Беделді ЖОО оқимын десең - алдын ала дайындал
Беделді ЖОО оқимын десең - алдын ала дайындал
Алматыда «Білім және мансап» атты дәстүрлі халықаралық көрме ашылды. Биыл ол жиырмасыншы рет өткізілуде. Оған 14 орталық, қазақстандық және шетелдік компаниялар мен ЖОО қатысуда. Олардың ішінде бізге бұрыннан таныс елдермен қатар жаңалары да бар, мысалы, Болгария, Сербия, Оман. Араб елі экспозициясы маңында бүгін адам өте көп: оған менеджерлердің ұлттық киімі себеп болса керек.
Алматыда халықаралық көрме ашылды
Үш күнге созылатын көрмеде ҰБТ тапсыру, медицина колледжі ұсынған медициналық шұғыл көмек курстары, Польша, Өзбекстан және Литва ЖОО презентациялары ескерілген.
— Биыл отандық ЖОО қызығушылық танытқандар көп, — дейді көрме менеджері Венера Маликова. — Бүкіл ел ішінен делегациялар келген, осылайша олар еліміздің алдыңғы қатарлы білім ордаларымен танысуда. Интернет жақсы ғой, әрине, бірақ ЖОО таңдағанда абитуриенттер оқу орнының өкілімен бетпе-бет кездескісі келеді.
— Аудитория мейлінше мүдделі топтардың өкілдері дер едім, — дейді «Edu Stream» білім орталығының халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Гүлназ Орынбекқызы., — Қуантатыны сол — бұрынғыдай сыйлық алуға келетін зейнеткерлер жоқ, биыл тек шын көңілмен ЖОО таңдауға келген оқушыларды ғана байқадық.
Біздің «Edu Stream» компаниямыз шетелде білім алудың әртүрлі жолын ұсынады, мысалы, Канада, АҚШ, Ұлыбритания сынды бағыттарда білім алу қымбатқа түседі, ал Чехияда, Австрияда, Венгрияда, Литвада. біршама арзан: жылына 1000 евродан бастап (тұратын орнын есептемегенде).Биыл біршама арзан елдерге деген қызығушылық басым, өйткені оларда халықаралайық деңгейде сапалы білім беріледі әрі ақысы да қымбат емес. Менің ұлым да, мысалы, қазір Варшава университетінде оқып жатыр: өзіне ұнайды, өте риза. Мен, сондай-ақ жоғары оқу орындарының жүздеген жылдық тарихы бар Австрияны, ұсынар едім. Шетелде білім алу мәселелері бойынша төмендегі телефондарға хабарласуға болады.