«Білім, мәдениет және отбасы құндылығы арқылы зорлық-зомбылық жоқ қоғам құру» Республикалық Форумын өткізу.
«Білім, мәдениет және отбасы құндылығы арқылы зорлық-зомбылық жоқ қоғам құру» Республикалық Форумын өткізу.
«EDU Stream» халықаралық компаниялар тобы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясының қолдауымен «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» әлеуметтік жобасы шеңберінде «Білім, мәдениет және отбасы құндылығы арқылы зорлық-зомбылық жоқ қоғам құру» Республикалық Форумын өткізу туралы хабарлауға қуанышты. Жоба бастамашысы — Алматы қаласы әкімінің жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі Комиссия.
Республикалық форум
Өткізу уақыты:
Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы, Астана қ., Достық к-сі, 11.
Бұл жобаның басты бағыты қоғамдық күшті, қоғамдық бастамаларды, халықаралық ұйымдарды мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қоғамда түрлі сипат алған: экономикалық, әлеуметтік, тұрмыстық (оның ішінде физикалық) зорлық-зомбылықты жою жолдарын бірлесіп іздеуге тарту және біріктіру болып табылады.
«Білім, мәдениет және отбасылық құндылықтар арқылы зорлық-зомбылықсыз қоғам құру» Республикалық Форумын өткізу.
Әлеуметтік жобаны іске асыру барысында бірқатар іс-шаралар өткізілді:
- «One World — New Generation» жобасы аясында «балалар зорлық — зомбылыққа қарсы» атты балалар суретінің байқауының (14−18 жас) — қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды және марапатталды;
- Жобаны іске қосу бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді-15 ақпан 2024;
- Қазақстандық делегацияның зорлық — зомбылыққа қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесімен танысу мақсатында Австрияға Вена қаласына сапар ұйымдастырылды-25−30 наурыз 2024;
- Австрияда Вена қаласындағы республикалық балалар суреті байқауының жеңімпаздарының жұмыстарының көрмесі өтті — 27 наурыз 2024 ж;
- Шетелдік тәжірибені тарату және зорлық — зомбылықты жою бойынша ұсыныстар мен іс-қимылдар әзірлеу мақсатында сапар нәтижелері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды-2024 жылғы 26 сәуір