Қазақстандық жұмыс тобы Австрияның отбасында және қоғамда зорлыққа қарсы амалдарын зерттеп білуде

27 марта 2024
0 1570

Қазақстандық жұмыс тобы Австрияның отбасында және қоғамда зорлыққа қарсы амалдарын зерттеп білуде

27 марта 2024

Еуропа жүрегіне Венаға «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» атты қоғамдық маңызы зор жобаның жұмыс тобы келді. Қазақстандық делегацияның мақсаты отбасы мен қоғамдағы зорлықтың тамырын жоюға қатысты австриялық тәжірибені зерттеу және өзімізге керегін алу. Әйелдер мәселесімен жеке айналысатын министрлігі бар еуропалық елдің бізбен бөлісері жетерлік.

«Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» жобасын ұсынған Алматы әкімі жанындағы Әйел ісі және отбасы-демографиялық саясатының комиссиясы мүшесі Наталья Мұхамеджанова бастаған жұмыс тобы бірден 9-ауданның мэрі, Австрия Парламентінің спикері әйел мен балаға қатысты зорлық-зомбылық тақырыбына ат салысып жүрген Сая Ахмат ханыммен жүздесті. Қазақстандық делегацияның австриялық тараппен кездесу деңгейі айтарлықтай жоғары.

— Біз дөңгелек стөл өткізіп, елдегі зорлық-зомбылық мәселесін талқыладық, бізге осы тақырыпты жан-жақты сараптап, отбасындағы және қоғамдағы зорлықты Австрия және басқа дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып түбегейлі жою үшін қандай шара қолдануымыз керегін түсіну маңызды. Шараға Австрия Парламентінің мүшелері, ЕҚЫҰ секретариатының Венадағы өкілдері және Австриядағы университеттердің профессорларымен қатысты, біздің делегация өз тарапынан оларды Мемлекетіміздің басшысы халыққа жолдауында айтқан Қазақстандағы реформалар мен Әлемдік және дәстүрлі көшбасшы діндердің VII құрылтайында атап өткен басты ойлары жайлы хабардар етті. Бәрінен де биыл басталып кеткен балалар қауіпсіздігі мен оларды қорғауға, әлеуметтік әлсіз және мұқтаж азаматтарды қолдауға, ұстаздарға, дәрігерлерге, құтқарушыларға, әскерилерге, құқық қорғау орган қызметкерлеріне және басқа кәсіп иелеріне көмек көрсетуге қатысты реформаларға баса назар аудардық, — деп атап өтті «EDU Stream» халықаралық компаниялар тобының бас директоры Наталья Мұхамеджанова.

Сосын отандық делегация еуропалық қоғамдағы зорлыққа қарсы шаралар қабылдаумен белсенді түрде айналысатын жергілікті Әйелдер қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Жұмыс тобы сапар нәтижесінде Алматы әкімі жанындағы Әйел ісі және отбасы-демографиялық саясатының комиссиясы мен австриялық Karitas ҮЕҰ арасында, Алматы әкімі жанындағы Әйел ісі және отбасы-демографиялық саясатының комиссиясы мен Австрияның «Orient Express» әйелдер қауымдастығы арасында серіктестік туралы келісім жасауды жоспарлап отыр.

Әлемдік ауқымды қамтитын шараның жұмыс тобына еліміздегі ең белсенді қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» жобасын жүзеге асыру үшін арнайы құрылған жұмыс тобы зорлыққа ешбір шыдамау керек түсінігі мектепте қалыптасатынына, сәйкесінше ұстаз, тәлімгер, тренер – балаға құқықтық құндылықты сіңіретін басты тұлғалар екеніне сенімді. Және бала құқықтық құндылықты сіңіретін маңызды оқу кезеңінде тиісті ортаны ұйымдастыру жауапты іс екенін де ұғынуымыз қажет. Осы және Австрия сапарынан кейінгі басқа да тұжырымды жұмыс тобы ҚР МЖБС енгізуді ұсынуды көздейді.

Қоғамдағы түрлі сипаттағы: экономикалық, әлеуметтік, тұрмыстық (соның ішінде физикалық пен психологиялық) зорлық-зомбылықты қоғамдық күш пен бастаманы мемлекеттік органдармен жұмылдыру арқылы ғана жоюға болады дейді жұмыс тобындағылар. Аталған бастама мәселені шешу жолын жіті сараптап, сұраққа жауап іздегенде барынша қоғамды тарту мақсатын көздейді, неге десеңіз бұл сұрақта еліміздің әр азаматының пікірі маңызды, өйткені проблеманың себебі отбасында жатқанын түсінуге, қабылдауға ұмтылып, әркім өзімен жұмыс істесе, күнделікті өмірдегі әрекетін өзгертсе жақсы.

Алты айға шақталған «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» бастамасы аясында – 2024 жылдың қаңтары мен маусымына дейін қоғамның барлық бөлігін қамтитын бірнеше шара өтті және тағысы жоспарда бар. Осылайша жобаның алғашқы кезеңінде 14 пен 18 жас аралығында «Балалар зорлық-зомбылыққа қарсы» республикалық сурет конкурсы өткізіліп, 500 астам адам қатысты. Бүгінде жеңімпаздар анықталып, марапатталған. Ұйымдастырушылар озып шыққан туындыларды Венада сапар барысында көрмеде паш етті, ал отандастарға балалар еңбегі Алматыда өтетін көрмеде ұсынылады.

Оған етене шаралар эстафетасын әлеуметтік желіде #мензорлыққақарсымын хэштегімен флешмоб жалғастырады. Танымал блогерлер, инфлюенсерлер мен қоғамдық пікірді қалыптастырушыларды ғана емес, Қазақстанның барша халқын осы бастаманы қолдауға шақыратын шара, осылайша айналамызды өзгертуді көздейді. Жобаға соңғы нүктені ағымдағы жылдың маусымына жоспарланған Астанада өтетін форум қоймақшы. Ол кезде ұйымдастырушылар бес айлық жұмыс нәтижесін және аталған зомбылық мәселесін ауыздықтаудың нақты амалын жариялайды.

«Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» жобасын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйел ісі және отбасы-демографиялық саясатының ұлттық комиссиясы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Ғылым және жоғарғы оқу министрлігі, ЮНЕСКО клубының қазақстандық федерациясы мен жергілікті атқарушы органдар қолдады.

 

0 1570

Біздегі соңғы айдағы оқиғалар, қараңыз

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Интернационализация …

Оқу
Проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Языковое оценивание в педагогической практике (Assessment Literacy)»

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Языковое …

Оқу
Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов всех уровней образования

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов всех …

Оқу
Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Управление …

Оқу
Международный конкурс KGL (Kangaroo Global Linguistics) Contest” среди учащихся средних школ и гимназий

KGL Contest – это международное соревнование, которое ежегодно собирает участников со всего …

Оқу
Edustream Juldyzdary-2026

Конкурс базируется на основных положениях выступления президента Токаева Касым-Жомарт Кемелевича на Республиканском …

Оқу
WonderFest-2025

Проведение республиканского конкурса театральных видео инсценировок на английском языке «WonderFest-2025» среди учащихся …

Оқу

Мүмкін Сізге біздің мақалалар қызықты болар

Международный конкурс KGL (Kangaroo Global Linguistics) Contest” среди учащихся средних школ и гимназий

KGL Contest – это международное соревнование, которое ежегодно собирает участников со всего …

Оқу
0
12021
Edustream Juldyzdary-2026

Конкурс базируется на основных положениях выступления президента Токаева Касым-Жомарт Кемелевича на Республиканском …

Оқу
0
4450
WonderFest-2025

Проведение республиканского конкурса театральных видео инсценировок на английском языке «WonderFest-2025» среди учащихся …

Оқу
0
3808
Орта мектептер мен гимназиялардың қазақстандық мұғалімдері арасында «Don’t worry, be a teacher» атты өзін-өзі таныстыру байқауын өткізу туралы ереже

Байқаудың мақсаты – педагог мәртебесін қолдау және мамандықтың беделін арттыру; ақпаратты ұсынудың …

Оқу
0
12585
Қазақстан оқушылары Халықаралық KGL Contest олимпиадасының III кезеңіне өтті

Отандық мектеп оқушылары KGL Contest (Kangaroo Global Linguistics) халықаралық олимпиадасының II кезеңінде …

Оқу
0
1276
Ағылшын тілінен KGL Contest халықаралық олимпиадасында Қазақстан оқушылары жоғары көрсеткішке жетті

Еліміздің он екі аймағынан 2691 оқушы ағылшын тілінен бақ сынап, KGL Contest …

Оқу
0
3986
Впервые в Казахстане международный конкурс по английскому языку «KGL Contest»!

Организатор – Международный орган по тестированию (ITA), Ирландия. Наше участие в этом …

Оқу
0
4269
;