«ЛИНГВОМАСТЕР» — КОНКУРС ДЛЯ УЧИТЕЛЕЙ ЯЗЫКОВЫХ ДИСЦИПЛИН ГОРОДА АЛМАТЫ!
«ЛИНГВОМАСТЕР» — КОНКУРС ДЛЯ УЧИТЕЛЕЙ ЯЗЫКОВЫХ ДИСЦИПЛИН ГОРОДА АЛМАТЫ!
«Учитель – сердце системы образования. Именно от педагога зависит качество знаний и будущее нашей страны» Касым-Жомарт Токаев, Президент Республики Казахстан.
Профессиональный и творческий конкурс для педагогов-филологов направлен на повышение статуса учителя и престижа педагогической профессии, поддержку талантливых и инициативных педагогов, поиск новых форм и методов подачи учебного лингвистического материала, а также создание условий для раскрытия творческого потенциала современного учителя.
Организаторами городского конкурса являются международное издательство «Express Publishing» и Международная группа компаний «EDU Stream» совместно с Управлением образования г. Алматы и Городским Научно-Методическим Центром Новых Технологий в Образовании.
Конкурс проводится с целью повышения престижа профессии педагога, популяризации передового педагогического опыта и создания условий для профессионального и творческого самовыражения учителей.
Старт конкурса — 30 августа 2026 года.
Окончание приёма заявок – 20 сентября 2026 года
С положением можно ознакомиться в разделе «Положение конкурса» или воспользоваться кнопкой ниже:
Регистрация на конкурс доступна по кнопке:
«Ұстаз – білім беру жүйесінің жүрегі. Білім сапасы мен еліміздің болашағы дәл осы педагогке байланысты» Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті.
Филолог-педагогтарге арналған кәсіби және шығармашылық байқау мұғалім мәртебесі мен педагогикалық кәсіптің беделін арттыруға, талантты және белсенді педагогтерді қолдауға, оқу лингвистикалық материалын беру жаттардың жаңа нысандары мен әдістерін іздестіруге, сондай-ақ қазіргі заманғы мұғалімнің шығармашылық әлеуетін ашу үшін жағдай жасауға бағытталған.
Байқау педагогтерге өздерінің кәсіби, лингвокоммуникативтік және тұлғалық қасиеттерін көрсетуге, шығармашылығын, оқытуға инновациялық көзқарасын және заманауи оқушылармен ортақ тіл табысу қабілетін, олармен «бір толқында» болып қала отырып, көрсетуге мүмкіндік береді.
Байқаудың логотипі: «Don’t worry, be a Teacher».
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Қалалық байқаудың ұйымдастырушылары — «Express Publishing» халықаралық баспасы мен «EDU Stream» халықаралық компаниялар тобы, олар Алматы қаласының Білім басқармасымен және Қалалық Білім берудегі Жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесіп жұмыс істейді.
Байқау педагог кәсібінің беделін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені насихаттау және мұғалімдердің кәсіби әрі шығармашылық тұрғыда өзін-өзі көрсетуі үшін жағдай жасау мақсатында өткізіледі.
1.2. Байқаудың мақсатты аудиториясы – оқыту тілі орыс тілі болып табылатын мектептерде қазақ тілін, оқыту тілі қазақ тілі емес мектептерде орыс тілін, сондай-ақ ағылшын, неміс, француз және ұйғыр тілдерін оқытатын педагог қызметкерлер.
2. МАҚСАТ ПЕН МІНДЕТТЕР
2.1 Байқаудың мақсаты – филолог-педагогтің қоғамдық мәртебесін арттыру, тілдік пәндерді оқыту үдерісіне жоғары кәсібилік пен инновациялық көзқарас танытатын заманауи, шығармашыл және белсенді мұғалімдерді анықтау және қолдау.
2.2 Байқаудың міндеттері:
2.2.1 филолог-мұғалім кәсібін насихаттау және оның қоғамдық маңыздылығын арттыру;
2.2.2 заманауи педагог тұлғасының жаңа қырларын ашу: харизмасын, ашықтығын, шығармашылығын және көшбасшылық қасиеттерін;
2.2.3 педагогтерді оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін іздестіруге және енгізуге, лингвокоммуникативтік дағдылар мен шығармашылық тәсілдерді дамытуға ынталандыру;
2.2.4 заманауи талаптарға сай келетін жаңашыл педагогтерді анықтау және қолдау;
2.2.5 үздік педагогикалық тәжірибелерді және білім беру ұйымдарының озық жұмыс тәжірибесін тарату;
2.2.6 адами құндылықтарды, өзара түсіністік пен құрметті көрсететін оқиғалар арқылы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара әрекеттестікті нығайту;
2.2.7 идеялармен, тәжірибемен және табысты білім беру бастамаларымен алмасуға арналған кәсіби алаң құру.
3. БАЙҚАУДЫҢ МАЗМҰНЫ
Байқауға қатысу үшін мәлімделген тілдердің бірінде – қазақ/ орыс/ ағылшын/ неміс/ француз/ ұйғыр тілінде – ұзақтығы 3 минуттан аспайтын авторлық бейнеролик дайындап, ұсыну қажет. Бейненің форматы кез келген болуы мүмкін (сұхбат, влог, селфи-видео, мини-әңгіме және т.б.).
Бейнероликте қатысушылар өздерінің кәсіби қызметі, шығармашылық идеялары, мектеп өміріндегі қызықты сәттер, шабыт және қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлі туралы айта алады.
Мыналар құпталады:
- шығармашылық көзқарас;
- идеяның өзгешелігі;
- әзіл-қалжың сезімі;
- шынайылық және оң көзқарас.
Бейнероликтердің ұсынылатын тақырыптары:
- «Болашақ мұғалімі»;
- «Мен неге өз кәсібімді жақсы көремін»;
- «Мұғалім өмірінен бір күн»;
- «Менің оқушыларым – менің шабытым»;
- «Заманауи мұғалім: үйренемін және дамимын»;
- «Мұғалім әлемді өзгертеді».
4. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМДЕРІ
- Байқаудың басталуы – 30 тамыз 2026 жыл
- Өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы – 20 қыркүйек 2026 жыл;
- Қазылар алқасының жұмысы және интернет-дауыс беру – 21 қыркүйек 2026 жыл;
- Нәтижелерді жариялау – 30 қыркүйек 2026 жыл.
5. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
Байқауға қатысу үшін қажет:
- 2026 жылғы 20 қыркүйекке дейін сілтеме арқылы тіркеуден өту керек, бұл ретте байқауға тіркелу кезінде Алматы қаласын таңдау өте маңызды:
https://forms.gle/So8BbXht8qg7qZQJ6
- Келесі талаптарға сай авторлық бейнеролик дайындау:
- бейнероликтің ұзақтығы – 3 минуттан аспауы тиіс;
- бейнероликтің тілі – қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз немесе ұйғыр;
- бейне көлденең форматта түсірілуі тиіс;
- Байқау жұмысын өзінің жеке Instagram аккаунтында орналастыру.
Бейнероликті жариялау кезінде:
- парақшаны ашу (аккаунт байқау өткізілетін кезеңде жалпыға қолжетімді болуы тиіс);
- ұйымдастырушылардың ресми аккаунттарына жазылу: @expresspublishing.kz, @adistemelik_ortalyq_almaty және @edustream.kz;
- жарияланымда @adistemelik_ortalyq_almaty, @expresspublishing.kz және @edustream.kz аккаунттарын белгілеу;
- байқаудың ресми хэштегін қосу: #linguamaster.
Роликтің басында немесе соңында мыналарды көрсету қажет:
- қатысушының тегі мен аты;
- жұмыс орны;
- аймақ;
- байқау жұмысының тақырыбы.
6. БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ
Байқау екі кезеңде өткізіледі
I кезең – Іріктеу
Қатысушылар байқау талаптарының барлығын сақтай отырып, байқау бейнероликтерін өздерінің жеке Instagram аккаунтында орналастырады:
- қатысушының аккаунты байқау өткізілетін кезеңде ашық болуы тиіс;
- жарияланымда ұйымдастырушылардың ресми парақшаларын белгілеу қажет: @expresspublishing.kz, @adistemelik_ortalyq_almaty және @edustream.kz;
- байқаудың ресми хэштегін міндетті түрде пайдалану: #linguamaster.
Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін байқау жұмыстарын құрамына «EDU Stream» халықаралық компаниялар тобының, «Express Publishing» халықаралық баспасының, білім басқармаларының әдістемелік орталықтары мен білім беру ұйымдарының өкілдері кіретін кәсіби қазылар алқасы қарайды.
Сараптамалық бағалау қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік 7 бейнероликті іріктеп алады, олар байқаудың финалистеріне айналады.
II кезең – Қорытынды
Финалистердің бейнероликтері ұйымдастырушылардың @adistemelik_ortalyq_almaty, @expresspublishing.kz немесе @edustream.kz ресми парақшаларында жарияланады.
Байқау жеңімпаздары ашық дауыс беру қорытындысы бойынша ұйымдастырушылардың әлеуметтік желілерінде анықталады. Қатысушыларды қолдау үшін дауыс беруге достар, әріптестер, ата-аналар, оқушылар және барлық мүдделі әлеуметтік желі пайдаланушылары тартылуы мүмкін.
Ашық интернет-дауыс беру нәтижесі бойынша ең көп дауыс жинаған қатысушылар байқау жеңімпазы атанады.
7. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
Ұйымдастырушылар байқау материалдарын ақпараттық, білім беру және жарнамалық мақсаттарда қатысушылардың авторлығын міндетті түрде көрсете отырып пайдалану құқығын өзінде қалдырады.
Жабық аккаунттарда орналастырылған, міндетті хэштегі, ұйымдастырушылардың белгісі немесе байқаудың ресми парақшаларына жазылуы жоқ жұмыстар байқауға қатысуға жіберілмейді.
Ұйымдастыру комитеті мен байқау қазылар алқасының шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қаралмайды. Финалистерді іріктеу нәтижелері, дауыс беру қорытындылары және жеңімпаздарды анықтау бойынша апелляциялар қабылданбайды және қаралмайды.
Байқау ұйымдастырушылары өздерінде мынадай айрықша құқықты қалдырады:
- белгіленген бағалау өлшемшарттарына сәйкес байқау финалистерін іріктеуді жүзеге асыруға;
- байқауды өткізу және қорытындылау тәртібін айқындауға;
- байқау барысында туындайтын даулы және реттелмеген мәселелер бойынша түпкілікті шешім қабылдауға;
- қажет болған жағдайда осы Ережеге қатысушыларды міндетті түрде хабардар ете отырып өзгерістер енгізуге.
Ұйымдастырушылардың телефон нөмірлері:
- Эльмира Абитова — +7 705 298 13 46