Жалпы мұндай конкурс 2016 жылдан бері ұйымдастырлып келеді. Әрі Edu stream содан бері еліміздің түкпір-түкпірінен 12 мыңға жуық педогогтың біліктілігін арттыруға септігін тигізген. Биыл да бұл дәстүрден жаңылмаған орталық 400-ге жуық мұғалімді шетелдік мамандардың сабағына жинаған.
Манат Еркінқызы, EDU Stream орталығының әдістемелік бөлімінің басшысы:
Шетелден жаңағы эксперттерді шақырдық. Шетелдік кітаптардың авторларын шақырттық. Яғни бұл кітапты жазған автор мұғалімдерге өздері қалай жұмыс істеу керек, қалай заманауи технологияларды қолдану керек, қандай инновациялық әдістерді қолдану керек. Қалай соны балаларға жеткізу керек деген тұрғыда көмек көрсетеді.