Австрияда тіл үйрену туры:1 — 2 апта тілдік ортаға бойлап ену мүмкіндігі
Шет тілдерін игеруді жетілдіріп,
шыңдаудың бірегей де тиімді жолы
Мен, Мариям Махсубова, Н. Новгород қаласынанмын. Студентпін (тіс дәрігері). 2019 жылдың тамызында ойламаған жерден екі аптаға Австрияға барып, медициналық ағылшын тілін оқып келдім. Жайлы да әсем қала Венаның орталығында өткен осынау екі апта мен үшін қызығы мол, ерекше кезең болды. Ағылшын тілін оқумен қатар мен зор ықыласпен қаламен де танысып, зерттей алдым.
Мектеп Rennweg 9/6 мекенжайында орналасқан. Оған апарар жол Бельведер сарай кешені арқылы өтеді. Жұмыс күндері мен 14:00-ден 17:00-ге дейін сабақ оқыдым. Сабақ кең де жарық бөлмелерде өтеді. Оқытушы тек ағылшын тілінде сөйлейді, бұл тыңдай білу қабілетіңізді ашып, шыңдай түседі. Сабақтар әңгімелесуге негіздеп құрылған. Біз бір-бірімізбен сөйлесіп, сұрақ қойып, медицина тақырыбындағы мәтіндерді талдадық. Сабақ барысында өзімізді емін-еркін, жайбарақат сезіндік: ереже жаттап, қиналған жоқпыз, мейлінше жаңа нәрселерді үйренуге ден қойдық, мысалы, оқыған кітабыңды не мәдени дәстүрлерді талдау деген сияқты. Біздің дұрыс сөйлеуімізге ерекше мән берілді. Сабақ соңында сөздерден сөз тіркестерін құрау сынды ойындар ұйымдастырылды. Маған әсіресе осы жағы қатты ұнады. Әрине, бізге үй тапсырмасы да берілді, мен үшін бұл қиындық туғызған жоқ. Егер үй тапсырмасы бойынша бізде сұрақ туындап жатса, келесі күні сабақ үстінде бірлесіп талқылай алдық.
Мен немісше білмеймін, бірақ австриялықтар ағылшынша жақсы біледі. Сондықтан қала ішінде жұртпен мен ағылшынша сөйлесіп, тілдесе алдым. Бұған дейін менде мұндай тәжірибе болған жоқ: басында сенімсіздеу болғаным рас, содан ептеп ыңғайсыз жағдайлар да туындап жатты. Бірақ екінші аптаның соңында мен шетелдіктермен еркін араласып, өзімді сенімді сезіндім.
- Оқытушылар сіз үйреніп жүрген тілде ғана сөйлейді, бұл тыңдап, қабылдау дағдысын шынықтырады
- Сабақтар тікелей әңгімелесіп, сөйлесуге құрылған: бұл тілдік кедергілерді жоюға көмектеседі
- Емін-еркін ортада өтетін сабақтар барысында жаңа ақпаратты есте сақтап, игеру мүмкіндігі зор
- Мектептен тыс кезде де студенттер тілдік ортаға бойлап еніп, өз мүмкіндіктерін шыңдай түседі
Корпоративтік тіл үйрену турлары
қызметкерлерге де, компанияға да өсіп, дамуға мүмкіндік береді
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР
- Компания үшін маңызды екендігін сезінеді
- Кәсіби тұрғыда өсіп, жетіліп, біліктілігін шыңдайды
- Бүкіл команданың тұтастығын сезінеді
- Қуаттанып жұмыс істеуге жаңа мотивация алады
- Ұжым ішіндегі қарым-қатынас жақсара түседі
КОМПАНИЯ
- Ұйымдасқан, жаңа мотивацияға негізделген команда түзейді
- Ауқымдалып, шетелдік жаңа нарықтарға шығады
- Өз имиджін жақсартып, халықаралық мәртебеге ие болады
- Шет елдердегі бизнес үрдіс тәжірибесін қолданып, дами түседі