Edu stream «қайырымдылық керуені» конкурсының қатысушысы

02 декабря 2020
0 12596

Edu stream «қайырымдылық керуені» конкурсының қатысушысы

02 декабря 2020

Аталған конкурс республикамыздың Тұңғыш Президентінің қорымен және Қазақстанның іскер әйелдерінің қауымдастығымен ұйымдастырылған. Елімізде қайырымдылық пен азаматтық бастамалар белсенділігін қолдауға бағытталған шара 2020 жылдың 15 желтоқсанына дейін жүреді.

Edu Stream халықаралық оқу орталығы – «Қайырымдылық керуені» конкурсына қатысушылардың бірі. Бұған, конкурс талабына компанияның бірнеше жобасының сай келетіні арқау. Қайырымдылық бағытында Edu Stream компаниясының жарқын жобаларының бірі ретінде «Open Mind» атап өтуге болады. Аталған жоба аясында Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 1 700 мектеп оқушысы 4 ай бойы тегін ағылшын тілі курсынан өтті. Ал өткен жылы «Open Mind» жеңімпаздары Англия мен Грекияға барып қайтты.
Қайырымдылықпен қатар азаматтық бастамаларды қолдайтын Edu Stream оқу орталығы Республикалық «Жануарлар – менің достарым» атты балалардың сурет конкурсында Бас демеуші болды. Жас талант жеңімпаздар әлемді дүрліктірген пандемия аяқталғанда сонау Австриға сапар шегеді. Болашақ ұрпаққа қоршаған ортаға, жануарларға мейірімділікпен қарауды, қамқорлық танытуды насихаттаған байқау бүгінде «Менің жасыл планетам» атты конкурспен жалғасын тапты.
Қазақстан мектептерінде ағылшын тілі пәнінің базалық кітабын британдық әріптестерімен әзірлеген Edu Stream оқу орталығының білім саласында тағы қандай үлгі боларлық жобалары бар?

Орталық жайлы толығырақ бас директор Наталья Мұхамеджанова Алматы телеарнасына айтып берді.

Достар, Edu Stream оқу орталығына «Қайырымдылық керуені» конкурсында сәттілік тілеп қойыңыздар ☺

0 12596

Мүмкін Сізге біздің мақалалар қызықты болар

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Интернационализация …

Оқу
0
611
Проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Языковое оценивание в педагогической практике (Assessment Literacy)»

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Языковое …

Оқу
0
308
Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов всех уровней образования

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов всех …

Оқу
0
468
Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов: «Управление …

Оқу
0
447
Международный конкурс KGL (Kangaroo Global Linguistics) Contest” среди учащихся средних школ и гимназий

KGL Contest – это международное соревнование, которое ежегодно собирает участников со всего …

Оқу
0
18333
Қазақстан оқушылары Халықаралық KGL Contest олимпиадасының III кезеңіне өтті

Отандық мектеп оқушылары KGL Contest (Kangaroo Global Linguistics) халықаралық олимпиадасының II кезеңінде …

Оқу
0
1521
Интенсивная программа по немецкому языку (B2–C1) с фокусом на экзамен ÖSD

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов среднего, …

Оқу
0
1264

Біздегі соңғы айдағы оқиғалар, қараңыз

;