38 ерекше баланың анасы кәсіп ашуды тегін үйренеді

30 января 2024
0 1589

38 ерекше баланың анасы кәсіп ашуды тегін үйренеді

30 января 2024

«Әйелдер әйелдерге» әлеуметтік жобасы республикалық деңгейге шықты. Енді жоба бастау алған Алматы қаласына Астана, Өскемен, Қостанай мен Шымкент қосылды.

38 ерекше баланың анасы жеке кәсіп ашуды бес ай бойы теория мен тәжірибе жүзінде үйренеді. Оларға бұл мақсатқа жетуге ұйымдастырушылар: ҚР Іскер әйелдер қауымдастығы, «EDU Stream» халықаралық тіл академиясы, «MamaPro» қоғамдық қоры, «ICF-Kazakhstan» қоғамдық бірлестігі, ЕҚДБ мен ҚР Кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы көмектеседі.

Әлеуметтік жоба Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйел ісі және отбасы-демографиялық саясатының ұлттық комиссиясының және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асады.

«Әйелдер әйелдерге» жобасының мақсаты — ерекше баласы бар аналарға кәсіпкерлікті оқыту арқылы өмір сапасын көтеруге көмектесу. Ұйымдастырушылар, әртүрлі саладағы қоғамдық күш пен мемлекеттік органдарды жұмылдыра отырып, аналарға шабыт беру жолымен көздеген мақсатқа жоғары нәтижемен жетуге болады деп есептейді.

— Ерекше баласы бар әйелдер, қоғамдағы ең әлсіз топтың бірі, сондықтан олардың қаржы жағынан тәуелсіз болғаны, өздерін жұмыспен қамтығаны өте маңызды. Әлеуметтік жобамыз дәл осы себеппен үміткерлерді тек оқытып, сол алған білімімен жібере салмай, олармен жеке кәсібін ашқанға дейін бірге жүруді көздейді. Неге десеңіз, өткен жылы — жоба алғашында Алматыда басталғанда — кейбір үміткерлер жалғыз қалса, бизнес-жоспарын психологиялық тұрғыда жүзеге асыру қиын боларын жасырмады, — деп бөлісті ҚР Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Наталья Мұхамеджанова.

Бір жыл бұрын Алматыда бастау алған «Әйелдер әйелдерге» әлеуметтік жобасында 22 ерекше баланың анасы оқыды. Тегін курс соңында әйелдер қолдан зергерлік бұйым жасау, тыныш ұйқыға арналған эко-көрпе және басқа бағытта өз кәсібін ашты. Табысты жоба енді елді аралап, тағы Астана, Өскемен, Қостанай мен Шымкенттің ерекше баласы бар аналарын қамтиды.

Ұйымдастырушылар, үміткерлерге түрлі мемлекеттік бағдарламаға қатысып, стартап және бизнес ашуға арналған гранттарды ұтып алуға көмектесетін мемлекеттік органдардың қолдауы маңызды екенін атап өтті.

Бастамашылар жауапкершілігі тегін бизнес курстың кезеңінде нақты айқындалған. «Әйелдер әйелдерге» жобасына қатысушыларды іріктеу, кәсіпкерлік қызметтің негізін оқыту және психологиялық қолдау «MamaPro» қоғамдық қорына жүктелген. Үш ай бойы менторлық қызмет көрсетуші - Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығы, ЕҚДБ мен Кәсіпкерлердің «Атамекен» ұлттық палатасы. Заң жағынан кеңес, кәсіп иелерінен шеберлік сағатты ерекше баласы бар аналарға Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы және басқалар қамтамасыз етеді. Жобаға қатысушыларға коучинг қызметін — үш pro-bono sessions-ті «ICF-Kazakhstan» қоғамдық бірлестігінің коучтары жүргізеді. Және соңғы сатыда мемлекеттік органдар пісіп жетіліп қалған болашақ кәсіп иелеріне бизнес ашуды қолдайтын әлеуметтік мемлекеттік бағдарламарға қатысу мүмкіндігі жайлы кеңес береді.

Ұйымдастырушылар ерекше баласы бар аналарға арналған тегін курс қортындысын 2024 жылғы маусымда жариялауды жоспарлап отыр.

;