Жыл сайынғы Республикалық театрландырылған бейне қойылымдардың «WonderFest» фестивалі басталды!

21 сентября 2022
0 3789

Жыл сайынғы Республикалық театрландырылған бейне қойылымдардың «WonderFest» фестивалі басталды!

21 сентября 2022

«Оқуға құштар мектеп», «Балалар мен театрлар» жобалары аясында өскелең ұрпақты рухани және интеллектуалдық дамудың қажетті құралы ретінде кітап оқуға баулу және оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мақсатында, сондай-ақ дарынды  оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында «Edustream» компаниясы 2022 жылдың 20 қыркүйегі мен 2022 жылдың 21 қарашасы аралығында 1-11 сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінде театрландырылған бейне қойылымдардың «WonderFest!» фестивалін өткізеді. Марапаттау рәсімі 2022 жылдың 23 желтоқсанына жоспарланған.

2022 жылғы «WonderFest» байқауы «Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында және биылғы Қазақстандағы «Балалар жылына» арналып өткізіледі. 

Байқау ұйымдастырушылары — «Edustream» халықаралық білім беру компаниясы, Қазақстандағы «Express Publishing» халықаралық баспасының ресми эксклюзивті өкілдігі. 

 

Бейне-жұмыстар «Express Publishing» халықаралық баспасы шығарған ағылшын тіліндегі көркем шығармалар негізінде (театрлық қойылым) қабылданады. 

 

Фестивальді өткізу шарттары:

  1. Кез келген мектептің шығармашылық ұжымы фестивальдің қатысушысы бола алады
  2. Қойылымдар «Express Publishing» баспасының ағылшын тілінен қосымша оқуға арналған кітаптары бойынша қабылданады
  3. Фестиваль қатысушылары қойылған шығарма бойынша «Express Publishing» халықаралық баспасының ағылшын тілінен қосымша оқуға арналған кітабын ұсынады
  4. Фестиваль қатысушылары мектептен тек бір театр қойылымын ұсына алады
  5. Театр қойылымына қатысушылардың шығармаға сәйкес келетін костюмдері мен декорациялары болуы тиіс. 

 

КОНКУРС ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРТТАРЫ 

 

Байқау кезеңдері:

1 кезең – Байқауға қатысу туралы өтініш. Өтініш беріп, тіркелу үшін келесі СІЛТЕМЕДЕН өтіңіз https://forms.gle/uA2LYpGSkfTvWCC79

2 кезең – бейне материалды жіберу (видео жүктелген сілтеме). 

 

Байқау талаптары 

  1. Бейне материалдың ұзақтығы 5 минуттан кем емес және 9 минуттан аспауы
  2. Бейне материал 1920 x 1080 немесе 1280 x 720 пиксель болуы қажет
  3. Конкурстық жұмыстар бағдарламамен (1-қосымша) және бейнежазбаның сілтемесін құрайды
  4. Қойылым жетекшісінің саны 2 мұғалімнен аспау қажет. 

 

Байқаудың мерзімі мен қорытындысын шығару:

Байқаудың қорытындысы 1-4 сыныптар, 5-8 сыныптар, 9-11 сыныптар жас санатын ескере отырып, әр номинация бойынша жеке шығарылады

Байқау өтініші 2022 жылдың 24 қазанына дейін (қоса алғанда) сілтеме бойынша https://forms.gle/uA2LYpGSkfTvWCC79 жіберіледі;

Қойылым бейнематериалының YOUTUBE СІЛТЕМЕСІН 2022 жылдың 21 қарашасына дейін wonderfest_2022@mail.ru электрондық поштаға жіберіледі;

Конкурстық жұмыстар 2022 жылғы 22 қарашасынан бастап 20 желтоқсанына дейін қаралады.

Қорытынды шығару және марапаттау рәсімі 2022 жылғы 23 желтоқсанда өтеді. 

 

Критерийлер және бағалау тәртібі

 

Конкурстың қорытындысын шығару үшін қазылар алқасы мен конкурстық комиссия құрылады. Қатысушылардың жұмыстарын конкурстық іріктеу комиссия мүшелері қоятын сараптамалық бағалар негізінде жүзеге асырылады.

 

Фестиваль қатысушыларының жұмыстарын Конкурстық комиссия келесі критерийлер бойынша бағалайды:

  • пән талаптарына сәйкестігі
  • көркемдік ойы (өзіндік және өзіндік ерекшелігі)
  • шығармашылық жұмыстың стилистикалық бірлігі және қойылымның тұтастығы)
  • ағылшын тілінде сауатты сөйлеуі, айтылуы, сөйлемдердің құрылысы 
  • костюмдер мен әшекейлер.

 

Егер екі немесе одан да көп туынды ең жоғары қорытынды баллға тең болса, конкурстық қазылар алқасының төрағасы конкурстық комиссиясымен бірлесіп, конкурс жеңімпазын айқындайды.

 

Байқауда бас жүлде, I, II, III жүлделі орындар, сондай-ақ номинациялар қарастырылған.

0 3789

Біздегі соңғы айдағы оқиғалар, қараңыз

Edustream Juldyzdary-2026

Байқау Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық педагогтар съезіндегі сөйлеген сөзінің …

Оқу
WonderFest-2026

Конкурс проводится в рамках реализации государственной политики по развитию полиязычного образования в …

Оқу
Орта мектептер мен гимназиялардың қазақстандық мұғалімдері арасында «Don’t worry, be a teacher» атты өзін-өзі таныстыру байқауын өткізу туралы ереже

«Учитель – сердце системы образования. Именно от педагога зависит качество знаний и …

Оқу
Қазақстан оқушылары Халықаралық KGL Contest олимпиадасының III кезеңіне өтті

Отандық мектеп оқушылары KGL Contest (Kangaroo Global Linguistics) халықаралық олимпиадасының II кезеңінде …

Оқу
Ағылшын тілінен KGL Contest халықаралық олимпиадасында Қазақстан оқушылары жоғары көрсеткішке жетті

Еліміздің он екі аймағынан 2691 оқушы ағылшын тілінен бақ сынап, KGL Contest …

Оқу
Впервые в Казахстане международный конкурс по английскому языку «KGL Contest»!

Организатор – Международный орган по тестированию (ITA), Ирландия. Наше участие в этом …

Оқу
Боб Оби: Казахстанские дети знают больше языков, чем британские

К такому выводу пришел наш спикер, соавтор школьных учебников, Боб Оби. Он …

Оқу

Мүмкін Сізге біздің мақалалар қызықты болар

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Интернационализация …

Оқу
0
609
Проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Языковое оценивание в педагогической практике (Assessment Literacy)»

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Языковое …

Оқу
0
306
Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов всех уровней образования

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов всех …

Оқу
0
462
Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Управление …

Оқу
0
439
Международный конкурс KGL (Kangaroo Global Linguistics) Contest” среди учащихся средних школ и гимназий

KGL Contest – это международное соревнование, которое ежегодно собирает участников со всего …

Оқу
0
18321
Қазақстан оқушылары Халықаралық KGL Contest олимпиадасының III кезеңіне өтті

Отандық мектеп оқушылары KGL Contest (Kangaroo Global Linguistics) халықаралық олимпиадасының II кезеңінде …

Оқу
0
1518
Интенсивная программа по немецкому языку (B2–C1) с фокусом на экзамен ÖSD

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов среднего, …

Оқу
0
1263
;