Қазақстанның мектеп оқушылары конкурста ағылшынмен қатар француз тілінен де жеңіске жетті

02 июля 2024
0 1412

Қазақстанның мектеп оқушылары конкурста ағылшынмен қатар француз тілінен де жеңіске жетті

02 июля 2024

Отандық мектептердің мыңнан астам оқушысы мен ұстазы ағылшын және француз тілінен Республикалық «EDU Stream Zhuldyzdary-2024» конкурсына қатысты. Шараны сегіз жылдан бері ұйымдастырып келе жатқан Халықаралық EDU Stream тіл академиясы, орта білімдегі шет тілін оқу кезіндегі бірнеше мақсатқа: ағылшын тілі ұстаздарын ынталандыруға және оқушыларға XXI ғасырда қажет машық - 4K — коммуникация, коллаборация, креатив пен сыни ойлау қабілетін қалыптастыруға қол жеткізеді.

Республикалық «EDU Stream Zhuldyzdary» конкурсына жыл сайын мыңнан астам өтінім түседі. Биыл да сонша үміткер ішінен мыңға жуығы іріктеуден өткен. Білім мен шығармашылық тоғысқан сайыстың жұлдыздары дәстүрге сай бірнеше категорияға: бастауыш сыныптың ағылшын тілі ұстаздары және ағылшын тілі 5−9 сынып оқушылары мен ағылшын тілі 10−11 сынып оқушылары болып бөлінеді. Ағымдағы жылы санат қатарын «француз тілі 5−8 сынып оқушылары» толықтырып, байқауға жаңа рең берді. Қазылар алқасы мен ұйымдастырушыларды таң қалдырған ортаңғы сынып оқушылары, грация тілінде еркін әрі оңай сөйлейтіндерін паш етті. Аталған санатта Бас жүлдені Алматы қ. № 25 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы Далила Қарашашева иеленді.

— «Әннің арқасында мен француз тілін тоғыз жасымда ұнаттым. Бұл шет тілінің қалай дыбысталатыны, айтылу мәнерінің әсемдігі мені қатты еліктіреді, сондықтан мектепте француз тілін қуана таңдадым. Бейнеролигімде өзіміздің ұлттық дәстүріміз туралы баяндап бердім. Маған ұстазым және француз тілін үйреніп жүрген сіңлім қолдау көрсетті. Бейнероликте біз екеуіміз шағын диалог құрдық. Сюжеттің барлық идеясын өзім ойластырдым», — дейді туындысы жайлы айтып берген жас жұлдыз Далила Қарашашева.

EDU Stream тіл академиясы Халықаралық Express Publishing баспасының Қазақстандағы эксклюзивті өкілі болып табылады. Баспаның еліміздегі мектеп ұстаздары мен оқушылары арасында осы конкурсты жыл сайын өткізіп тұру ұсынысын Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім жөніндегі комитеті қолдаған. «EDU Stream Zhuldyzdary» байқауының мақсаты — заманауи білім жүйесіндегі ұстаздар мен жоғарғы және ортаңғы буын оқушыларының міндетті сауаттылығын қалыптастыру.

— «Республикалық „EDU Stream Zhuldyzdary“ конкурсын сегіз жыл бойы өз күшімізбен ұйымдастыра отырып біз шараның отандық мектептер үшін қаншалықты маңызды әрі тиімді екенін көріп отырмыз. Байқаудың алғашқы жылында өтінім көбінде Алматы мен Астанадан келсе, одан кейінгі жылдары аймақтағы мұғалімдер мен оқушылар да ағылшынын жақсартып, бүгінде белсенділер тізімінде, мысалы Қызылорда, Қостанай және Солтүстік-Қазақстан облыстарын атап өтуге болады. Біз жәй ғана EDU Stream халықаралық тіл академиясы емеспіз, біз өз әдіскерлер лабораториясы бар әлемдік сарапшылармен ағылшын, француз және орыс тілдерінен оқу-әдістемелік кешен әзірлейтін эксперттерміз. Бүгінде коммуникативтік қабілет адамның болашағына және өмір сапасына ықпал етеді, ал біздің конкурстың берері де осы», — деп атап өтті Халықаралық EDU Stream тіл академиясының бас директоры Наталья Мұхамеджанова.

EDU Stream жұлдыздарына арналған байқаудың екінші маңызды мақсаты — ұстаздардың инновациялық педагогикалық тәжірибесін анықтау мен көрсету және оқушылардың жеке тұлға ретінде өсуі мен өзін-өзі паш етуіне жағдай жасау арқылы тілдік құзыреті мен шығармашылық әлеуетін дамыту. Нәтиже көрсеткендей: бастауыш сыныптағы ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері категориясына қатысқандар шығармашылық ұстанымы мен ойын арқылы білім беруді жеткізумен қатар, падагог өмірінің қыр-сырын аша түсті.

— «"EDU Stream Juldyzdary-2024″ конкурсына қатысу мен үшін он жылдық педагогикалық қызметімнің бір қорытындысы іспеттес енді алдағы уақытта қай бағытта жұмыс істейтініме ойландырды. Одан бөлек, камера алдында сөйлеуге деген қорқынышымды жеңуге көмектесті және бұрын-соңды байқамаған бойымдағы жаңа қасиеттерімді көрсетіп берді», — деп мойындады Астана қаласы бойынша бастауыш сыныптағы ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері арасында 1 орын иеленген № 60 мектеп-лицейінің ұстазы Таксимова Айнұр.

«EDU Stream Juldyzdary» конкурсының шарты қарапайым және барлығы ашық түрде жүреді. Үміткерлер бірінші кезеңде on-line competition өтеді, бұл байқау беделіне салмақ береді. Қатысушылар жазған эссесімен қатар басқа да тақырыпта қазылар алқасымен диалог құру арқылы шет тілінде ауызша сөйлеу деңгейін паш етуі тиіс. Екінші кезеңде конкурстан үміткер Presentation Skills бағаланатын бейнеролик жібереді. EDU Stream жұлдыздары мақсатқа жетіп қана қоймай, мектеп пен аймақ шеңберінен асып, материалдарының мазмұнын тамаша ойластырған.

— «Бейнеролигіме әлеуметтік желінің адам өміріне әсері жайлы тақырыпты таңдадым. Әлеуметтік желі мен құмар ойынға тәуелділік біреуге заман ағымы болып көрінер, әйтсе де оның зиян жағын жеткізіп, өз ақпаратым арқылы қоғамға пайдамды тигізгім келді. Маған жетекшім және оператор көмектесті. Бейнематериалды әзірлеуге асқан жауапкершілікпен қарадым, тіпті кейбір көріністі бірнеше рет түсіруге мәжбүр болдық. Бас жүлде алғанымды білгенде, қатты қуандым» — еңбегіміз жоғары бағаланғанына қуандым, — дейді ағылшын тілі 10−11 сынып оқушылары санатындағы жеңімпаз Қызылорда қ. № 271 мектебінің 11 сынып оқушысы Қазтай Арайлым.

Сала үздігі ретінде әлеуметтік жауапкершілігін жоғары қоятын EDU Stream компаниялар тобы еліміздегі көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккен отандастарымызды қолдау мақсатында үлкен салтанатты мерекелерден бас тарту жөнінде бастаманы қолдап, Республикалық «EDU Stream Juldyzdary-2024» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін онлайн өткізді. Ұйымдастырушы үнемделген қаржы есебінен байқаудың категориясын көбейтіп, Астана мен Қызылорда облысын бөлек атап өтті. Барлық жеңімпазға Халықаралық EDU Stream тіл академиясынан бағалы сыйлық пен диплом табысталды.

0 1412

Пікірлер

Біздегі соңғы айдағы оқиғалар, қараңыз

Впервые в Казахстане международный конкурс по английскому языку «KGL Contest»!

Организатор — Международный орган по тестированию (ITA), Ирландия. Наше участие в этом …

Оқу
Боб Оби: Казахстанские дети знают больше языков, чем британские

К такому выводу пришел наш спикер, соавтор школьных учебников, Боб Оби. Он …

Оқу
Неміс тілі оқулығы отансүйгіштік пен мәдени мұраға деген құрметті қалыптастырады

Қазақстандық халықаралық EDU Stream компаниялар тобы «Просвещение» халықаралық баспамен бірлесе отырып, Қазақстан …

Оқу
ÖSD емтиханын Қазақстанда өткізу үшін лицензия алу

«Edustream Халықаралық компаниялар тобы» неміс тілінен ÖSD (Österreichisches Sprachdiplom Deutsch) халықаралық емтиханды …

Оқу
Метанавыки и геймификация: российско-казахстанские разработчики создали учебник немецкого языка для школьников

Учебно-методический комплекс по немецкому языку для третьеклассников Казахстана — это результат совместной …

Оқу
«Білім, мәдениет және отбасы құндылығы арқылы зорлық-зомбылық жоқ қоғам құру» Республикалық Форумын өткізу.

«EDU Stream» халықаралық компаниялар тобы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан …

Оқу
Қазақстанның мектеп оқушылары конкурста ағылшынмен қатар француз тілінен де жеңіске жетті

Отандық мектептердің мыңнан астам оқушысы мен ұстазы ағылшын және француз тілінен Республикалық …

Оқу

Мүмкін Сізге біздің мақалалар қызықты болар

Впервые в Казахстане международный конкурс по английскому языку «KGL Contest»!

Организатор — Международный орган по тестированию (ITA), Ирландия. Наше участие в этом …

Оқу
0
157
Боб Оби: Казахстанские дети знают больше языков, чем британские

К такому выводу пришел наш спикер, соавтор школьных учебников, Боб Оби. Он …

Оқу
0
97
Edustream выходит в мир!

Специалисты компании «Edustream» в качестве спикеров приняли участие в региональной школе на …

Оқу
0
997
Профессор Боб Оби: Уровень английского в Казахстане на высоком уровне, а учителя — ищущие и желающие учиться

Завершилась серия мастер-классов автора многочисленных учебников по английскому языку, тренера Кембриджского университета, …

Оқу
0
1089
«Edu Stream» ерекше баласы бар аналарға көмектеседі

«Әйелдер әйелдерге» жобасы аясында компаниямыз — «Edu Stream» орталығының директоры Наталья Мұхамеджанова …

Оқу
0
942
Английский и настольные игры.

Выучить, вызубрить — старая школа. Мы в Edustream за современный подход. Дети …

Оқу
0
1308
Английский против альцгеймера

Как отсрочить слабоумие с помощью английского языка? Эффективен ли способ борьбы с …

Оқу
0
1270
;