Курс таңдау

Австрияда қазақ тілін үйренуге қызығушылық артты

27 Сәуір 2023
0 683

Австрияда қазақ тілін үйренуге қызығушылық артты

27 Сәуір 2023

Вена жүрегінде орналасқан «Edustream» тіл мектебінде Австриядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен қазақ тілі курсы және кітапхана ашылды. Бастапқыда мақсат, түрлі себеппен Австрияда тұратын қазақстандық балаларды қолдау болған. Алайда ерікті педагогтар жүргізетін тегін курсқа күтпеген жерде тамыры қазақ деген 19 ғасырдан бері көшіп кеткен бауырлар да келе бастады. Көбінің қаны араласып, есімі қытайша, түрікше болғанмен, олар қанша жерден жырақта, елден елге көшіп жүрсе де, қан тартып тұрады.

— Олардың тіл деңгейі әртүрлі болғанмен, қызығушылығы зор. Кейбір оқушылар қазақ тілін генетикалық тұрғыда ұмытса да, бар ынтасымен оқиды, сол арқылы түпкі тамырын тапқысы келеді, — дейді ұстаздары Анар Әділбекова, — Негізі, біз кәсіби педагог емеспіз, біз еліміз бен дәстүріміздің дамуына үлес қосуды көздеген қарапайым еріктіміз. Сабағымызда «Тіл Қазына» ғылыми орталығының әдістемесі мен оқулығын қолданамыз. Тіл үйренемін деген адамға қазір оқу алаңы, сайт, арна, қосымша дегеннің түрі көп, біз солардың бәрін сабақта қолдана отырып музыка тыңдаймыз, кітап оқимыз. Болашақта оқушыларымыз қазақтың көрнекті жазушылары мен ақындарының тамаша туындыларын тамсана оқи алатындай қазақшаны жетік меңгереді деп үміттенемін.

Барлық оқушы неміс тілінде сөйлейді, сондықтан дәріс немісше жүреді. «Edu Stream» мектебі сабақпен қатар Қазақстанның барлық мерекесін белсенді түрде атап өтеді. Бұл да өз кезегінде салтымыз бен дәстүрімізді насихаттаудың бір жолы. Австриядағы дипломаттарымыз оқу орталығын үнемі қолдап тұрады. Енді қазақ тіліне Еуропаның өзге елінде тұратын этникалық қазақтар қызығушылық танытқандықтан, бұл курсты жалпы еуропалық сабаққа айналдыру жоспарда бар.

0 683

Пікірлер

Біздегі соңғы айдағы оқиғалар, қараңыз

Қазақстанның мектеп оқушылары конкурста ағылшынмен қатар француз тілінен де жеңіске жетті

Отандық мектептердің мыңнан астам оқушысы мен ұстазы ағылшын және француз тілінен Республикалық …

Оқу
Қазақстандық жұмыс тобы Австрияның отбасында және қоғамда зорлыққа қарсы амалдарын зерттеп білуде

Еуропа жүрегіне — Венаға «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» атты қоғамдық маңызы зор жобаның …

Оқу
Қазақстандағы зорлық-зомбылық мәселесін шешу мақсатында қоғам мен мемлекет бірікті

«Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» жобасын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйел ісі және отбасы-демографиялық …

Оқу
Балалар зорлық-зомбылыққа қарсы" байқауы бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталды

«Балалар зорлық-зомбылыққа қарсы» байқауы бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталды

Оқу
38 ерекше баланың анасы кәсіп ашуды тегін үйренеді

«Әйелдер әйелдерге» әлеуметтік жобасы республикалық деңгейге шықты. Енді жоба бастау алған Алматы …

Оқу
Республикалық «EDUSTREAM ZHULDYZDARY-2023» конкурсының жеңімпаздары
Оқу
Edu Stream басшысы Қазақстанды дүние жүзі саммитінде танытты

Халықаралық Edu Stream білім орталығының директоры Наталья Мұхамеджанова Дубайда өткен беделді Ғалам …

Оқу

Мүмкін Сізге біздің мақалалар қызықты болар

Edustream выходит в мир!

Специалисты компании «Edustream» в качестве спикеров приняли участие в региональной школе на …

Оқу
0
719
Профессор Боб Оби: Уровень английского в Казахстане на высоком уровне, а учителя — ищущие и желающие учиться

Завершилась серия мастер-классов автора многочисленных учебников по английскому языку, тренера Кембриджского университета, …

Оқу
0
783
«Edu Stream» ерекше баласы бар аналарға көмектеседі

«Әйелдер әйелдерге» жобасы аясында компаниямыз — «Edu Stream» орталығының директоры Наталья Мұхамеджанова …

Оқу
0
724
Английский и настольные игры.

Выучить, вызубрить — старая школа. Мы в Edustream за современный подход. Дети …

Оқу
0
984
Английский против альцгеймера

Как отсрочить слабоумие с помощью английского языка? Эффективен ли способ борьбы с …

Оқу
0
951
Академический директор «Express Publishing» Джордж Коколас выступил на семинарах в Казахстане

С целью совершенствования педагогического мастерства учителей английского языка по использованию различных методик, …

Оқу
0
1148
Edustream компаниясы Қарағанды қаласы мен облысындағы мектептерге оқулықтарды сыйлады

Қарағанды қаласы мен облысындағы мұғалімдерді оқу материалдармен әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында 2-ші …

Оқу
0
1152
;