Жыл сайынғы Республикалық театрландырылған бейне қойылымдардың «WonderFest» фестивалі басталды!

21 сентября 2022
0 2574

Жыл сайынғы Республикалық театрландырылған бейне қойылымдардың «WonderFest» фестивалі басталды!

21 сентября 2022

«Оқуға құштар мектеп», «Балалар мен театрлар» жобалары аясында өскелең ұрпақты рухани және интеллектуалдық дамудың қажетті құралы ретінде кітап оқуға баулу және оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мақсатында, сондай-ақ дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында «Edustream» компаниясы 2022 жылдың 20 қыркүйегі мен 2022 жылдың 21 қарашасы аралығында 1−11 сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінде театрландырылған бейне қойылымдардың «WonderFest!» фестивалін өткізеді. Марапаттау рәсімі 2022 жылдың 23 желтоқсанына жоспарланған.

2022 жылғы «WonderFest» байқауы «Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында және биылғы Қазақстандағы «Балалар жылына» арналып өткізіледі.

Байқау ұйымдастырушылары — «Edustream» халықаралық білім беру компаниясы, Қазақстандағы «Express Publishing» халықаралық баспасының ресми эксклюзивті өкілдігі.

Бейне-жұмыстар «Express Publishing» халықаралық баспасы шығарған ағылшын тіліндегі көркем шығармалар негізінде (театрлық қойылым) қабылданады.

Фестивальді өткізу шарттары:

  1. Кез келген мектептің шығармашылық ұжымы фестивальдің қатысушысы бола алады
  2. Қойылымдар «Express Publishing» баспасының ағылшын тілінен қосымша оқуға арналған кітаптары бойынша қабылданады
  3. Фестиваль қатысушылары қойылған шығарма бойынша «Express Publishing» халықаралық баспасының ағылшын тілінен қосымша оқуға арналған кітабын ұсынады
  4. Фестиваль қатысушылары мектептен тек бір театр қойылымын ұсына алады
  5. Театр қойылымына қатысушылардың шығармаға сәйкес келетін костюмдері мен декорациялары болуы тиіс.

КОНКУРС ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРТТАРЫ

Байқау кезеңдері:

1 кезең - Байқауға қатысу туралы өтініш. Өтініш беріп, тіркелу үшін келесі СІЛТЕМЕДЕН өтіңіз https://forms.gle/uA2LYpGSkfTvWCC79

2 кезең - бейне материалды жіберу (видео жүктелген сілтеме).

Байқау талаптары

  1. Бейне материалдың ұзақтығы 5 минуттан кем емес және 9 минуттан аспауы
  2. Бейне материал 1920×1080 немесе 1280×720 пиксель болуы қажет
  3. Конкурстық жұмыстар бағдарламамен (1-қосымша) және бейнежазбаның сілтемесін құрайды
  4. Қойылым жетекшісінің саны 2 мұғалімнен аспау қажет.

Байқаудың мерзімі мен қорытындысын шығару:

Байқаудың қорытындысы 1−4 сыныптар, 5−8 сыныптар, 9−11 сыныптар жас санатын ескере отырып, әр номинация бойынша жеке шығарылады

Байқау өтініші 2022 жылдың 24 қазанына дейін (қоса алғанда) сілтеме бойынша https://forms.gle/uA2LYpGSkfTvWCC79 жіберіледі;

Қойылым бейнематериалының YOUTUBE СІЛТЕМЕСІН 2022 жылдың 21 қарашасына дейін wonderfest_2022@mail.ru электрондық поштаға жіберіледі;

Конкурстық жұмыстар 2022 жылғы 22 қарашасынан бастап 20 желтоқсанына дейін қаралады.

Қорытынды шығару және марапаттау рәсімі 2022 жылғы 23 желтоқсанда өтеді.

Критерийлер және бағалау тәртібі

Конкурстың қорытындысын шығару үшін қазылар алқасы мен конкурстық комиссия құрылады. Қатысушылардың жұмыстарын конкурстық іріктеу комиссия мүшелері қоятын сараптамалық бағалар негізінде жүзеге асырылады.

Фестиваль қатысушыларының жұмыстарын Конкурстық комиссия келесі критерийлер бойынша бағалайды:

  • пән талаптарына сәйкестігі
  • көркемдік ойы (өзіндік және өзіндік ерекшелігі)
  • шығармашылық жұмыстың стилистикалық бірлігі және қойылымның тұтастығы)
  • ағылшын тілінде сауатты сөйлеуі, айтылуы, сөйлемдердің құрылысы
  • костюмдер мен әшекейлер.

Егер екі немесе одан да көп туынды ең жоғары қорытынды баллға тең болса, конкурстық қазылар алқасының төрағасы конкурстық комиссиясымен бірлесіп, конкурс жеңімпазын айқындайды.

Байқауда бас жүлде, I, II, III жүлделі орындар, сондай-ақ номинациялар қарастырылған.

0 2574

Пікірлер

Біздегі соңғы айдағы оқиғалар, қараңыз

Впервые в Казахстане международный конкурс по английскому языку «KGL Contest»!

Организатор — Международный орган по тестированию (ITA), Ирландия. Наше участие в этом …

Оқу
Боб Оби: Казахстанские дети знают больше языков, чем британские

К такому выводу пришел наш спикер, соавтор школьных учебников, Боб Оби. Он …

Оқу
Неміс тілі оқулығы отансүйгіштік пен мәдени мұраға деген құрметті қалыптастырады

Қазақстандық халықаралық EDU Stream компаниялар тобы «Просвещение» халықаралық баспамен бірлесе отырып, Қазақстан …

Оқу
ÖSD емтиханын Қазақстанда өткізу үшін лицензия алу

«Edustream Халықаралық компаниялар тобы» неміс тілінен ÖSD (Österreichisches Sprachdiplom Deutsch) халықаралық емтиханды …

Оқу
Метанавыки и геймификация: российско-казахстанские разработчики создали учебник немецкого языка для школьников

Учебно-методический комплекс по немецкому языку для третьеклассников Казахстана — это результат совместной …

Оқу
«Білім, мәдениет және отбасы құндылығы арқылы зорлық-зомбылық жоқ қоғам құру» Республикалық Форумын өткізу.

«EDU Stream» халықаралық компаниялар тобы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан …

Оқу
Қазақстанның мектеп оқушылары конкурста ағылшынмен қатар француз тілінен де жеңіске жетті

Отандық мектептердің мыңнан астам оқушысы мен ұстазы ағылшын және француз тілінен Республикалық …

Оқу

Мүмкін Сізге біздің мақалалар қызықты болар

Впервые в Казахстане международный конкурс по английскому языку «KGL Contest»!

Организатор — Международный орган по тестированию (ITA), Ирландия. Наше участие в этом …

Оқу
0
224
Боб Оби: Казахстанские дети знают больше языков, чем британские

К такому выводу пришел наш спикер, соавтор школьных учебников, Боб Оби. Он …

Оқу
0
108
Edustream выходит в мир!

Специалисты компании «Edustream» в качестве спикеров приняли участие в региональной школе на …

Оқу
0
1007
Профессор Боб Оби: Уровень английского в Казахстане на высоком уровне, а учителя — ищущие и желающие учиться

Завершилась серия мастер-классов автора многочисленных учебников по английскому языку, тренера Кембриджского университета, …

Оқу
0
1094
«Edu Stream» ерекше баласы бар аналарға көмектеседі

«Әйелдер әйелдерге» жобасы аясында компаниямыз — «Edu Stream» орталығының директоры Наталья Мұхамеджанова …

Оқу
0
946
Английский и настольные игры.

Выучить, вызубрить — старая школа. Мы в Edustream за современный подход. Дети …

Оқу
0
1322
Английский против альцгеймера

Как отсрочить слабоумие с помощью английского языка? Эффективен ли способ борьбы с …

Оқу
0
1278
;