Edu Stream басшысы Қазақстанды дүние жүзі саммитінде танытты

16 мая 2023
0 1692

Edu Stream басшысы Қазақстанды дүние жүзі саммитінде танытты

16 мая 2023

Халықаралық Edu Stream білім орталығының директоры Наталья Мұхамеджанова Дубайда өткен беделді Ғалам әйелдері саммитінде Қазақстанның кәсіпкер әйелдерінің әлеуметтік жауапкершілігі туралы баяндады. Осы орайда әлемнің 70 мемлекетінің 800 бизнес иесі, отандық кәсіпкер әйелдерге қошеметін көрсетті. Еліміздің Іскер әйелдері қауымдастығы атынан сөз сөйлеген Наталья, Edu Stream компаниясының бірқатар әлеуметтік жобасын: жағдайы төмен отбасы балаларына ағылшынды тегін оқытқан «Open Mind», мектеп ұстаздары мен оқушылары арасында ағылшынша өтетін «Edu Stream Zhuldyzdary» конкурсы, мыңдаған бала қатысқан «Жануарлар – менің достарым!» сурет байқауы, ерекше баласы бар аналарға кәсіп ашуға және жұмысқа тұруға бағытталған «Әйелдер әйелдерге» жобасы және креативті «Менің сүйікті қалам» эко-акциясын атап өтті.
Ғалам әйелдері саммитінің негізін АҚШ әйелдері ұйымының көшбасшысы тамыры филиппиндық Ирене Нативидат қалаған. Шараға дамыған елдерден министрліктер мен Amazon, IBM, Procter&Gambel, Danone сияқты әлемдік ірі алпауыт бренд өкілдері қатысты. Саммитте дүние жүзінің экономикасы, криптовалюта, роботтар, климат, экология, ғаламдық кәсіптің дамуы және ондағы әйелдің орны талқыланды.
— Мен осындай маңызды саммитке қатысуға мүмкіндік берген Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығының басшысы Сәрсембаева Раушан Бергібайқызына алғыс білдіремін, неге десеңіз, мұндай шара алға дамуға, өз елің жайлы, біздің әйелдердің дамуы туралы паш етуге шабыт береді, әлеммен байланыс орнатады. Алған әсерімді өзіме ұнайтын Джеймс Стефенстің сөзімен қысқа қайырсам: «Әйелдер еркектерге қарағанда ақылдырақ, себебі аз білсе де, көбірек түсінеді», — деп атап өтті Наталья Мұхамеджанова.
Осылайша Edu Stream компаниясы дүние жүзіне танылды!

0 1692

Біздегі соңғы айдағы оқиғалар, қараңыз

Городской конкурс Алматы «Братские Мегаполисы: Взгляд Нового Поколения» среди учителей и школьников французского языка

Конкурс для учителей и школьников французского языка города Алматы, посвящённый международному сотрудничеству …

Оқу
«ЛИНГВОМАСТЕР» — КОНКУРС ДЛЯ УЧИТЕЛЕЙ ЯЗЫКОВЫХ ДИСЦИПЛИН ГОРОДА АЛМАТЫ!

Филолог-педагогтарге арналған кәсіби және шығармашылық байқау мұғалім мәртебесі мен педагогикалық кәсіптің беделін …

Оқу
Edustream Juldyzdary-2026

Байқау Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық педагогтар съезіндегі сөйлеген сөзінің …

Оқу
WonderFest-2026

Конкурс проводится в рамках реализации государственной политики по развитию полиязычного образования в …

Оқу
Орта мектептер мен гимназиялардың қазақстандық мұғалімдері арасында «Don’t worry, be a teacher» атты өзін-өзі таныстыру байқауын өткізу туралы ереже

«Учитель – сердце системы образования. Именно от педагога зависит качество знаний и …

Оқу
Қазақстан оқушылары Халықаралық KGL Contest олимпиадасының III кезеңіне өтті

Отандық мектеп оқушылары KGL Contest (Kangaroo Global Linguistics) халықаралық олимпиадасының II кезеңінде …

Оқу
Ағылшын тілінен KGL Contest халықаралық олимпиадасында Қазақстан оқушылары жоғары көрсеткішке жетті

Еліміздің он екі аймағынан 2691 оқушы ағылшын тілінен бақ сынап, KGL Contest …

Оқу

Мүмкін Сізге біздің мақалалар қызықты болар

Педагог эпохи искусственного интеллекта: от понимания технологий до безопасного применения и обучения школьников

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Педагог …

Оқу
0
102
Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: ««Современные …

Оқу
0
762
Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Интернационализация …

Оқу
0
743
Проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Языковое оценивание в педагогической практике (Assessment Literacy)»

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Языковое …

Оқу
0
425
Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов всех уровней образования

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов всех …

Оқу
0
592
Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Управление …

Оқу
0
577
Международный конкурс KGL (Kangaroo Global Linguistics) Contest” среди учащихся средних школ и гимназий

KGL Contest – это международное соревнование, которое ежегодно собирает участников со всего …

Оқу
0
19473