Қазақстандық жұмыс тобы Австрияның отбасында және қоғамда зорлыққа қарсы амалдарын зерттеп білуде

27 марта 2024
0 1042

Қазақстандық жұмыс тобы Австрияның отбасында және қоғамда зорлыққа қарсы амалдарын зерттеп білуде

27 марта 2024

Еуропа жүрегіне - Венаға «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» атты қоғамдық маңызы зор жобаның жұмыс тобы келді. Қазақстандық делегацияның мақсаты отбасы мен қоғамдағы зорлықтың тамырын жоюға қатысты австриялық тәжірибені зерттеу және өзімізге керегін алу. Әйелдер мәселесімен жеке айналысатын министрлігі бар еуропалық елдің бізбен бөлісері жетерлік.

«Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» жобасын ұсынған Алматы әкімі жанындағы Әйел ісі және отбасы-демографиялық саясатының комиссиясы мүшесі Наталья Мұхамеджанова бастаған жұмыс тобы бірден 9-ауданның мэрі, Австрия Парламентінің спикері әйел мен балаға қатысты зорлық-зомбылық тақырыбына ат салысып жүрген Сая Ахмат ханыммен жүздесті. Қазақстандық делегацияның австриялық тараппен кездесу деңгейі айтарлықтай жоғары.

— Біз дөңгелек стөл өткізіп, елдегі зорлық-зомбылық мәселесін талқыладық, бізге осы тақырыпты жан-жақты сараптап, отбасындағы және қоғамдағы зорлықты Австрия және басқа дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып түбегейлі жою үшін қандай шара қолдануымыз керегін түсіну маңызды. Шараға Австрия Парламентінің мүшелері, ЕҚЫҰ секретариатының Венадағы өкілдері және Австриядағы университеттердің профессорларымен қатысты, біздің делегация өз тарапынан оларды Мемлекетіміздің басшысы халыққа жолдауында айтқан Қазақстандағы реформалар мен Әлемдік және дәстүрлі көшбасшы діндердің VII құрылтайында атап өткен басты ойлары жайлы хабардар етті. Бәрінен де биыл басталып кеткен балалар қауіпсіздігі мен оларды қорғауға, әлеуметтік әлсіз және мұқтаж азаматтарды қолдауға, ұстаздарға, дәрігерлерге, құтқарушыларға, әскерилерге, құқық қорғау орган қызметкерлеріне және басқа кәсіп иелеріне көмек көрсетуге қатысты реформаларға баса назар аудардық, — деп атап өтті «EDU Stream» халықаралық компаниялар тобының бас директоры Наталья Мұхамеджанова.

Сосын отандық делегация еуропалық қоғамдағы зорлыққа қарсы шаралар қабылдаумен белсенді түрде айналысатын жергілікті Әйелдер қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Жұмыс тобы сапар нәтижесінде Алматы әкімі жанындағы Әйел ісі және отбасы-демографиялық саясатының комиссиясы мен австриялық Karitas ҮЕҰ арасында, Алматы әкімі жанындағы Әйел ісі және отбасы-демографиялық саясатының комиссиясы мен Австрияның «Orient Express» әйелдер қауымдастығы арасында серіктестік туралы келісім жасауды жоспарлап отыр.

Әлемдік ауқымды қамтитын шараның жұмыс тобына еліміздегі ең белсенді қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» жобасын жүзеге асыру үшін арнайы құрылған жұмыс тобы зорлыққа ешбір шыдамау керек түсінігі мектепте қалыптасатынына, сәйкесінше ұстаз, тәлімгер, тренер — балаға құқықтық құндылықты сіңіретін басты тұлғалар екеніне сенімді. Және бала құқықтық құндылықты сіңіретін маңызды оқу кезеңінде тиісті ортаны ұйымдастыру жауапты іс екенін де ұғынуымыз қажет. Осы және Австрия сапарынан кейінгі басқа да тұжырымды жұмыс тобы ҚР МЖБС енгізуді ұсынуды көздейді.

Қоғамдағы түрлі сипаттағы: экономикалық, әлеуметтік, тұрмыстық (соның ішінде физикалық пен психологиялық) зорлық-зомбылықты қоғамдық күш пен бастаманы мемлекеттік органдармен жұмылдыру арқылы ғана жоюға болады дейді жұмыс тобындағылар. Аталған бастама мәселені шешу жолын жіті сараптап, сұраққа жауап іздегенде барынша қоғамды тарту мақсатын көздейді, неге десеңіз бұл сұрақта еліміздің әр азаматының пікірі маңызды, өйткені проблеманың себебі отбасында жатқанын түсінуге, қабылдауға ұмтылып, әркім өзімен жұмыс істесе, күнделікті өмірдегі әрекетін өзгертсе жақсы.

Алты айға шақталған «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» бастамасы аясында — 2024 жылдың қаңтары мен маусымына дейін қоғамның барлық бөлігін қамтитын бірнеше шара өтті және тағысы жоспарда бар. Осылайша жобаның алғашқы кезеңінде 14 пен 18 жас аралығында «Балалар зорлық-зомбылыққа қарсы» республикалық сурет конкурсы өткізіліп, 500 астам адам қатысты. Бүгінде жеңімпаздар анықталып, марапатталған. Ұйымдастырушылар озып шыққан туындыларды Венада сапар барысында көрмеде паш етті, ал отандастарға балалар еңбегі Алматыда өтетін көрмеде ұсынылады.

Оған етене шаралар эстафетасын әлеуметтік желіде #мензорлыққақарсымын хэштегімен флешмоб жалғастырады. Танымал блогерлер, инфлюенсерлер мен қоғамдық пікірді қалыптастырушыларды ғана емес, Қазақстанның барша халқын осы бастаманы қолдауға шақыратын шара, осылайша айналамызды өзгертуді көздейді. Жобаға соңғы нүктені ағымдағы жылдың маусымына жоспарланған Астанада өтетін форум қоймақшы. Ол кезде ұйымдастырушылар бес айлық жұмыс нәтижесін және аталған зомбылық мәселесін ауыздықтаудың нақты амалын жариялайды.

«Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» жобасын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйел ісі және отбасы-демографиялық саясатының ұлттық комиссиясы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Ғылым және жоғарғы оқу министрлігі, ЮНЕСКО клубының қазақстандық федерациясы мен жергілікті атқарушы органдар қолдады.

0 1042

Пікірлер

Біздегі соңғы айдағы оқиғалар, қараңыз

Впервые в Казахстане международный конкурс по английскому языку «KGL Contest»!

Организатор — Международный орган по тестированию (ITA), Ирландия. Наше участие в этом …

Оқу
Боб Оби: Казахстанские дети знают больше языков, чем британские

К такому выводу пришел наш спикер, соавтор школьных учебников, Боб Оби. Он …

Оқу
Неміс тілі оқулығы отансүйгіштік пен мәдени мұраға деген құрметті қалыптастырады

Қазақстандық халықаралық EDU Stream компаниялар тобы «Просвещение» халықаралық баспамен бірлесе отырып, Қазақстан …

Оқу
ÖSD емтиханын Қазақстанда өткізу үшін лицензия алу

«Edustream Халықаралық компаниялар тобы» неміс тілінен ÖSD (Österreichisches Sprachdiplom Deutsch) халықаралық емтиханды …

Оқу
Метанавыки и геймификация: российско-казахстанские разработчики создали учебник немецкого языка для школьников

Учебно-методический комплекс по немецкому языку для третьеклассников Казахстана — это результат совместной …

Оқу
«Білім, мәдениет және отбасы құндылығы арқылы зорлық-зомбылық жоқ қоғам құру» Республикалық Форумын өткізу.

«EDU Stream» халықаралық компаниялар тобы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан …

Оқу
Қазақстанның мектеп оқушылары конкурста ағылшынмен қатар француз тілінен де жеңіске жетті

Отандық мектептердің мыңнан астам оқушысы мен ұстазы ағылшын және француз тілінен Республикалық …

Оқу

Мүмкін Сізге біздің мақалалар қызықты болар

Впервые в Казахстане международный конкурс по английскому языку «KGL Contest»!

Организатор — Международный орган по тестированию (ITA), Ирландия. Наше участие в этом …

Оқу
0
163
Боб Оби: Казахстанские дети знают больше языков, чем британские

К такому выводу пришел наш спикер, соавтор школьных учебников, Боб Оби. Он …

Оқу
0
100
Edustream выходит в мир!

Специалисты компании «Edustream» в качестве спикеров приняли участие в региональной школе на …

Оқу
0
999
Профессор Боб Оби: Уровень английского в Казахстане на высоком уровне, а учителя — ищущие и желающие учиться

Завершилась серия мастер-классов автора многочисленных учебников по английскому языку, тренера Кембриджского университета, …

Оқу
0
1091
«Edu Stream» ерекше баласы бар аналарға көмектеседі

«Әйелдер әйелдерге» жобасы аясында компаниямыз — «Edu Stream» орталығының директоры Наталья Мұхамеджанова …

Оқу
0
945
Английский и настольные игры.

Выучить, вызубрить — старая школа. Мы в Edustream за современный подход. Дети …

Оқу
0
1313
Английский против альцгеймера

Как отсрочить слабоумие с помощью английского языка? Эффективен ли способ борьбы с …

Оқу
0
1272
;