Edu stream «қайырымдылық керуені» конкурсының қатысушысы

02 декабря 2020
0 12076

Edu stream «қайырымдылық керуені» конкурсының қатысушысы

02 декабря 2020

Аталған конкурс республикамыздың Тұңғыш Президентінің қорымен және Қазақстанның іскер әйелдерінің қауымдастығымен ұйымдастырылған. Елімізде қайырымдылық пен азаматтық бастамалар белсенділігін қолдауға бағытталған шара 2020 жылдың 15 желтоқсанына дейін жүреді.

Edu Stream халықаралық оқу орталығы — «Қайырымдылық керуені» конкурсына қатысушылардың бірі. Бұған, конкурс талабына компанияның бірнеше жобасының сай келетіні арқау. Қайырымдылық бағытында Edu Stream компаниясының жарқын жобаларының бірі ретінде «Open Mind» атап өтуге болады. Аталған жоба аясында Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 1 700 мектеп оқушысы 4 ай бойы тегін ағылшын тілі курсынан өтті. Ал өткен жылы «Open Mind» жеңімпаздары Англия мен Грекияға барып қайтты.
Қайырымдылықпен қатар азаматтық бастамаларды қолдайтын Edu Stream оқу орталығы Республикалық «Жануарлар — менің достарым» атты балалардың сурет конкурсында Бас демеуші болды. Жас талант жеңімпаздар әлемді дүрліктірген пандемия аяқталғанда сонау Австриға сапар шегеді. Болашақ ұрпаққа қоршаған ортаға, жануарларға мейірімділікпен қарауды, қамқорлық танытуды насихаттаған байқау бүгінде «Менің жасыл планетам» атты конкурспен жалғасын тапты.
Қазақстан мектептерінде ағылшын тілі пәнінің базалық кітабын британдық әріптестерімен әзірлеген Edu Stream оқу орталығының білім саласында тағы қандай үлгі боларлық жобалары бар?

Орталық жайлы толығырақ бас директор Наталья Мұхамеджанова Алматы телеарнасына айтып берді.

Достар, Edu Stream оқу орталығына «Қайырымдылық керуені» конкурсында сәттілік тілеп қойыңыздар ☺

0 12076

Пікірлер

Мүмкін Сізге біздің мақалалар қызықты болар

Қазақстан оқушылары Халықаралық KGL Contest олимпиадасының III кезеңіне өтті

Отандық мектеп оқушылары KGL Contest (Kangaroo Global Linguistics) халықаралық олимпиадасының II кезеңінде …

Оқу
0
86
Интенсивная программа по немецкому языку (B2-C1) с фокусом на экзамен ÖSD

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов среднего, …

Оқу
0
734
Современные методы и подходы в обучении немецкому языку

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов общеобразовательных …

Оқу
0
733
Современные вызовы и профессиональный рост учителей французского языка

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации педагогов всех …

Оқу
0
698
Современные подходы к языковой и методической подготовке учителей английского языка

Для публичного обсуждения представлен проект ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ курса повышения квалификации директоров общеобразовательных …

Оқу
0
697
Ағылшын тілінен KGL Contest халықаралық олимпиадасында Қазақстан оқушылары жоғары көрсеткішке жетті

Еліміздің он екі аймағынан 2691 оқушы ағылшын тілінен бақ сынап, KGL Contest …

Оқу
0
2729
Впервые в Казахстане международный конкурс по английскому языку «KGL Contest»!

Организатор — Международный орган по тестированию (ITA), Ирландия. Наше участие в этом …

Оқу
0
2997
;