Сіздің балаңыз ағылшын
тіліне құштар болады
Ағылшын тілі – ең кішкентайларға
Ағылшын тілін EduStream орталығында оқыған балаларға қатты ұнайды
Біздің сабақтар жылы шыраймен, достық қатынаста өтеді
Біздің тәжірибелі ұстаздар ең жасқаншақ баламен де байланыс орната алады.
Арада 5 минут өткенде балалар әңгімеге ілесіп, сұраққа жауап бере бастайды, сөйтіп шығармашылық үрдіске біржолата бет бұрады
Сабақ соңында балалар ән салып, ойнап, үйлеріне кеткісі келмейді

Балақайлардың көмекшісі бар
Оқулық кейіпкері - Смайлик
Ол кітаптың әр бетінде пайда болып,
тапсырмаларды түсіндіреді, мультфильмдер
мен суреттерде көрініп, баға қояды!
Ең басты көмекшілер –
біздің кішіпейіл де ілтипатты ұстаздар
-
John Derrick
Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі
-
Анастасия Васильева
Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі
-
Сәуле Әлімғазы
Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі
-
Precious Ubaka Spik
Нұр-Сұлтандағы ағылшын тілі мұғалімі
-
Салтанат Әлімқұлова
Нұр-Сұлтандағы ағылшын тілі мұғалімі
-
Жазира Сабекова
Нұр-Сұлтандағы ағылшын тілі мұғалімі
-
Екатерина Фролова
Астанадағы ағылшын тілі мұғалімі
John Derrick
Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі
– Нi! How are you? – күлімкөз Джон Деррик қашанда осылай бірінші амандасады. Және оның «How are you?» деген сұрағына жауап бермеу мүмкін емес, себебі ол шынымен де сенің қал-жағдайыңды білгісі келіп тұрады. Джон халықаралық “Edu Stream” оқу орталығының мақтанышы. Ол кез келген жастағы студенттерді оқытады. Әріптестер арасында беделді.
Бұл ұстаздың ерекшелігі — халықаралық IELTS емтиханына дайындайды. Шәкірттерінің орташа баллы – 6.0-6.5. Мистер Дерек халықаралық TESOL (USA, South East Missouri state university)сертификатының иегері.
Джон Деррик Тионгсон Филиппиннің тумасы. Алматыға отбасымен көшіп келген. Оған дейін Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияның түрлі елінде әртүрлі салада жұмыс істеді. Бизнес саласында тренер ретінде тәжірибе жинаған ол, ағылшын тілінен сабақ беріп көруді шешкен.
2000 жылдың басында Азияда ағылшын тілінің ұстазына сұраныс жоғары еді, сондықтан ол бұған мүмкіндік, сондай-ақ болашақта кемелденуге апарар жол деп қарады. Қазақстанға келе сала біздің Edu Stream оқу орталығының директоры Наталья Мұхамеджанованың командасына тап болды да, бізбен қалды – бұған әріптестері мен оқушылары өте қуанды. Джонның сабағына келіңіз!
Анастасия Васильева
Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі
Біздің бірегей ұстазымыз Анастасия Васильевамен танысып қойыңыз! Британияға сіңгені соншалықты, келбеті Мэри Поппинске ұқсайтын қыз.
– Кемелденген Мисс емес, жинақы ледидің кейіпін киген сияқтымын, – дейді Анастасия. – Маған ағылшын мәдениетіне қатысты болған ұнайды, сүйікті кейіпкерлерім көбіне детектив Шерлок Холмс пен Агата Кристи және олардың бастан кешкені. Сол бір қамалдар, винтаж, тәкәппар британдықтар, көлемді перделер мен қараңғы бөлмелер атмосферасын ұнатамын. Ағылшын арқылы Ұлыбританияға жақындай түсемін, себебі тіл арқылы халықтың ғасырлар бойы жиған ақпаратын аламыз, оларға жақындай түсеміз, бір табан жоғарылаймыз.
Ағылшынды Анастасия өте ерте оқи бастады. Оның анасы – ағылшын мұғалімі, сол себепті жолын қуды. Дәріс беруді студент кезінен бастаған ол, енді өмірін мектепсіз елестете алмайды. Шет тілінен сабақ бергеніне 20 жылдай болды. Тіл оқыту аясы: General English, Business English, Translating practice.
– Мен үшін ұжым бір мақсатты көздеген, жұмысы жолға қойылған біртұтас ағза іспеттес. Ұстаздық етугеді мықты жағым – мақсатқа және оқушыларымның сұранысына сай бейімделу, сабақта жайлы атмосфера қалыптастыру арқылы олар қайтып келгісі, оқығысы келетін сезім ұялату. Өзімді үнемі дамыту арқылы оқушыларыма өзекті білім беруге тырысамын. Саяхатты – жаңа белеске жеткенді жаным сүйеді; Ұлыбританияда кемінде жарты жыл болсам деген арманым бар.
Жақында келгеніне қарамастан, Анастасия орталығымыздың өн бойы озығы. Балалар бұл ледиді пір тұтады. Сіз де тыңдап көріңіз!
Сәуле Әлімғазы
Алматыдағы ағылшын тілі мұғалімі
Бірнеше тіл білетін адам жүйке күйзелісіне, деменция мен Альцгеймер ауруына ұшырамайтынын біліп пе едіңіз. Ондай адам өнертапқыш, алғыр әрі тапқыр келеді, олардың жады мықты, ортаға тез бейімделеді де, сәйкесінше өзгеге қарағанда табыстырақ.
Мектебіміздің ұстаздары кемінде үш тіл біледі. Мысалы, Сәуле Әлімғазының ана тілі қазақ тілі болса, орысша сөйлесіп, ағылшынша ойлайды. Қазақ тілі мен әдебиетінен 35 жыл сабақ берген анасының арқасында мұғалімдікке келді. Сәуле де баламен жұмыс істегенді ұнатады. Еңбек жолын Англиядағы жазғы тіл лагерінен бастаған.
– Менің басты қасиетім – талапшылмын, бұған оқушыларым да риза. Әрі мен әуесқоймын, және табыс кәсібіңді ұнатқанда келеді деп есептеймін. Музыка сияқты ағылшын тіліне де құштармын. Сол себепті кейде сабағымда классика, рэп, рокты шырқап жіберемін. Стингтің әндерін өте жақсы көремін, оның сөздері мен әні тіл үйренгенге мінсіз, неге десеңіз таза британдық сарында.
Өз кәсібіне осынша ғашық ұстазбен тіл үйренгіңіз келсе, бізге жазылыңыз!
Precious Ubaka Spik
Нұр-Сұлтандағы ағылшын тілі мұғалімі
Бұл ұстазымыздың басты ерекшелігі – ағылшын тілін өте үйренгің келетіндей еліктірер атмосфера тудыратыны. Ол тамаша мотиватор.
Оның туған жері Нигерия мен Ямайка. Соңғысы мінезінен байқалады – Прэшэс ашық, жылы шырайлы және тартымды адам. Қазақстанға 3 жыл бұрын ол туған тілін жерлестерімізбен бөлісу мақсатында келген. БАӘ беделді мектептерінде жұмыс істеген тәжірибесі бар.
Оқушы ағылшын тілінің ең қиын деген тақырыбын оңай меңгеру үшін, Прэшэс сабағында өзінің арнайы оқу әдіс-тәсілін қолданады.
Командалық жұмысты тамаша ұйымдастыратыны сонша, сыныптағы оқушылардың барлығы сабаққа кірісіп кетеді. Нәтижесінде коммуникациялық дағды дамып, грамматика меңгеріледі, және әрине сөйлесудегі кедергі жойылады.
Салтанат Әлімқұлова
Нұр-Сұлтандағы ағылшын тілі мұғалімі
2008 жылы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін «Шетел филологиясы: екі шетел тілі» мамандығы бойынша бітіріп, “филолог, ағылшын және француз тілдерінің оқытушысы” біліктілігін алды. 2012 жылы гуманитарлық ғылымдар магистрі ғылыми дәрежесі берілді. Орыс, қазақ, ағылшын және француз тілдерін меңгерген. Педагогикалық өтілі – 12 жыл.
Сабақтарды әртүрлі оқыту түрлерін тиімді қолдана отырып, тиісті әдістемелік деңгейде өткізеді. Жұмыс істеген жылдар ішінде зерттеудің жекелеген нәтижелері ғылыми-практикалық конференцияларда, студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстарының халықаралық конкурстарында апробацияланды, және «European Researcher» импактфакторы бар халықаралық мультидисциплинарлық екі тілді ғылыми журналда жарияланды.
Үш тілде екі сөздік, электронды оқулық, әдістемелік ұсыныстар шығарылды. Білім берудің негізгі іргетасы – оқушыға өз мүмкіндіктеріне сеніп, өзін табуға, қабілеттерін ашуға көмектесу.
Жазира Сабекова
Нұр-Сұлтандағы ағылшын тілі мұғалімі
Сабекова Жазира Ундирбековна ағылшын тілі пәні мұғалімі лауазымында EduStream компаниясында жұмыс істейді. Оқушы кезінде ағылшын тіліне қатты қызығып, кейінгі уақытта осы тілді еркін меңгеруге бел буды. Бакалавр дәрежесін Шымкент қаласында, ал магистр дәрежесін Астана қаласында меңгерді.
2013 жылы “Болашақ” халықаралық бағдарламасы бойынша Швейцарияда оқыды. TKT, CLIL сертификаттарының иегері. 2019 жылы CELTA курсынан өтті.
Алдағы уақытта LanguageCERT емтиханын сәтті тапсыруға ниеттеніп жүр. Ағылшын тілін оқыту методикасы жайлы әдебиетті оқығанды ұнатады. Әрдайым жаңа қабілеттер мен білім ізденісінде.
Екатерина Фролова
Астанадағы ағылшын тілі мұғалімі
Екатерина педагогикалық университетті «ағылшын филологиясы» мамандығы бойынша үздік бітірді. Ағылшынын Еуропаға барып шыңдаған. Кейін репетиторлық етті, SOS балалар ауылында сабақ берді, тіл лагерлерінде жұмыс істеді. Жасы мен тіл деңгейі әртүрлі студенттермен жұмыс жүргізген тәжірибелі маман.
Көп уақытын Екатерина мамандандырылған тренингтер мен вебинарларға арнайды, себебі табысты ұстаз болу үшін, кәсіби тұрғыда үнемі шыңдалып отыру керектігіне кәміл сенеді.
Мектебіміздің сабағында Екатерина тіл оқытудың барлық аясын: өзекті материалды, ойынды, заманауи техника мен әдісті қолдану арқылы жұмыс істейді. Дәріс кезінде ақ пейілділік танытып, жақсы нәтижеге жеткізеді. Ол шет тілін оқу үрдісі қызықты әрі еліктіретіндей болуы керек екеніне сенімді. Сондай-ақ бұл жаңа мәдениетпен танысатын мүмкіндік, сондықтан сабақта мақала, өлең, подкаст және видео қолданылады.
01 / 05
Ағылшын тілін заманға сай прогрессивті әдістер негізінде оқытамыз
Балалар ағылшын тілін ойдағыдай сәтті меңгеруде
-
Саралап оқыту – ақпаратты мейлінше ыңғайлы жолмен қабылдау
Әрбір оқушыға тән өзіндік ерекшелік бар: ақпаратты қабылдау, талдау деңгейінен, оқу, білім деңгейіне дейін. Біз ұсынатын Express Publishing материалдары әр оқушының жас деңгейіне сай мүмкіндік көрсеткіштерін ескере отырып әзірленген. Біздегі топтар оқушылардың тіл меңгеру деңгейі негізінде жасақталып, сараланады.
-
Коммуникация және ынтымақтастық – негізгі тіл дағдыларын жеделдетіп дамыту
Оқушылар жұппен не топ ішінде оқып, бір-бірімен ынтымақтасып жұмыс істеуді үйренеді. Бұл өте тиімді әдіс. Топ ішінде олардың тыңдау, оқу, сөйлеу қабілеттері одан әрі дамып, шыңдала түседі.
-
CLIL пәнаралық байланысы – пән мазмұны мен ағылшын тілін қатар үйрену
Шет тілін күнделікті өмір ағымына жеделдетіп енгізіп, кәсіби тақырыптар деңгейінде сөйлесу дағдыларын меңгеру үшін. CLIL оқу барысында қосымша уақыт талап етпейді, бірақ шет тілімен байланыс аясын ұлғайта түседі. Бұл тіл меңгеру деңгейін арттыруға ықпал етеді.
01 / 03
Балалар ағылшын тілін ойдағыдай сәтті меңгеруде
Ата-аналар дән риза
Біз сізді өзіміздің тілдік мектептерде күтеміз
Алматыда және Астанада
- Алматы
- Астана
- Вена
Мәңілік Ел, 23 "Янтарный" тұрғын-үй кешені
дс-жм: 9:00-20:00
сб: 10:00-17:00