Ауыл оқушыларының ағылшын деңгейі қала балаларынан оза бастады

01 июля 2022
0 3383

Ауыл оқушыларының ағылшын деңгейі қала балаларынан оза бастады

01 июля 2022

01.07.2022 Нұр-Сұлтан

Елорда күллі Қазақстаннан SMART-ұстаздар мен оқушыларды - EDU Stream жұлдыздарын жинады. Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «Мектептегі білім беру технологиясы: өзекті мәселелердің заманауи жағдайы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы және VI Республикалық «EDU Stream JULDYZDARY» конкурсының марапаттау рәсімі өтті.

Көптен күткен сәт — VI Республикалық «EDU Stream JULDYZDARY» конкурсының жеңімпаздарын жариялау рәсімі ғылыми-практикалық конференциядан кейін өтті. Таңды ағартушылықпен қарсы алған ағылшын, француз, орыс тілдерінің және пәнді (химия, физика, IT) ағылшынша оқытатын ұстаздар, мектепке арналған заманауи технологияларды оқулық авторлары мен халықаралық эксперттердің тікелей қатысуымен тыңдап, болашақта білім ошағында қолдануға болатын озық тәжірибелермен танысты. Отандық ұстаздарға бала бойында Soft Skills, яғни қосымша білім, дағды сияқты жеке қасиетті мектеп қабырғасынан дамыту, оқыту мазмұнын тиімді жоспарлау, оқыту әдісін жаңарту және білімді STEAM технология арқылы — жаратылыстану ғылымын, технологияны, инженерлік өнерді, шығармашылықты, математиканы интеграциялау жолымен жеткізу және білім саласындағы басқа да көптеген жаңашылдық ұсынылды. Нәтижесінде — қазақстандық балалар мектеп бітіргенде зымыраған заманда сұранысы жоғары қасиеттерді қоржынына жинап шығады.

— Еліміздегі ауыл мен қала арасында өмір сүру сапасының алшақ екенін баршамыз жақсы білеміз. Бұл білім саласына да қатысты мәселе. Edu Stream компаниясының бірнеше жылдан бері тынбай жұмыс істеп келе жатқан стратегиялық бағыттарының бірі - осы ауылдарымыз бен қалалар арасындағы білім деңгейін теңестіру. Біз республика бойынша жыл сайын 2 мыңға жуық ағылшын тілі ұстаздары мен пәндерді ағылшынша оқытатын мұғалімдерді оқытамыз. Техникалық тұрғыда, методикалық жағынан алсақ та, алты жыл ішінде 12 мыңға жуық педагогтың біліктілігін арттыруға септігін тигізіппіз. Осы орайда біз мектептегі білім жөнінен эксперттер командасы ретінде мемлекеттік саясатты ұстана отырып, екінші мәселені - педагог статусын көтеруге, Оқу-ағарту министрлігі қабылдаған бағдарламаны жүзеге асыруға өз үлесімізді қосып жатырмыз, — дейді Халықаралық EDU Stream білім беру компаниясының бас директоры Наталья Мұхамеджанова.

Бүгінгі таңда отандық мектептің 75% ағылшын тілін EDU Stream методикалық лабораториясының Қазақстандағы Express Publishing баспасымен бірлесе әзірлеген оқу-әдістемелік кешен бойынша оқып жатыр. Педагогтардың былтырғы конференциясы бастауыш мектептегі инклюзивтік білім беру мәселелері мен болашағына арналғаны бекер емес. Неге десеңіз, бұл компания қолдау көрсететін үшінші маңызды бағыт. Гендерлік теңдікті де EDU Stream жоғарыда аталған миссиялармен етене дамытып келеді.

Конференция аяқталғаннан кейін VI Республикалық «EDU Stream JULDYZDARY» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты түрде құттықтау рәсімі өтті. Білім жұлдыздары — Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мектептен келген жеңімпаздар әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының сахнасын жарқыратты. Ұстаздар мен оқушылар арасында жылда ағылшын тілінде өтетін конкурстың мақсаты, педагогикада тың идеяны, таланттарды және шығармашылық тұрғыда жұмыс істейтін ұстаздарды анықтау, һәм педагогикалық шеберлікті шыңдау, сондай-ақ жоғарғы сынып оқушыларының тілдік құзыреттілігін және мәдениетаралық коммуникациясын дамыту.

Оқушы-полиглот, өзі тағы тележүргізуші және оқиға орнынан репортаж жүргізетін, кез келген дәуірге сапар шегетін тілші. Аралдан тікелей шынайы зерттеу жүргізу десеңіз, ол да бар — экология, деректер, теңіз, кеме. Әңгімені сөйлететін оқиғасы өрбіген анимация. Жедел-сабақ - 5 минутта белсенді түрде ағылшынша ауа райын меңгеру. Осының барлығы және басқа еліктірер креативті бейнероликтер конкурсқа қатысушыларға баға берген қазылар алқасын шабыттандырмай қойған жоқ.

Педагогтар жағынан да, оқушылар тарапынан да жылдан-жылға қатысушылар саны өсіп келеді дейді ұйымдастырушылар. Және биылғы жылдың маңызды көрсеткішінің бірі - ауыл, жалпы аймақ оқушыларының ағылшын тілі деңгейі мен креативі мегаполис балаларының деңгейімен теңескені былай тұрсын, тіпті сытылып алға шықты. Айталық, 10−11 сыныптан қатысқандар арасында Бас жүлдені Қызылорда облысы, Арал ауданының оқушысы қанжығасына байлады. Шынын айтқанда, 10−11 сынып санатында барлық жүлделі орын аймақтарға бұйырды. «EDU Stream JULDYZDARY» атанған жеңімпаздарды толық атасақ:

«Пән оқытатын ұстаздар» санаты

Бас жүлде — Батыршаев Мұратбек, Кентау қ., Түркістан облысы

I орын — Қабиболла Айдана Бакытжанқызы, Нұр-Сұлтан қ.

II орын — Бахтиярова Майя, Ақсу қ., Павлодар облысы

II орын — Мәдиева Тамара, Төле би ауданы, Түркістан облысы

III орын — Манахбаева Ғазиза, Төле би ауданы, Түркістан облысы

III орын — Шамгонова Дидар, Орал қ., БҚО

III орын — Күликеш Сандуғаш, Ақсай қ., БҚО

«Пән бойынша қатысқан оқушылар« санаты

Бас жүлде — Панагужиев Әлидар, Ақсай қ., БҚО

I орын — Сәкенова Дария, Ақсу қ., Павлодар облысы

II орын — Байкей Жанкелді, Т. Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы

II орын — Ахметбек Айым, Семей қ.

III орын — Бекжан Дания, Нұр-Сұлтан қ.

III орын — Қуанышқали Нұрай, Ақсай қ., БҚО

III орын — Болат Ақжан, Бесқарағай ауданы, ШҚО

«Ағылшын тілі ұстаздары» санаты (1−4 сынып)

Бас жүлде — Пинигина Анастасия, Петропавл қ.

I орын — Қамбарова ғазиза, Қызылорда қ.

II орын — Ким Ольга, Талдықорған қ.

II орын — Имашева Гүлнар, Қостанай қ.

III орын — Кильгянкина Евгения, Петропавл қ.

III орын — Жаңалық Назерке, Қызылорда қ.

III орын — Серікпаева Нұрлыжан, Риддер қ., ШҚО

Номинациялар:

Янкова Светлана, Петропавл қ.

Насимуллина Жаңыл, Бөкей ауданы, БҚО

Коноплева Кристина, Алтай қ., ШҚО

Құсмұханова Мадина, Алматы қ.

«5−9 сынып оқушылары« санаты

Бас жүлде — Мартынов Данил, Нұр-Сұлтан қ.

I орын — Марат Әлихан, Нұр-Сұлтан қ.

II орын — Ахметова Руфина, Жітіқара ауданы, Қостанай облысы

II орын — Клепикова Эвелина, Нұр-Сұлтан қ.

II орын — Ахмамбетов Жігер, Сырым ауданы, БҚО

III орын — Эрикова Камилла, Нұр-Сұлтан қ.

III орын — Ахметов Ахмеди, Шымкент қ.

III орын — Чигамбаев Абай, Алматы қ.

Номинациялар:

Таева Аяулым, Қарағанды облысы

Пак Александр, Шымкент қ.

Ташмағамбетова Жансая, Қостанай қ.

Жәкенова Мөлдір, Павлодар қ.

Өзбекәлиев Биарыстанәлі, Отырар ауданы, Түркістан облысы

Бахитжан Айзере, Шымкент қ.

«10−11 сынып оқушылары« санаты

Бас жүлде — Жаңабай Нұраян, Арал ауданы, Қызылорда облысы

I орын — Хищенко Даниил, Қостанай қ.

II орын — Овеян Ани, Ғ. Мүсірепов ауданы, СҚО

III орын — Төреғалиева Әсем, Хромтау қ., Ақтөбе облысы

III орын — Мәлік Нұрсұлтан, Нұр-Сұлтан қ.

III орын — Болтунов Сергей, Теміртау қ., Қарағанды облысы

Номинациялар:

Яфаров Богдан, Бәйтерек ауданы, БҚО

Кентбаева Амина, Нұр-Сұлтан қ.

Қайырбекова Нүргүл, Семей қ.

Орынбай Дінмұхамед, Қызылорда қ.

Қалматаева Нұрлы, Хромтау қ., Ақтөбе облысы

Рамазанова Диляра, Бөкей Ордасы ауданы, БҚО

Конкурстың міндеті: педагогтарды инновациялық жолдарды және оқушының функциялық сауаттылығы мен жеке қасиетін дамытуды көздейтін оқыту тәсілін іздеуге, оларды қолдануға шабыттандыру. Ағылшын тілі ұстаздарының конкурстағы тақырыбы — «Бастауыш мектептегі инклюзивтік білім беру проблемасы мен болашағы».

Оқушылар үшін де, педагогтар үшін де конкурс 3 кезеңмен жүрді. Байқауға 1500 өтініш түссе, соның 130 бастауыш сынып ұстазы, қалған 1370 жұмыс 5−11 сынып оқушыларынікі. Олардың ішінде былтырғы сайыстарда 2, 3 мәрте жеңімпаз атанғаны бар.

VI Республикалық «EDU Stream JULDYZDARY» конкурсында жылда аса белсенділік танытатын аймақтар: Алматы қ., Нұр-Сұлтан қ., СҚО, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Шымкент қ., Ақтөбе қ. және Павлодар облысы. Жеңімпаздар Edu Stream компаниясынан — жылда өтетін шара демеушісінен бағалы сыйлық пен сертификат иеленді. Ал педагогтар қоржынын халықаралық эксперттерден алған жаңа біліммен толықтырды.

Жүлдегерлерді құттықтаймыз!

0 3383

Пікірлер

Біздегі соңғы айдағы оқиғалар, қараңыз

Впервые в Казахстане международный конкурс по английскому языку «KGL Contest»!

Организатор — Международный орган по тестированию (ITA), Ирландия. Наше участие в этом …

Оқу
Боб Оби: Казахстанские дети знают больше языков, чем британские

К такому выводу пришел наш спикер, соавтор школьных учебников, Боб Оби. Он …

Оқу
Неміс тілі оқулығы отансүйгіштік пен мәдени мұраға деген құрметті қалыптастырады

Қазақстандық халықаралық EDU Stream компаниялар тобы «Просвещение» халықаралық баспамен бірлесе отырып, Қазақстан …

Оқу
ÖSD емтиханын Қазақстанда өткізу үшін лицензия алу

«Edustream Халықаралық компаниялар тобы» неміс тілінен ÖSD (Österreichisches Sprachdiplom Deutsch) халықаралық емтиханды …

Оқу
Метанавыки и геймификация: российско-казахстанские разработчики создали учебник немецкого языка для школьников

Учебно-методический комплекс по немецкому языку для третьеклассников Казахстана — это результат совместной …

Оқу
«Білім, мәдениет және отбасы құндылығы арқылы зорлық-зомбылық жоқ қоғам құру» Республикалық Форумын өткізу.

«EDU Stream» халықаралық компаниялар тобы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан …

Оқу
Қазақстанның мектеп оқушылары конкурста ағылшынмен қатар француз тілінен де жеңіске жетті

Отандық мектептердің мыңнан астам оқушысы мен ұстазы ағылшын және француз тілінен Республикалық …

Оқу

Мүмкін Сізге біздің мақалалар қызықты болар

Впервые в Казахстане международный конкурс по английскому языку «KGL Contest»!

Организатор — Международный орган по тестированию (ITA), Ирландия. Наше участие в этом …

Оқу
0
183
Боб Оби: Казахстанские дети знают больше языков, чем британские

К такому выводу пришел наш спикер, соавтор школьных учебников, Боб Оби. Он …

Оқу
0
107
Edustream выходит в мир!

Специалисты компании «Edustream» в качестве спикеров приняли участие в региональной школе на …

Оқу
0
1007
Профессор Боб Оби: Уровень английского в Казахстане на высоком уровне, а учителя — ищущие и желающие учиться

Завершилась серия мастер-классов автора многочисленных учебников по английскому языку, тренера Кембриджского университета, …

Оқу
0
1094
«Edu Stream» ерекше баласы бар аналарға көмектеседі

«Әйелдер әйелдерге» жобасы аясында компаниямыз — «Edu Stream» орталығының директоры Наталья Мұхамеджанова …

Оқу
0
946
Английский и настольные игры.

Выучить, вызубрить — старая школа. Мы в Edustream за современный подход. Дети …

Оқу
0
1322
Английский против альцгеймера

Как отсрочить слабоумие с помощью английского языка? Эффективен ли способ борьбы с …

Оқу
0
1277
;