Неміс тілі оқулығы отансүйгіштік пен мәдени мұраға деген құрметті қалыптастырады

23 октября 2024
0 346

Неміс тілі оқулығы отансүйгіштік пен мәдени мұраға деген құрметті қалыптастырады

23 октября 2024

Қазақстандық халықаралық EDU Stream компаниялар тобы «Просвещение» халықаралық баспамен бірлесе отырып, Қазақстан мектептерінің 3-сыныпқа арналған неміс тілінен оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) әзірледі. Түрлі-түсті иллюстрациялар, харизмалық және тартымды басты кейіпкерлер балалардың назарын аударып, шет тілін үйренуге ынтасын арттыруға көмектеседі.

EDU Stream компаниясы Қазақстанның ұлттық-мәдени ерекшеліктері мен болмысы оқулықты әзірлеуде маңызды орын алатынын атап өтеді, ол логикалық және қызықты түрде пәннің коммуникативті ортасына енгізілген. Бұл балалардың бойында отансүйгіштікке, өз еліне, мәдени мұраларына құрметпен қарауға ықпал ететіні сөзсіз.

Мамандар оқулыққа орта білім беру саласында пікірі маңызды қазақстандық ұстаздар тарапынан да оң баға берілгенін айтады. Оқу жылы қызу жүріп жатыр, осыған байланысты EDU Stream серіктесі - «Просвещение» баспасының" АҚ вице-президенті Виктория Копыловамен сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Виктория Викторовна, осы тәжірибе туралы айтып беріңізші. Оқулықтың мазмұны мен ерекшелігі неде?

Неміс тілі 3-сынып оқулығының негізгі мазмұндық ерекшелігі оның сюжеттік желісі болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының бекітілген бағдарламасына сәйкес неміс тілін оқытудағы алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге тікелей байланысты.

Оқулық 9−10 жас аралығындағы балаларға арналған. Бұл жаста олар әлі де ойнауды және өздерін біреу ретінде елестетуді ұнатады, бірақ сонымен бірге оқу іс-әрекеті жетекші әрекетке айналады. Сюжеттің көмегімен оқушылар сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерін меңгереді. Құрылымдық жағынан оқулық оқыту мазмұнын сабақ бойынша жоспарлауды ұстанғанымен, әр сабақта сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерін: сөйлеу, жазу, тыңдау және оқуды дамытуға әрқашан мүмкіндік бар. Сонымен қатар, тыңдау мен оқу сөйлеу әрекетінің жетекші түрлері болып табылады, оларға ерекше көңіл бөлінеді.

Кез келген шет тілін үйренудің басында фонетикалық дағдыларды және онымен байланысты оқу дағдыларын дамыту маңызды. Біздің оқулығымызда ол ең алдымен функционалдық принцип негізінде қалыптасқан. Яғни, оқушылар жаңа әріптер мен дыбыстармен дәл осы тақырып аясында жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйрену қажет болған сәтте кездеседі. Бұл қағида бүкіл оқулықта сақталған.

Қарқынды дамып келе жатқан технологиялар мен жаңартылған білімдерді ескере отырып, педагогтардың кәсіби іс-әрекетіне метадағды мен геймификация сияқты құралдар енгізілуде. Бұл оқыту әдістемелің кешен (ОӘК) қандай заманауи немесе стандартты емес тәсілдерді ескереді?

Оқу іс-әрекеті бірте-бірте бірінші орынға шығып келе жатқанына қарамастан бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін негізгі іс-әрекеттерінің бірі ойын екенін атап өткім келеді. Сондықтан оқулық түгелдей тілдік және сюжеттік-рөлдік ойындармен қаныққан. Әрбір дерлік жаттығу рөлдік сипатқа ие. Жұмыс дәптеріндегі көптеген тапсырмалар балалардың ана тілін үйрену кезінде немесе мектепке дайындалу кезінде кездесетін тапсырмаларға ұқсас. Бұл пішім суретті бояу немесе біріктіру амалдарын қажет ететін көптеген иллюстрациялар мен тапсырмаларды қамтиды. Мұның бәрі оларды қызықты тілдік және мәдени атмосфераға кіргізеді.

Тағы бір маңызды ерекшелігі, әрине, мета-пәннің, немесе әмбебап құзыреттердің дамуы, атап айтқанда: шығармашылық, сыни ойлау, топтық жұмыс болып табылады.

Оқулықта топтық немесе жұптық жұмысты қамтитын тапсырмалар, сонымен қатар лингвистикалық, коммуникативті және қолданбалы шығармашылықты дамытатын тапсырмалар енгізілген.

3-сыныпта бала 9−10 жаста. Осы жастағы балалардың шет тілін меңгеру қабілеті қандай және әзірленген оқулықта бұл сұраныс ескеріле ме?

Бастауыш мектептегі балалар кез келген жаңа құзыреттіліктерді игеруге ерекше сезімтал болып келеді, ал шет тілін үйренудегі сөйлеу құзыреттілігі де сондай. Балалар жаңалыққа және олар өздерін әдеттен тыс және шынайы емес жағдайларда елестетуге дайын. Мысалы, олар шетелдіктерді ойнап, Германияда жүргендей елестетуі мүмкін. Қиялдың күші негізгі коммуникациялық дағдыларды тез меңгеруге және оларды бірте-бірте дамытуға көмектеседі.

Ұстаздарға еркін сөйлеу мүмкіндігі мен түрлі көріністерді сахналау мүмкіндігін назардан тыс қалдырмауға кеңес берер едім. Сөздің абсолютті грамматикалық дұрыстығына немесе лексикалық дәлдігіне көп көңіл бөлудің қажеті жоқ. Ең бастысы, балалардың өздерін тілдің ішінде, тілдік атмосфераның ішінде сезінуі, дүниені суреттеудің жаңа тәсілін меңгеріп жатқанын түсіну қажет.

Мектептерге арналған оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу күрделі процесс және ол бірнеше кезеңнен тұрады. Оқулықтың сараптамасы туралы толығырақ айтып берсеңіз?

Оқулықтың сараптама барысы орынды және жақсы ұйымдастырылды. Оқулықты жұмыс жасап жүрген мұғалімдер бағалағауы өте жақсы. Оларда оқулық үзінділерін өз сыныптарында балалармен бірге сынап көріп, авторлар мен баспа қызметкерлері туралы ақылға салынған және конструктивті қорытынды шығару мүмкіндігі бар. Бұл оқулықтың сапасын арттыруға негіз болады.

Оқулық оқу процесінің үлгісі болып табылатыны анық және оны ең алдымен, шет тілін үйренудегі ғылыми, сенімді және негізделген тәсілдерді ескере отырып құрастыратын мұғалім. Дегенмен, оқулықтың кейбір фрагменттерін тікелей сыныпта тексеру әрқашан мүмкін бола бермейді, сондықтан сараптама оқулықты жоғары деңгейге және жоғары сапаға жеткізудің тамаша мүмкіндігі болып табылады.

Қазақстанға арналған оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу кезінде мамандар жергілікті ерекшеліктер мен мәдениетті ескерсе керек. Жұмыс барысында осыған байланысты қандай да бір қиындықтарға тап болдыңыз ба? Және оларды қалай шештіңіз?

Қазақстан Республикасы — бай мәдени мұраға ие мемлекет. Оқу-әдістемелік кешенін жазуда біраз қиындықтарға тап болдық, бірақ EDU Stream компаниясының сауатты кері байланысының арқасында халық мәдениетінің, тарихының, әдет-ғұрпының ерекшеліктерін тез түсіне алдық.

Біз стереотиптерден аулақ болуға және мәдени ерекшеліктер мен дәстүрлерге, сондай-ақ Қазақстанның мәдени мұрасы болып табылатын танымал тұлғаларға барынша қамқорлық пен құрметпен қарауға тырыстық. Оқулықта көрсетілген мәдени аспектілер қазіргі заманда қазақ халқының болмысының сақталуына ықпал етеді. Осы нәзік тұстарды жас ұрпаққа дұрыс жеткізе алдық деп сенеміз.

Ресейде мектептерге арналған оқулықтар шығарудың өз стандарттары бар. Қазақстан мен Ресейдің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу стандарттары қаншалықты ерекшеленеді?

Ресей мен Қазақстандағы оқулықтарды жасау стандарты ұқсас. Бұл біздің білім беру жүйелеріміздің тамыры ортақ болғандықтан деп ойлаймын. Бұл стандарттар халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. EDU Stream компаниясының кәсіби командасы әр кезеңде яғни идеядан дайын өнімге дейін жоғары деңгейде қолдау көрсетті. Тұрақты және түсінікті қарым-қатынас туындаған мәселелерді оңай шешуге көмектесті және біздің оқу материалдарының сапасын айтарлықтай жақсартты. Жаңа бірлескен жобаларымызды асыға күтеміз.

Рақмет сізге!

Баспа үйіңізге сәттілік

0 346

Пікірлер

Мүмкін Сізге біздің мақалалар қызықты болар

Впервые в Казахстане международный конкурс по английскому языку «KGL Contest»!

Организатор — Международный орган по тестированию (ITA), Ирландия. Наше участие в этом …

Оқу
0
163
Боб Оби: Казахстанские дети знают больше языков, чем британские

К такому выводу пришел наш спикер, соавтор школьных учебников, Боб Оби. Он …

Оқу
0
100
Edustream выходит в мир!

Специалисты компании «Edustream» в качестве спикеров приняли участие в региональной школе на …

Оқу
0
999
Профессор Боб Оби: Уровень английского в Казахстане на высоком уровне, а учителя — ищущие и желающие учиться

Завершилась серия мастер-классов автора многочисленных учебников по английскому языку, тренера Кембриджского университета, …

Оқу
0
1091
«Edu Stream» ерекше баласы бар аналарға көмектеседі

«Әйелдер әйелдерге» жобасы аясында компаниямыз — «Edu Stream» орталығының директоры Наталья Мұхамеджанова …

Оқу
0
945
Английский и настольные игры.

Выучить, вызубрить — старая школа. Мы в Edustream за современный подход. Дети …

Оқу
0
1313
Английский против альцгеймера

Как отсрочить слабоумие с помощью английского языка? Эффективен ли способ борьбы с …

Оқу
0
1272
;