Политика конфиденциальности

«EDU Stream Plus» ЖШС (Эду Стрим Плюс) оқу орталығының құпиялылық және жеке дерегін өңдеу саясаты

Құпиялылық және жеке деректі өңдеу жөніндегі бұл саясат «EDU Stream Plus» ЖШС (Эду Стрим Плюс) оқу орталығының (бұдан ары — оқу орталығы) Вебсайтының жеке және өзге дерегін өңдеу тәртібін реттейді. Құпиялылық саясатының бұл редакциясы танысқанға әрқашан қолжетімді және Ғаламтор желісінде https://edustream.kz адресінде орналасқан.

Осы Вебсайтта толтырған жеке және өзге деректі, сондай-ақ электрондық үлгіде құжаттарды оқу орталығына беру арқылы Қолданушы толтырған дерегін осы Құпиялылық саясатта көрсетілген шарт негізінде қолдануға өз келісімін береді.
Егер Қолданушы осы Құпиялылық саясатының шартымен келіспесе, онда Вебсайтты қолдануды тоқтатуға міндетті.

Қолданушы Вебсайтты пайдалану арқылы осы Құпиялылық саясатына шартсыз түрде келіседі.
1. ТЕРМИНДЕР МЕН МАҒЫНАЛАР
1.1. Вебсайт – ғаламтор желісінде https://edustream.kz адресі бойынша орналасқан электрондық ресурс.
Вебсайтқа және оның жеке элементіне (бағдарламалық қамту, дизайн) иелік құқық толыққанды тек Оқу орталығына тиесілі. Иелік құқығын Қолданушыға беру осы Құпиялылық саясатының мәні болып табылмайды.

Сондай-ақ https://kgl.edustream.kz адресі бойынша орналасқан, Kangaroo Global Linguistics олимпиадасына (бұдан әрі — Олимпиада) қатысушыларды тіркеуге арналған электрондық ресурс Вебсайт болып табылады.

1.2. Қолданушы — Вебсайтты пайдаланатын тұлға.

1.3. Заң — Қазақстан Республикасының күші бар заңы.

1.4. Жеке дерек — Қолданушының өз бетінше тіркелу немесе Вебсайт функционалын пайдалану процесі кезінде Қолданушының енгізген жеке дерегі.

1.5. Дерек — Қолданушы туралы өзге деректер (Жеке дерек деген түсінікке жатпайды).

1.6. Тіркелу — Қолданушының Вебсайтта қажетті ақпаратты енгізіп, сканнан өткен құжатты жіберу арқылы профилін құруы.

1.7. Қызмет(тер) — онлайн қолжетімділікті қоса алғандағы Оқу орталығы көрсететін қызметтер.

1.8. Үйлестіруші — Вебсайтта тіркелген және өз білім беру ұйымының Қатысушыларының деректерін енгізетін білім беру ұйымының кәмелетке толған өкілі (қызметкері).

1.9. Қатысушы — Олимпиадаға қатысу үшін Үйлестіруші тіркеген білім алушы, оның ішінде 18 жасқа толмаған.

1.10. Заңды өкіл — 18 жасқа толмаған Қатысушының ата-анасы, асырап алушысы, қорғаншысы немесе қамқоршысы.

1.11. Олимпиада ұйымдастырушысы — Kangaroo Global Linguistics олимпиадасын өткізетін халықаралық ұйым. Оқу орталығы Олимпиаданы өткізу үшін Қатысушылардың деректерін оған береді.

2. ЖЕКЕ ДЕРЕКТІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ
2.1. Оқу орталығы жинайтын және сақтайтын Жеке дерек — ол тек Оқу орталығының қызмет көрсету және Қолданушымен қарым-қатынас құруға қажетті ғана дерек.

2.2. Жеке дерек келесі мақсатта:

2.2.1 Қолданушыға қызмет көрсетуде;

2.2.2 Қолданушыны сәйкестендіруде;

2.2.3 Қолданушымен қарым-қатынаста;

2.2.4 Қолданушыға жарнамалық материал, ақпарат және сұрау жіберуде;

2.2.5 статистикалық және өзге зерттеу жүргізуде қолданылуы мүмкін;

2.2.6 Қатысушыларды тіркеуде, Олимпиаданы өткізуде, ұйымдастыру жарнасының төленуін тексеруде, Қатысушыларға, мұғалімдерге және Үйлестірушілерге сертификаттар дайындау мен беруде;

2.3. Оқу орталығы сондай-ақ келесі деректі өңдейді:

2.3.1 тегі, есімі және әкесінің аты;

2.3.2 электрондық пошта адресі;

2.3.3 телефон номері (с.і. ұялы).

2.3.4 Қатысушының туған күні және жынысы;

2.3.5 білім беру ұйымының атауы, елді мекен және өңір;

2.3.6 қатысу үшін таңдалған ағылшын тілін меңгеру деңгейі;

2.3.7 Үйлестірушінің лауазымы, Қатысушыны дайындаған мұғалімнің тегі мен аты;

2.3.8 төлемді растайтын құжаттар (түбіртектер) және ұйымдастыру жарнасын қайтару туралы өтініштер;

2.3.9 Қатысушының Олимпиададағы нәтижелері мен сертификаттары.

2.4. Вебсайтта Қолданушыға үшінші тараптың (ол тараптың мүддесін қорғауға құжат жүзінде рұқсат берілген жағдайдан басқасы) жеке дерегін енгізуге тыйым салынған.

Үйлестіруші Қатысушылардың Заңды өкілдерінің (және мұғалімдердің өздерінің) деректерді 2.2.6-тармақта көрсетілген мақсаттарда өңдеуге және беруге келісімін алған жағдайда, Қатысушылар мен мұғалімдердің жеке деректерін енгізуге құқылы. Үйлестіруші келісімнің алынғанын Вебсайтта тіркелу кезінде растайды және Оқу орталығының сұрауы бойынша оның растамасын ұсынады.

2.5. 18 жасқа толмаған Қатысушылардың жеке деректері тек олардың Заңды өкілдерінің келісімімен және тек 2.2.6-тармақта көрсетілген мақсаттарда өңделеді. Бұл деректер жарнамалық материалдар жіберу үшін (2.2.4-тармақ) пайдаланылмайды.

3. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕРЕКТІ ӨҢДЕУ ТӘРТІБІ
3.1. Оқу орталығы Жеке деректі Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңына және Оқу орталығының ішкі құжатына сәйкес қолдануға міндеттеледі.

3.2. Қолданушының Жеке және өзге дерегіне қатысты құпиялылық, енгізілген дерек бұрындары жалпыға жария болған жағдайдан басқа кезде сақталады.

3.3. Оқу орталығы Жеке деректің мұрағаттағы көшірмесін сақтауға құқылы.

Оқу орталығы Жеке деректі және Деректі Қазақстан Республикасының территориясынан тыс серверде сақтауға құқылы.

3.4. Оқу орталығы Қолданушының Жеке дерегін және Деректі Қолданушының келісімінсіз келесі тұлғаларға:

3.4.1 уәжді сұрауы бойынша мемлекеттік органдарға, соның ішінде анықтау және тергеу органдарына, және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына;

3.4.2 Қазақстан Республикасының күші бар заңда көрсетілген өзге жағдайларда беруге құқылы.

3.5. Оқу орталығы Жеке дерек пен Деректі үшінші тарапқа осы Құпиялылық саясатының 3.4. п. көрсетілмеген келесі жағдайларда:

3.5.1 Қолданушы мұндай қадамға өз келісімін бергенде;

3.5.2 дерек беру Қолданушының Вебсайтты пайдалану және Қолданушыға қызмет көрсету аясында қажет болғанда беруге құқылы;

3.6. Оқу орталығы Жеке деректі және Деректі автоматтандырылған өңдеу бойынша жүргізеді.

3.7. Олимпиаданы өткізу үшін Оқу орталығы Қатысушылардың келесі деректерін Олимпиада ұйымдастырушысына, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс (трансшекаралық беру) береді: тегі мен аты, туған күні, жынысы, деңгейі, білім беру ұйымының атауы және елді мекен. Деректер 2.4-тармаққа сәйкес алынған келісім негізінде және тек Олимпиаданы өткізу мен сертификаттарды дайындау үшін қажетті көлемде беріледі.

3.8. Қатысушылардың, Үйлестірушілердің және мұғалімдердің деректері Олимпиада маусымы аяқталғаннан кейін 5 (бес) жыл бойы сақталады. Бұл қатысу мен нәтижелерді растау, сертификаттарды қалпына келтіру және қайта беру, сондай-ақ келесі маусымдардағы қатысуды есепке алу үшін қажет. Мерзім өткен соң, сондай-ақ Заңды өкілдің талабы бойынша (3.9-тармақ) деректер жойылады немесе иесіздендіріледі. Иесіздендірілген статистикалық деректер (өңірлер, деңгейлер бойынша қатысушылар саны және т.б.) мерзімсіз сақталуы мүмкін. Төлем құжаттары бухгалтерлік есеп туралы заңнамада белгіленген мерзімдерде сақталады.

3.9. Қатысушының Заңды өкілі, Үйлестіруші және мұғалім kgl@edustream.kz адресіне жазбаша өтініш жіберу арқылы өз деректері (баласының деректері) туралы мәлімет сұрауға, оларды түзетуді, бұғаттауды немесе жоюды талап етуге, сондай-ақ өңдеуге берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Олимпиада аяқталғанға дейін келісімді кері қайтарып алу Олимпиадаға қатысудан бас тартуды білдіреді. Бұл жағдайда ұйымдастыру жарнасы Олимпиада ережелеріне сәйкес қайтарылады.

3.10. Қатысушылардың деректеріне тек Оқу орталығының уәкілетті қызметкерлері қол жеткізе алады. Қызметкерлердің деректермен жасаған барлық әрекеттері тіркеледі.

4. ЖЕКЕ ДЕРЕКТІ ҚОРҒАУ
4.1. Оқу орталығы Жеке және өзге деректі Заңға сәйкес тиісті деңгейде қорғайды және Жеке деректі қорғау үшін ұйымдастыру мен техникалық шараларды қажетінше және жеткілікті деңгейде қолданады.

4.2. Қолданылатын қорғау шарасы сондай-ақ Жеке деректі үшінші тараптан заңсыз қолдану немесе кездейсоқ қол жеткізуден, бұзудан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сонымен қатар өзге заңсыз әрекеттен қорғауға мүмкіндік береді.»
5. ӨЗГЕ ЕРЕЖЕЛЕР
5.1. Осы Құпиялылық саясатына және Қолданушы мен Оқу орталығы арасындағы Құпиялылық саясатын қолдануға орай туындайтын қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.

5.2. Осы Келісімнен туындауы мүмкін барлық дау Оқу орталығының тіркелген жері бойынша күші бар заңға сәйкес шешіледі.

Сотқа шағымданбас бұрын Қолданушы сотқа дейінгі міндетті тәртіпті сақтауы және Оқу орталығына тиісті шағымын жазбаша жеткізуі тиіс. Шағымға жауап беру мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.

5.3. Белгілі бір себеппен Құпиялылық саясатының бір немесе бірнеше ережесі жарамсыз немесе заңдық күші жоқ деп танылса, ол Құпиялылық саясатының өзге ережесінің заңдық күшіне және қолданылуына кедергі келтірмейді.

5.4. Оқу орталығы Құпиялылық саясатын кез келген уақытта және Қолданушының алдын-ала келісімінсіз біржақты өзгертуге (толық не бір бөлігін) құқылы. Барлық өзгерту Вебсайтқа жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

5.5. Қолданушы Құпиялылық саясатының өзгергенін өз бетінше қадағалап, жарияланған редакциямен танысуға міндеттенеді.

5.6. Осы Құпиялылық саясаты жөніндегі барлық ұсыныс пен сұрақты

электрондық поштасына: info@edustream.kz

немесе мына телефон арқылы жіберген жөн:

  • Алматы қ. +7 (747) 094 18 85
  • Астана қ. +7‒707‒120‒30‒64