Курс таңдау

Қазақстандағы зорлық-зомбылық мәселесін шешу мақсатында қоғам мен мемлекет бірікті

15 Ақпан 2024
0 587

Қазақстандағы зорлық-зомбылық мәселесін шешу мақсатында қоғам мен мемлекет бірікті

15 Ақпан 2024

«Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» жобасын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйел ісі және отбасы-демографиялық саясатының ұлттық комиссиясы, ҚР Мәдениет және ақпарат министерлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Ғылым және жоғарғы оқу министрлігі, ЮНЕСКО клубының қазақстандық федерациясы мен жергілікті атқарушы органдар қолдады.

Алматыдағы БҰҰ кеңсесінде «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» атты қоғамдық маңызы зор жоба бастау алғаны жарияланды. Әлемдік ауқымды қамтитын шараның жұмыс тобына еліміздегі ең белсенді қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. Мақсат — Қазақстандағы зорлық-зомбылық мәселесін шешу үшін шетелдік тәжірибені зерттеп, қолданатын нақты қадамдар әзірлеу.

«Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» жобасын жүзеге асыру үшін арнайы құрылған жұмыс тобы мақсатының тиімді екеніне — қоғам күші мен бастамасын мемлекеттік органдармен біріктіре отырып қоғамдағы түрлі сипаттағы: экономикалық, әлеуметтік, тұрмыстық (соның ішінде физикалық пен психологиялық) зорлық-зомбылықты жоюға болатынына сенімді. Аталған бастама мәселені шешу жолын жіті сараптап, сұраққа жауап іздегенде барынша қоғамды тарту мақсатын көздейді.

Алты айға шақталған «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» бастамасы аясында — 2024 жылдың қаңтары мен маусымына дейін қоғамның барлық бөлігін қамтитын бірнеше шара өткізу жоспарда бар. Осылайша жобаның алғашқы кезеңінде 14 пен 18 жас аралығында «Балалар зорлық-зомбылыққа қарсы» республикалық сурет конкурсы өткізілді. Өнер сайысының мақсаты, өскелең ұрпақ бойында белсенді азамат болу ұстанымын және қоғамдағы зорлықтың кез келген түріне шыдап тұрмау қасиетін қалыптастыру. 2024 жылдың 31 қаңтарында үміткерлерді қабылдау аяқталғанын ескерсек, конкурсқа күллі Қазақстаннан 400-ден астам қатысушы өтінім берді. Жеңімпаздарды әділ қазылар алқасы анықтайды, ал наурыз-сәуір айларында ұйымдастырушылар озып шыққан туындыларды Вена мен Алматыда көрмеге қояды. Алдын-ала қорытындыға сүйенсек, конкурстың әртүрлі бағытының ішінен балалардың көпшілігі «Отбасындағы зорлық-зомбылық» бағытын суреттеген.

— «Конкурс шартын атап өтсек, балалар мектептегі буллинг, отбасындағы зорлық, жануарларға күш көрсету, психологиялық зорлық сияқты бірнеше бағытты еркін таңдады. Осы орайда көпшілігінің тұрмыстағы зорлықты суреттегені, бүкіл қоғамды жаралаған мәселенің түп тамыры қайда жатқанын көрсетеді. Біз жұмыс тобында шетелдік сарапшылармен бірге зорлық-зомбылық мәселесін зерттегенде осы көрсеткішті міндетті түрде ескереміз. „Зорлық-зомбылық жоқ қоғам“ жобасын жүзеге асыра отырып, біз бұл проблеманы шешу үшін тек қоғам белсенділерінің бастамасы мен мемлекеттік органдар қолданып жатқан шаралар жеткізіліксіз екенін жақсы түсінеміз. Неге десеңіз, бұл мәселеде еліміздің әр азаматының дауысы маңызды, өйткені проблеманың себебі отбасында жатқанын түсінуге, қабылдауға ұмтылып, әркім өзімен жұмыс істесе, күнделікті өмірдегі әрекетін өзгертсе жақсы», — деп атап өтті «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» жобасын ұсынған және ұйымдастырған «EDU Stream» халықаралық компаниялар тобының бас директоры Наталья Мұхамеджанова.

Жас талант иелері марапатталып, көрме өтіп жатқанда жұмыс тобы Австрияға жол тартады да ЕҚЫҰ, БҰҰ, Австрия мен Қазақстанның Мәдениет және оқу ағарту министрліктері мен зорлық-зомбылықты жою мәселесімен айналысатын басқа да құзырлы органдар мен эксперттер қатысқан жоғары деңгейлі кездесу өткізіп, Еуропа елдерінің тәжірибесін зерттейді. Ал сәуір айында «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» жобасын бастағандар, еліміздегі зорлық мәселесін жоюдың нақты жолын ұсынады. Оған етене шаралар эстафетасын әлеуметтік желіде #мензорлыққақарсымын хэштегімен флешмоб жалғастырады. Танымал блогерлер, инфлюенсерлер мен қоғамдық пікірді қалыптастырушыларды ғана емес, Қазақстанның барша халқын осы бастаманы қолдауға шақыратын шара, осылайша айналамызды өзгертуді көздейді. Жобаға соңғы нүктені ағымдағы жылдың маусымына жоспарланған Астанада өтетін форум қоймақшы. Ол кезде ұйымдастырушылар бес айлық жұмыс нәтижесін және бүкіл елді мазалаған зорлық мәселесін ауыздықтаудың нақты амалын жариялайды.

0 587

Пікірлер

Біздегі соңғы айдағы оқиғалар, қараңыз

Қазақстандық жұмыс тобы Австрияның отбасында және қоғамда зорлыққа қарсы амалдарын зерттеп білуде

Еуропа жүрегіне — Венаға «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» атты қоғамдық маңызы зор жобаның …

Оқу
Қазақстандағы зорлық-зомбылық мәселесін шешу мақсатында қоғам мен мемлекет бірікті

«Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» жобасын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйел ісі және отбасы-демографиялық …

Оқу
Балалар зорлық-зомбылыққа қарсы" байқауы бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталды

«Балалар зорлық-зомбылыққа қарсы» байқауы бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталды

Оқу
38 ерекше баланың анасы кәсіп ашуды тегін үйренеді

«Әйелдер әйелдерге» әлеуметтік жобасы республикалық деңгейге шықты. Енді жоба бастау алған Алматы …

Оқу
Республикалық «EDUSTREAM ZHULDYZDARY-2023» конкурсының жеңімпаздары
Оқу
Edu Stream басшысы Қазақстанды дүние жүзі саммитінде танытты

Халықаралық Edu Stream білім орталығының директоры Наталья Мұхамеджанова Дубайда өткен беделді Ғалам …

Оқу
Edustream выходит в мир!

Специалисты компании «Edustream» в качестве спикеров приняли участие в региональной школе на …

Оқу

Мүмкін Сізге біздің мақалалар қызықты болар

Edustream выходит в мир!

Специалисты компании «Edustream» в качестве спикеров приняли участие в региональной школе на …

Оқу
0
476
Профессор Боб Оби: Уровень английского в Казахстане на высоком уровне, а учителя — ищущие и желающие учиться

Завершилась серия мастер-классов автора многочисленных учебников по английскому языку, тренера Кембриджского университета, …

Оқу
0
544
«Edu Stream» ерекше баласы бар аналарға көмектеседі

«Әйелдер әйелдерге» жобасы аясында компаниямыз — «Edu Stream» орталығының директоры Наталья Мұхамеджанова …

Оқу
0
488
Английский и настольные игры.

Выучить, вызубрить — старая школа. Мы в Edustream за современный подход. Дети …

Оқу
0
741
Английский против альцгеймера

Как отсрочить слабоумие с помощью английского языка? Эффективен ли способ борьбы с …

Оқу
0
721
Академический директор «Express Publishing» Джордж Коколас выступил на семинарах в Казахстане

С целью совершенствования педагогического мастерства учителей английского языка по использованию различных методик, …

Оқу
0
889
Edustream компаниясы Қарағанды қаласы мен облысындағы мектептерге оқулықтарды сыйлады

Қарағанды қаласы мен облысындағы мұғалімдерді оқу материалдармен әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында 2-ші …

Оқу
0
902
;