онда жайлы өмірге керектінің бәрі бар. Балалар Австрия мәдениеті мен тарихын сусындағанға күн сайын Венамен экскурсия ұйымдастырылады.
Венадағы тіл үйрену лагеріне балаңызды жазып, оған өмір бойына ұмытылмас әсер мен сезім сыйлаңыз!
Каникулымыздың басты бөліктер
-
Тілдерді үйрену
Ағылшын немесе неміс тілін күнде 3 сағат интерактивті сабақпен оқу!
Сабақ Венаның қақ ортасындағы біздің заманауи, техникамен жабдықталған тіл мектебімізде өтеді.Қатысушылар тіл деңгейін анықтайтын тесттен өткен соң, топқа бөлінеді.
Ағылшын немесе неміс тілі курсына барлық тіл машығын қамтитын базалық тренинг, сондай-ақ бала көпшілік алдында өз пікірін еркін жеткізуді және командамен жұмыс істеуді үйренетін креативті тапсырмалар жатады.
+ күні бойы тілді қолдану балаға шет тілінде сөйлеу кезінде қателесуден қорықпауға көмектеседі. -
Тұратын жер
The Social Hub Vienna – дизайны ерекше әрі тамаша қызмет көрсететін заманауи қонақ үй.
Бұл жерде әр номер ыңғайлы төсек, жұмсақ көрпе-жастық және озық техника сияқты жайлы демалысқа керектінің бәрімен жабдықталған.
Қонақ үй мейрамханасы балғын әрі сапалы ингредиенттен таңдаулы тағам әзірлеп, өте талғампаз деген жанның жүрегіне жол табады.
-
Шаралар
Балалар әйгілі Пратер ойын-сауық паркіне барып, аттракционда сырғанайды, Шенбрун және Бельведер сарайында әдемі бақтарды тамашалап, австриялық императорлар тарихымен танысады.
Қаланы аралап, Дунай бойымен жүзу – қаланы жақынырақ танып, әсемдігінен ләззат алудың ең керемет жолы. Сіздер Музыка мұражайы, Океанариум, Техникалық мұражай, Венадағы жаратылыстану тарихы мұражайы сияқты көптеген мұражайды көре аласыздар. Сондай-ақ біз Вена Ұлттық университетіне барамыз да, Австриядағы жоғарғы білім жайлы мол мағлұмат аламыз.
01 / 03
Және тағы
-
Әр балаға деген қамқорлық пен қауіпсіздік
Балалар он жылдық тәжірибесі бар педагогтың қарауында болады. Сондай-ақ Австрия ұстанатын көші-қон саясаты Еуропадағы ең қатаңдардың бірі, сондықтан көшесі тыныш әрі қауіпсіз.
-
Барлық қажет құжатты жинауға көмектесеміз
Шетелдік ЖОО түсуге және тұруға рұқсат алуға көмектескенімізге 8 жылдан асты, құжат жағынан қиындық болмайды.
-
Әр баланың есінде қалатын шаралар
Әрбір экскурсия мен сапар балаңыздың есінде қалады, әйтсе де бағдарлама ең болмаса бір күн ұмытылмайтындай етіп құрылған.
-
Ата-анаға күнде фото және бейне-есеп жүргізіледі
Әр отряд пен олардың ата-анасына телеграмда арна ашылады, ол жерде балаңыз күнін қалай өткізгенін жариялап отырамыз.
Кесте және бағасы



Толық білгіңіз және жазылғыңыз келсе, өтініш қалдырыңыз!

EduStream тіл мектептеріндегі баланың қызығушылығы мен хоббиін ескере отырып, Қазақстан оқушылары мен студенттері үшін шетелде ұмытылмас демалыс бағдарламасын таңдаңыз.
Біз сізді өзіміздің тілдік мектептерде күтеміз
Алматыда және Астанада
- Алматы
- Астана
- Вена
Мәңілік Ел, 23 "Янтарный" тұрғын-үй кешені
дс-жм: 9:00-20:00.
сб: 10:00-14:00